137-бап. Жалақыдан ұстап қалу 1. Қызметкердің жалақысынан ұстап қалу сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
2. Қызметкердің өзі жұмыс істейтін ұйымға берешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалу қызметкердің жазбаша келісімі бар болған кезде жұмыс берушінің актісі негізінде жүргізілуі мүмкін.
3. Ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мөлшері қызметкерге тиесілі жалақының елу процентінен аспауға тиіс.
138-бап. Қызметкердің қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақыны беру Қызметкердің қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.
10-1-тарау. Ұлттық біліктілік жүйесі
Ескерту. Кодекс 10-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.