1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы



бет46/82
Дата15.12.2023
өлшемі488,66 Kb.
#197261
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82
Байланысты:
1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз -emirsaba.org

Жағдайдағы көсемдік теориясы
Бұл теория америкалық психологтардың зерттеуі кезінде таңғаларлық нәтижеге ие болды: басқарудың көсемдік үлгісі ең тиімді жол екенін көрсетті. Америкалық психологтар П. Херси мен К. Бландедтің көзқарастары бойынша бұл теория ең қарапайым классикалық үлгідегі теория:
  1. көсемдік коллектив пен басшының арақатынасы.


  2. топтың дамуының 4 деңгейі бар:


А тобы – жұмыс істеуге ниетсіз топ;


Б тобы – жұмыс істегісі келетін, бірақ қабілетсіз топ;
В тобы — жұмыс істегісі келетін және ақырын істейтін топ;
Г тобы – жұмысқа қабілетті әрі жұмыс істеуші топ.
  1. Әр топтың дамуына байланысты басқару үлгілері бекітіледі:


А тобына – «Нұсқау»;


Б тобына – «Бөлу»;
В тобына – « Басқаруға ерік беру»;
Г тобына – «Өкілеттілік беру»
Нұсқау. Басшы бағыныштыларға жұмыс барысын түсіндіріп, тапсырма беріп оларды қадағалап отырады.
Бөлу. Басшы бір жағынан жұмысқа ынталы, нұсқаулар мен жұмысты атқару барысын өзі түсіндіреді. Бір жағынан ол осы жұмыстарға бағыныштыларды да араластыруды көздейді.
Басқаруға ерік беру. Басшы қоластындағыларға ерік беріп, шешім қабылдауына көмектеседі.
Өкілеттілік беру. Басшы өзінің тікелей міндеттерін жұмысшылардың кейбіріне бөліп беріп, өзі қадағалаушы ретінде жұмыс атқарады.
45. Басқарушы тұлғасын Стивен П.Роббинс, Тимати А.Джадж «Ұйымдық мінез-құлық негіздері» еңбегі бойынша түсіндіріңіз.
Ұлы жетекші дегеніміз кім? Жалпы жетекшілікке келгенде адамдармен араласқанды ұнататын, өзін көрсете алатын (экстраверт), тәртіпсүйгіш әрі мойнына алған міндеттемелерін орындай алатын (адал), креатив әрі икемді (ашық) жеке тұлғалардың бәсі анық жоғары.
Эмоциялық интеллект және жетекшілік. Тиімді жетекшілікті көрсететін қасиеттердің бірі - эмоциялық интеллект. Эмоциялық интеллектінің басты құрамдас бөлігі - эмпатия. Жанашыр жетекшілер қарамағындағылардың қажеттіктерін сезініп, айтатынын (айтпайтынын) тыңдап және реакцияларын оқи алады. Эмоциясын ұтымды шығарып, басқара алатын жетекшілер қарамағындағылардың сезіміне оң ықпал етіп, жұмысына шынайы сүйіспеншілік танытып, жұмысқа құлшынысын арттыра алады, сондай-ақ қызметкерлер өнімді жұмыс істеуде сәтсіздікке ұшырағанда қынжылысын да жасырып қалмайды. Эмоциялық интеллект пен жетекшілік тиімділігі арасындағы байланыс әлі де тыңғылықты зерттеу жүргізуді қажет етеді. Сондай-ақ зерттеулер эмоциялық интеллекті жоғары адамдар тіпті танымдық қабілеті мен тұлғалық ерекшелігін есепке алғанның өзінде тиімді жетекшіге айналуға бейім екенін көр- сетті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет