1. Бақша өсімдіктерін өсіру (қарбыз, қауын, асқабақ) Жалпы ақпарат. Бақша өсімдіктері


Монша мен сауна үшін сыпыртқы дайындау



бет3/26
Дата11.01.2017
өлшемі1,72 Mb.
#6802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

4. Монша мен сауна үшін сыпыртқы дайындау





  1. Жалпы ақпарат. Қайың сыпыртқылары – бұл моншаға барудағы қажетті аксессуар. Біздің ешқайсымыз да нағыз моншаны сыпыртқысыз елестете алмаймыз. Моншада ең болмағанда бір мәрте болғандардың әрқайсысы жақсы сыпыртқымен буға қыздырыну нағыз рахат екенін біледі. Монша сыпыртқысы бұл – көп мөлшерде тер шығарушы, зат алмасуды күшейтуші, дене массажы, зиянды микроорганизмдерді теріден шығарушы.

Бұндай бизнесті ұйымдастыру үшін, ең біріншіден қайың сыпыртқылары қажет. Қалалық жерлерде олар аз өседі, сондықтан үлкен қайың сыпыртқыларын дайындау үшін орманға барған жөн.

2. Жабдықтары. Сыпыртқы дайындау үшін сізге секатор, пышақ пен жіп секілді бірқатар жеңіл-желпі құралдар-жабдықтар қажет.

3. Технология. Сыпыртқыларды мамыр айының соңы мен маусым айының басында дайындау қажет. Сыпыртқыны жолдың бойында емес, орманда, жиектерде, ағаш отырғызылған орындарда ғана дайындауға болады. бірақ ешқашанда алуға болмайды! Жол бойында көліктер көп жүреді, соның салдарынан пайдаланылған газдың құрамындағы ауыр металлдар ағаштың жапырақтарына жинақталып қалады. Жауынның немесе шықтың бірде-бір тамшысы жоқ құрғақ бұтақтарды ғана кесуге болады, себебі жаңбыр астында кесілген бұтақтар және олардың ылғалды жапырақтары кептіру барысында бұзылып, жапырақтары ұшып кетуі мүмкін. Сыпыртқы жасау үшін ең қолайлысы – жерге жақын өсетін (бірақ қатты төмен емес) 2-3 жылдық бұтақтар. Қайың сыпыртқысы үшін су жағасында өсетін қайыңды таңдаған жөн. Бұтақтары жас, бірде бір рет гүлдемеген қайыңдар жоғары бағаланады. Оның жапырақтары да нәзік әрі жұмсақ. Сонымен қатар, бұтақтар жіңішке, ұзын, майысқақ, тік, салбыраған болуы керек. Негізі ағаштың басына емес жанына қарай өскен өскіндерді кесу керек; бір ағаштан ғана емес әр ағаштан кесу қажет. Содан кейін дайындалған бұтақтарды бір‑екі күн тобарсыту керек. Бұдан кейін бұтақтарды ұзындығы бойынша сұрыптайды және сыпыртқы етіп байлай бастайды. Буға қыздырынушының бойы мен монша биіктігіне қарай ұзындығы 400-600 мм.-лік сыпыртқы таңдалып алынады. Сыпыртқыны жапырақтарының жалтыраған жағы (күңгірт жағы емес) сыртқа қарап тұратындай етіп байлау керек. Алдымен жуанырақ бұтақтарды, содан кейін жіңішкелерін қаттайды. Сонда оның ұстағышы да дөңгеленген болады. Ұстағыштың жуандығын буға қыздырынушы брезент қолқап киіп, сыпыртқыны қолына алғанда ол ыңғайлы және нығыз тұратындай етіп жасау керек. Сыпыртқыны кендір немесе мақта‑мата жіппен байлаған жөн. Сыпыртқыны сыммен байлауға болмайды, өйткені қолқапсыз пайдалану кезінде ыстық моншада сым қатты қызып, қолды күйдіріп жіберуі мүмкін.

Сыпыртқыны кептіру. Сыпыртқыны күнге кептіруге болмайды. Кептірудің ең қарапайым тәсілі – сыпыртқыны жұп‑жұбымен байлап шатырға іліп қою. Егер шатыр болмаса, онда балконның көлеңкелі жеріне кептіру қажет. Жабық лоджада сыпыртқы буланып кетеді. Нәтижесінде жапырақтары бұралып, соның салдарынан тез түсуі мүмкін.

Сыпыртқыларды сақтау. Сыпыртқылар кепкен соң, оларды қаңырсып кетпеуі үшін жалпақ желпуішке ұқсайтындай етіп жатқызып сақтау керек. Сыпыртқыларды көлеңкеде сақтау керек. Бірақ сақтаудың тәсілдері де әртүрлі болады. Сыпыртқыларды кептірудің бір тәсілі мынадай. Жас сыпыртқыларды еденге жатқызады. Басында бір-біріне жақын етіп орналастырады. Күн сайын жапырақтары құрғағанша оларды аударып тұрады. Сосын сыпыртқыларды бір-біріне барынша тығыз қояды. Белгілі бір уақыт өткен сайын қатты кепкендерін төменге, ылғалдауларын үстіне ауыстырып тұрады. Біртіндеп сыпыртқылар жаншылып, желпуіш түріне келе бастайды. Сыпыртқыларды жұп‑жұбымен жіпке іліп сақтайды.

4. Сату. Ауылдық жерлерде сыпыртқыларды елдің барлығы дерлік жасай алады, сондықтан оны сату үшін қалаға баруға тура келеді. Қалада қала моншалары жұмыс істейді және оларды сыпыртқылармен ұдайы қамтамасыз етіп отыру керек. Барлық жақын арада орналасқан моншалар мен сауналарға қоңырау шалып шығыңыз, олар Сізбен сыпыртқы сатып алу бойынша келісім-шарт жасап қалуы әбден мүмкін.

Көптеген қалаларда халықтың белгілі бір бөлігі моншалары бар жер үйлерде тұрады. Бұндай аудандарға жарнама іліп қоюға болады. Сыпыртқыларды мамандандырылған дүкендерге және базарларға сатуға болады. Мүмкін сіз өзіңіздің барлық өніміңізді бірден сатып алатын және әрқашан Сізбен жұмыс істейтін саудагер тауып аласыз.



5. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:

Құрылғылары – 1 000 теңге.



5.2. Табыс:

Сыпыртқы сату 1 тал - 250 теңге. 20 тал дайындасаңыз, сіз 5 000 теңге мөлшерінде пайда табасыз.



6. Пайдалы сілтемелер:

http://vry.narod.ru/za.htm

http://www.mukhin.ru/stroysovet/bani1/5_03.html

http://www.hobiz.ru/ideas/medic/venik/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «монша», «сауна» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

5. Шөп әзірлеу мен оны сату



1. Жалпы ақпарат. Шөп – жануар тектілердің негізгі азығы. Ірі қара мал, қой мен жылқы үшін белгілі бір мерзім аралығында күнделікті пайдаланатын басты азық. Малға берілетін ең жақсы шөп – жайлау мен даланың түрлі шөптері. Алайда қазіргі уақытта шөпті көпжылдық дәнді және бұршақ дақылды шөптерден (сулыбас, жоңышқа, костер, клевер) дайындайды. Бұршақ дақылды шөптертің кальциі, дәнді дақылдылардың – фосфоры көп, сондықтан шөптің екі түрі де малға пайдалы. Әсіресе дәнді дақылды шөп жалпы азық көлемінің 70-75%-ын құрауы керек. Жоғары сапалы шөптің ылғалдығы 15%-ды құрап, жасыл түсті және жағымды иісті болады.

Жақсы шөп қыс мезгілінде дәрумендер, минералды заттар мен протеин көзі болып табылады. Шөптің құнарлылығы өсімдіктің ботаникалық құрамына, оны жинаудың мезгілі мен әдісіне, кептіру ұзақтығына байланысты.



2. Шөп дайындау мезгілі. Шөпті жинау мен әзірлеу уақыты климаттық аймақ пен ауа-райы жағдайына байланысты. Алайда жинау мезгілінің объективті көрсеткіштері де бар: қауыздану немесе бұршақ ашу, т.б. Дәл осы кезеңде өсімдіктердің құнарлы заттары көп мөлшерде болады. Бұдан кешірек мезгілде жинағанда құрғақ өнімді көбірек алуға болады. Бірақ бұл көлем уақыт өткен сайын өсімдік құрамында көбейе беретін талшықтар есесінен алынады.

3. Технология. Шөп дайындаудың әдеттегі және дәстүрлі әдістері бойынша шөпті шауып алып, ауа-райының қолайлы кезінде бірнеше сағатқа жайып алады. Одан кейін шөпті тырмалап үйеді де қажетті қалыпқа дейін кептіргеннен соң бір жерге түк етіп жинайды.

Шөптің құнарлы заттарын жоғалтуы механикалық және химиялық болып бөлінеді.

Құнарлы заттарды механикалық түрде жоғалту дегеніміз – шөпті жинау және қопсыту барысында өсімдіктің өзінің бағалы бөліктері болып табылатын гүлдері мен жапырақтарының сынуы. Әсіресе гүлдері мен жапырақтары жалпы салмағының 50%-ын құрайтын бұршақ дақылды өсімдіктерді жинау барысында жалпы шөп көлемін жоғалту қомақты мөлшерде болады. Механикалық түрде шөп көлемін жоғалтуды азайту үшін шабылған шөпті көп қозғай бермеу керек.

Ал химиялық түрде шөп көлемінен айырылу жаңа шабылған шөп жасушаларында зат алмасудың, яғни биохимиялық үдерістің тоқтамауы әсерінен болатындығы түсіндіріледі. Құрғату неғұрлым тезірек жүзеге асса, соғұрлым аққуыз, көмірсутегі, майлар, дәрумендер ыдырау үдерісін тезірек тоқтатып, құнарлы заттар барынша жоғалмайды.

Жоңышқаны кептіру айтарлықтай қиын, өйткені оның сабағы қалың. Сондықтан оны жинау кезінде арнайы сабақты жалпайтып тастайын шөп машиналары қолданылады. Осылайша ол тез кебеді, алайда сабақтарын жалпайту кезінде өсімдіктің ылғалдылығы, онымен бірге құнарлы заттары жоғалады. Дәнді дақылды шөптерді жалпайтпайды, өйткені олардың сабақтары жіңішке, яғни тез кебетін. Арнайы желдету арқылы шөпті аз уақыт ішінде кептіруді жүзеге асыруға болады.

Тығыздалған шөпті дайындау үшін оның ылғалдылығы 30—35% болғанға дейін кептіріп, мая етіп тырмалап жинайды.

Дәруменді шөп жас малдар мен асыл тұқымды жануарлар азығына қолданылады. Оны жасанды әдіспен құрғатады, күн көзі астында көп ұстамайды, өйткені ультрафиолет толқындары салдарынан каротині ыдырайды.

4. Сақтау. Құрғақ шөпті қорада, шатыр астында сақтайды. Кейбіреулер арнайы шөп сақтайтын төбесі жабық орын жасайды. Ол үшін жерге ұзындығы 7-7,5 метрлік бағана тұрғызылады. Әр бағананың қасына тағы бір 1 метрлік бағананы орнатады. Қысқа бағаналарға тақтайлар қойылып, үстіне шөп жиналады. Ішінен қысқышпен нығыздалған 60x100 см. қайрақпен байланысқан рама төбе болып табылады. Раманы бағаналарға кигізіп қояды да, шатыр жасайды. Шөп жиналғаннан соң белгілі бір биіктікте шатырды бекітеді.

5. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:


  • кішкентай ағаш шалғы = 700 – 1 200 теңге.

  • үлкен ағаш шалғы = 1 500 – 2 500 теңге.

  • орақ = 400 - 700 теңге.

  • мотошалғы, электрлік және бензиндік = 7 500 – 50 000 теңге.

  • тырмалар = 500 – 1 000 теңге.

  • 1 метр жіп = 5 – 10 теңге.

5.2. Табыс:

Шөп 1м2 = 14 – 22 кг.

1 кг шөп = 8 теңге.

1 тонна шөп = 8 000 теңге.



6. Пайдалы сілтемелер:

http://animals-feed.info/54-zagotovka-sena.html

http://landwirt.ru/2009-12-12-16-06-35/189-2009-03-08-08-03-51

http://fermer02.ru/animal/cow/3013-texnologiya-zagotovki-sena.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жем-шөп әзірлеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет