Пән аталуы «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Жалпы бөлім»
Пәннің коды
KRAK 2210
Кредиттер саны - 3
Курс
2
Семестр
3
Мамандық
аталуы: “Құқық”
Мамандық шифры B049
Заң пәндері кафедрасы
Оқыту нысаны күндізгі
Оқыту тілі – қазақ
Студенттермен кеңес жүргізу уақыты – оқытушының студенттермен келісімі бойынша
Өткізу уақыты, орны: ЕАГИ, Жұмабаев даңғ. 4
Оқытушы туралы ақпарат: доцент, з.ғ.к.
Альмухамбетов Ж.Н.
(телефон, e-mail)
87772285735
zhantoly@inbox.ru
Кафедраның әдістемелік секциясында талқыланды
протокол № 10
Дата
25.06.2020 ж.
Институттың ғылыми- әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланды
протокол № 122
Дата
26.06.2020 ж.
Кафедра меңгерушісі
з.ғ.к., профессор
Абишев Х.А.
Қолы
Пәннің сипаттамасы
Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы екі бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше. Бұл бөлу дәстүрлі болып табылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің құрылымынан шығады.
«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Жалпы бөлімі) негізгі оқу пәндерінің бірі, негіз қалаушы құқық салаларының маңыздысы болып келеді. Оның маңызды ролі нарықтық экономиканың дамуымен және ақшалай-тауарлы қатынастардың жетілуімен шартталады. Азаматтық құқықтардың жүзеге асырылуы мен қорғалуын құқықтық реттеу олардың орындалуының кепілі болып табылады. Азаматтық заңнаманың мақсаты – бұл қатынастарды егжей-тегжейлі реттеу, олардың субъектілеріне өз құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруға мүмкіндік беру.
Бұнымен қатар мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерді реттейтін нормалардың жүйесі жетілдірілуін талап етеді. Бұл себептен азаматтық-құқықтық заңнаманы сауатты және мақсатқа сай қолдануға тәуелді жағдайлар пайда болып тұрады. Сондықтан, азаматтық-құқықтық заңнаманы білу тек маңызды ғана емес, сондай-ақ қажетті іс.