7. Ұлттық тағамдарды дайындау
1. Жалпы ақпарат. Қазақтың ұлттық тағамдары өзіндік жұмсақтығы мен тіл үйірер дәмімен ерекшеленеді. Қазақ тағамдарының негізін мал шаруашылығы өнімдері – ет пен сүт, десерттер, пісірілген нан өнімдері мен сусындар құрайды.
Қазақтың ұлттық тағам өнімдерін дайындауда суға пісіру әдісі ерекше орын алады. Азықты дайындау мен ұзақ уақыт сақтау аса маңызды болып табылады. Мал сойғанда, еттің көп бөлігін керегіне жұмсаған, ол үшін тұздаған, кептірген, ыстаған. Деликатес тағамдарды, негізінен, жылқы етінен жасайды – қазы, шұжық, жал, жая, қарта және т.б. Нан көбінесе шелпек түрінде пісіріледі, пісірілген өнімдер ішінде ең танымалы - бауырсақ. Жалпы, ұлттық тағамдарды дайындау мен сату – табысты бизнес.
2. Дайындау әдісі. Қазақтың ұлттық тағамдары десерттерінің бірі мыналар - жент, талқан, балқаймақ және т.б.
Жент – қазақ шоколады. Оны дайындау үшін, яғни 1 кг. жентке 500 гр тары, 400 гр ірімшік, 200 гр қант, 50 гр ас қасық мейіз, 200 гр сары май керек. Ірімшік пен тарыны келіде ұсатады. Қоспаға қант пен мейіз қосып араластырады, оған ерітілген сары май құяды, қатқанша суытады. Дайын жентті қызған өткір пышақпен кеседі.
Талқанды сары маймен қосып дайындау үшін 100 гр. тары, 100 гр. сары май керек. Талқанды пісірілген әрі тазартылған, келіде ұсатылып, елеуіштен өткізілген тары, бидай мен жүгері дәндерінен әзірлейді. Дайын талқанды сары маймен сіңгенше араластыру керек. Сонымен қатар талқанды қаймақпен, сүтпен, сорпамен, сумен, шикі жұмыртқамен араластыруға болады.
Балқаймақ. Терең табаға немесе қазанға қаймақ құйып, бетінде майы пайда болғанша араластырып, қайнатамыз. Қаймақты қайнатқан кезде бал не қант қосуға болады. Одан кейін қаймаққа ұн қосып, жақсылап араластырып, тағы 10 минут қайнатамыз. Ыстық күйінде дастарханға қоямыз.
3. Дайындау технологиясы. Қазақтың ұлттық тағамдары өзіндік жұмсақтығы мен тіл үйірер дәмімен ерекшеленеді. Ол дәмдеуіштерді ажырата біледі, жай отта суға ұзақ пісіруді талап етеді, соның нәтижесінде өнім ерекше жұмсақтық пен дәмге ие болады.
Сұйық тамақтар негізінен, ет сорпасында және тұтас қышқыл сүтте түрлі өнімдердің қосылуымен дайындалады. Сұйық тамаққа қой еті, сиыр еті, жылқы еті, түйе еті, сонымен қатар аталған малдардың сүйектері кеңінен қолданылады. Жылқының сүйектері ғана сұйық тамаққа қолданылмайды, себебі ол сорпаға жағымсыз иіс пен дәм беруі мүмкін. Балық сұйық тағамдарға аз көлемде, негізінен суық сорпаларға ғана қолданылады. Ал сорпаның гарниріне үй кеспесі, салма, т.б. пайдаланылады. Қазақша сұйық тағамдарды дайындаудың ерекшелігі – сары май немесе маргаринге тарыны пісіру. Мұндай тәсіл тарының тез пісуіне жәрдемдесіп, дәмін келтіреді. Екінші тағамдарды еттің алуан түрінен (қой, сиыр, жылқы, түйе, қарақұйрық, құс еті) дайындайды. Етке көкөністер, тары, ұн өнімдері араластырылады, не таза еттің өзінен кәуаптар жасайды. Кейбір екінші тағамдарды балық пен көкөністерден дайындайды. Оларды дайындау барысында ұнның жоғарғы сортын пайдалану керек. Ұн тағамдарын дайындағанда, ұнға сүт, қаймақ, қатық, май, жұмыртқа, қант, су, хош иісті және бояғыш заттар қосылады. Жылқы етінен өнімдерді дайындаған кезде (қазы, шұжық, жал, жая, қарта) мұздатылған немесе салқындатылған ет, майсыз тік ішек, жуан ішек, тері асты майы мен іш май, құйрық май, ас тұзы, құмшекер, қара бұрыш, ішектер қолданылады.
4. Сату. Өз сату нүктелеріңіз арқылы сатуға болады. Тағы бір тиімді әдіс – мейрамханалар мен дәмханалармен келісім-шартқа отыру.
5. Болжамды есептеулер.
5.1. Шығыстар:
Жент үшін - 1 кг. талқан (ұсақталған тары) = 400 теңге, 200 гр қант, 500 гр сары май = 500 теңге, дәміне қарай мейіз қосуға болады.
Балқаймақ үшін (1 литр) қаймақ, бидай ұны, бал мен қант, дәміне қарай тұз, шамамен 700 теңге.
Барлығы: 1 600 теңге.
5.2. Табыс:
1 кг жент = 1 200 теңге, аптасына 10 кг сатылса, 10 кг * 1 000 теңге = 12 000 теңге.
1 кг балқаймақ = 1 000 теңге, аптасына 10 кг сатылса, онда 10 кг х 1 000 теңге = 10 000 теңге.
6. Пайдалы сілтемелер:
http://www.tilashar.kz/index.php3?parent_id=1008305592
http://www.millionmenu.ru/rus/recipes/collection/listkitch/nkitch62/
http://www.russianfood.com/recipes/recipe.php?rid=114259
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ұлттық тағамдарды дайындау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
8. Сүт және сүт өнімдерін әзірлеу және сату
Жалпы ақпарат. Сүт және қышқыл сүт өнімдері Қазақстанда жасына, тұрғылықты орнына және материалдық әл-ауқаттылығына қарамастан халықтың барлық санатына танымал. Қышқыл сүт өнімдерін жиі тұтыну денсаулықты нығайтып, өмірді ұзартады. Қышқыл сүт өнімдері дәл сүт сияқты жүрек‑қан тамырларының, сүйек және жүйке жүйесінің жұмысына қажетті ағзаның толыққанды ақуыз бен кальцийге деген сұранысын қамтамасыз етеді. Қышқыл сүт өнімдерінің басты артықшылығы олардың құрамындағы бифидобактериялардың ағзаны улайтын ауру тудыратын және әлсіз микроағзаларды өлтіретіндігінде.
Адам үшін қажетті сүттің қасиеттерін барынша пайдалану үшін сүт өнімдерін өңдеуде жоғары сапаны қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте сүттің өзі және одан алынатын барлық өнімдер ауру жұқтыратын микроорганизмдер ықпалына шалдыққыш екенін есте сақтап және үнемі ескеріп отыру керек. Мәселенің мәнісі сүт және қышқыл сүт өнімдерін өндіру барысында санитарлық немесе технологиялық нормалар бұзылса, онда пайданың орнына орны толмас залал келтіру мүмкін екендігінде.
Сүт өнімдері нарығында ұсыныстардың көптігіне қарамастан, дұрыс ұйымдастырылған жаңа бизнес әрқашан өз орнын таба алады.
2. Сүт және қышқыл сүт өнімдерінің түрлері. Сүт және қышқыл сүт өнімдеріне мыналар жатады: сүт, қымыз, шұбат, құрт, айран және қаймақ.
Сүт – бұл сүтқоректілердің сүт бездерінен алынатын өнім. Адам тағамында қой, сиыр, ешкі сүттері пайдаланылады. Сүттің сапасы мен дәмі көбінесе оның майлылығымен анықталады: майы көп болған сайын, оның дәмі де жақсы болып, құнарлылығы да артады.
Қымыз – бұл бие сүтінен немесе басқа да ауыл шаруашылығы малдарының майы алынған сүттерінен жасалатын қышқыл сүтті диеталық сусын. Егер қымызды сиыр сүтінен жасаса, онда қаймағы алынбаған және қаймағы алынған сүт қоспасын, сүт іріткісін және қантты (2,5%) зарарсыздандырады, суытады, сосын қышқыл сүт пен спирттен тұратын аралас ашытуды қамтамасыз ететін арнайы ашытқыда ашытады, бұл антибиотикалық (туберкулезге қарсы) заттың қалыптасуына себеп болады.
Шұбатты түйе сүтінен жасайды. Ол қымызға қарағанда қоюрақ және майлылырақ болады, жақсы сақталады, өзінің емдік қасиетін ұзақ уақыт бойы жоғалтпайды.
Құрт – бұл қарапайым тұздалып, кептірілген ірімшік. Сүтті ашыту керек, сосын ұзақ уақыт араластырып, сұйықтықтың айтарлықтай бөлігі қайнап суалғанша қайнату керек. Сүзіп, тұздап, алақанмен пішінін келтіріп, таза ауада кептіру қажет. Бұл – ең қарапайым тәсіл.
Айран – бұл Қазақстанда кеңінен тараған қышқыл сүтті сусын. Айранды дайындау үшін бір литр сүтке жарты стақаннан 3/4 –іне дейін ашытқы құю керек. Ашытқы ретінде қатық, айран немесе қаймақты пайдалануға болады. Сүтті әбден қайнатып, бөлме температурасына дейін салқындату қажет, дайындалған ашытқыны қосып араластыру, сосын шыны ыдысқа немесе керамикалық ыдысқа құю керек, содан кейін әбден ұюы үшін бес‑алты сағатқа қою қажет.
Қаймақ зарарсыздандырылған кілегейден алынады, қышқыл сүт бактерияларының таза дақылдарынан ашытылып, дайын болуы үшін біраз уақытқа қойылады. Кілегей 18-20° С температурада 3 сағат бойы ашытылады, мұндайда қаймақтың қышқылдығы көтеріледі. Алынған қаймақ бір тәулікке 2-6° С температураға қойылады. Ақуыздың бөрту процесі мен май түйіршіктерінің қатуы нәтижесінде қаймақ таза консистенцияға ие болады, хош иісті заттар мен қышқылдықты бойына жинайды.
3. Ғимарат. Сүт, қышқыл сүт өнімдерін дайындау және сатумен айналысу үшін ғимарат қажет. Жұмыс істейтін орын қажетті жарық, микроклимат, шу деңгейімен қамтамасыз етілуі тиіс. Ауадағы зиянды заттар құрамы санитарлық және гигиеналық нормативтерде бекітілген мөлшерден асып кетпеуі керек.
4. Технология. Қышқыл сүт өнімдерін дайындаудағы басты технологиялық ерекшелік оған сүт қышқылы бактериялары немесе ашытқыларының дақылдарын (қолдан жасалған ашытқы немесе дайын ашытқы) енгізу жолымен ашыту болып табылады.
Қышқыл сүт өнемдерін дайындау технологиясы төмендегі тізбек бойынша жүзеге асады: сүтті қайнатады, содан кейін қажетті температураға дейін суытады (30-45° С) және көлеміне қарай 3-5% ашытқы салады. Сүтті қажетті ыдысқа құяды (стақанға, банкіге, шөлмекке және т.б.) және ұйығанға дейін термостатқа салады. Өнімді қатты ұйытып жібергеннен көрі ұю біршама іркілдек болып тұрған кезде ертерек термостаттан алу керек; одан кейін 10°С-ден жоғары емес температурада суытады және сондай жағдайда сақтайды. Ашыту аяқталғаннан кейін қышқыл сүт өнімін тоңазытқыш камерада 6±2° С-ден жоғары болмайтын температурада сақтау қажет, бұл уақыт аралығында өнім біркелкі консистенцияға келуі керек. Қышқыл сүт өнімдерін суытқаннан кейін белгілі бір уақытқа тоңазытқыш камераларда жетілуі үшін сақтайды.
Қажетті сақталуды қамтамасыз ету үшін атқарылуы тиіс негізгі шарттар мыналар болып табылады: белгілі бір температура және соған сәйкес ауаның ылғалдылығы, жарықтың және ауа алмасуының сәйкес болуы. Қышқыл сүт өнімдерін 80°С-ден жоғары болмайтын температурада сақтау қажет. Қышқыл сүт өнімдерін аса жоғары температурада сақтау олардың қышқылдығының артуына, іріткінің бөлінуіне, сапасының төмендеуіне және бұзылуына әкеп соқтырады. Қышқыл сүт өнімдерін міндетті түрде жабық ыдыста сақтау қажет. Біріншіден, бұл ұзақ уақыт сақтауға септігін тигізеді, екіншіден, жабық ыдыстағы өнім тоңазытқыштағы басқа да заттардың түрлі иістерін өзіне сіңірмейтін болады.
5. Сату. Қышқыл сүт өнімдерін жаңа дайындалған түрінде сатуға немесе оны өңдеуге беруге болады. Бұл үшін БАҚ арқылы хабарландыру беру, дүкендермен келісу және т.б. қажет.
6. Болжамды есептеулер.
6.1. Шығыстар:
Сізде сиырдың, биенің және түйенің бар екендігін ескерсек, шығыстар да айтарлықтай көп болмайды.
6.2. Табыс:
Қымыз литрі – 400 теңге, тәулігіне Сіз 5 литрге дейін сата аласыз * 400 теңге = 2 000 теңге (бір бірліктен), сонда айына 2 000 теңге * 30 күнге = 60 000 теңге.
1 литр сүт – 100 теңге, яғни 10 литр * 100 теңге = 1 000 теңге күніне, ал айына 30 күнді * 1 000 теңге = 30 000 теңге (бір бірліктен).
1 литр шұбат – 300 теңге, 3 л * 300 теңге = 900 теңге күніне, онда айына 900 теңге * 30 күнге = 27 000 теңге (бір бірліктен).
1 кг ірімшік 250 теңге * 30 күнде = 7 500 теңге.
1 л айран – 150 теңге * 30 күнге = 4 500 теңге.
1 кг құрт = 100 теңге * 30 күнге = 3 000 теңге.
7. Пайдалы сілтемелер:
http://www.manufacturer.su/articles/1634/
http://revolution.allbest.ru/marketing/00028975_0.html
http://www.memst.kz/ru/tr/detail.php?ID=1156
http://www.dekret.ru/obraz/kislomoloko.html
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «сүт өнімдері» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |