1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Жұмыс берушінің даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі құқықтары мен міндеттері



бет107/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   255
Байланысты:
Ескерту

140-бап. Жұмыс берушінің даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі құқықтары мен міндеттері
1. Ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың қажеттігін және оның көлемін жұмыс беруші айқындайды.
2. Жұмыс беруші қызметкерлерді немесе өзімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге адамдарды (бұдан әрі - оқитын адамдар) кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды:
1) тікелей ұйымда;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында;
3) кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда жүргізеді.
3. Жұмыс беруші кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілігін арттырудан өтетін қызметкерлерге осы Кодексте, келісімдерде, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген жұмысты оқумен қатар алып жүру үшін жағдайлар жасауға міндетті.
4. Жұмыс беруші техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына кадрларды даярлауда, қайта даярлауда және олардың біліктілігін арттыруда жәрдемдеседі.
Ескерту. 140-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет