1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігі



бет252/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   255
Байланысты:
Ескерту

339-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігі
1. Қызметкерлерінің саны елуден асатын өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші ұйымның тікелей бірінші басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға бағынатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады.
2. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ережені еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді.
3. Қызметкерлерінің саны елуге жетпейтін жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндетті басқа маманға жүктейді.
4. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-тармағында көрсетілген маман:
1) өндірістік, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергісіз кіруге және қарауға;
2) қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларының әзірленуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шара қолдану туралы орындалуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы.
5. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-тармағында көрсетілген маман:
1) ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептерін талдауды жүргізуге және олардың алдын-алу іс-шараларын әзірлеуге;
2) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша ұйымның қызметкерлерін оқытуды, олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;
3) ұйымдарда өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 339-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет