балалардың оқуға даярлығын анықтау, мұғаліммен бірлесіп бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды мектепке бейімдеудің жеке-дара бағдарламасын құрастыру;
оқушылардың даралық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімдермен және ата-аналармен бірігіп, дамытпалы бағдарламаларды даярлау және жүзеге асыру;
оқушылардың өміріндегі өтпелі кезеңдерді қадағалау;
үлгермеуші және тәртіпсіз оқушылармен диагностикалық түзету жұмыстарын жүргізу;
оқуға және тәрбиеге кедергі келтіретін оқушылардың интеллектілі және тұлғалық ерекшеліктерін диагностикалау және түзету;
оқушылардың мұғаліммен, құрдастарымен, ата-аналарымен тұлғааралық қатынастарындағы бұзылыстарды анықтау және жою;
балаларды оқыту және тәрбиелеудің, олардың психикалық қызметтерінің дамуының психологиялық мәселелері жөнінде мектептің әкімшілігіне, мұғалімдерге, ата-аналарға кеңес беру;
оқу, даму, өмірде өз-өзін анықтау, өз-өзін тәрбиелеу, ересектермен және құрдастарымен өзара қатынастары жөнінде оқушыларға жеке-дара және топтық кеңес беру;
оқушылардың қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау және оларды дамыту жөнінде оқушылармен тұрақты жұмыс жасаудың қорытындысы ретінде кәсіби бағдарлау.
Осылайша, практикалық психологтардың кәсіби міндеттері оның іштей мамандануымен және нақты ұйымның іс-әрекеттеріне қатысуымен міндеттелген психологиялық проблемалардың табиғаты мен бастапқы бағдарынан туындайды.