1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы – адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбектң ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психология, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.
Педагогикалық психология – адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, даңдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстазшәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады.
Медициналық психология – дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: нейропсихологиядан, психофармакологиядан, патопсихологиядан, клиникалық психологиядан, психопрофилактика және гигиенадан.
Заң психологиясы – құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады.
Әскери психология – әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерін зерттейді.
Спорт психолгиясы – спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарымқатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құралжабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін зерттейді.
Әлеуметтік психология жалпы психологияның бір саласы саналады және адамдардың бір-біріне ықпалын нысанаға алуда психология мен әлеуметтану тұжырымдарын бір арнада тоғыстырады. Оның үлкен бір зерттеу саласы – өзгеріс, оны жүзеге асыру мен қабылдау жолындағы кедергілерді азайту. Сондай-ақ әлеуметтік психологтар көзқарастарды бағалауға, түсінуге және қатынастарды өзгертуге, қарым-қатынас үлгілерін анықтауға және сенім қалыптастыруға ықпал етті. Қорыта айтқанда, олар топтық мінез-құлықты, билікті және конфликтіні зерттеуге маңызды үлес қосты.
Психология жеке адамға назар аударса, әлеуметтану адамдарды әлеуметтік ортасы немесе мәдениетіне қатысты зерттейді. Әлеуметтанушылар ұйымдық мінез-құлыққа ұйымдардағы, әсіресе ресми және күрделі ұйымдардағы топтық мінез-құлықты зерттеу арқылы үлес қосты. Бастысы, әлеуметтанушылар ұйым мәдениеті, ресми ұйым теориясы мен құрылымы, ұйымдық технология, коммуникация, билік пен конфликт бойынша арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Антропология – адам мен оның іс-әрекетін тану үшін қоғамды зерттеу саласы. Антропологтардың мәдениет пен қоршаған орта туралы еңбектері бізге әртүрлі мемлекеттердегі, ұйымдардағы, адамдар арасындағы негізгі құндылықтарды, қатынастар мен мінез-құлық айырмашылықтарын түсінуге көмектесті. Ұйымдық мәдениет, ұйымдық ахуал және ұлттық мәдениеттер арасындағы айырмашылықтар туралы бүгінгі түсінікті қалыптастыруда антропологтар мен олардың әдістерін пайдаланған ғалымдар еңбегінің маңызы зор.