1. Баскетболға арналған қозғалыс ойындарына сипаттама



Дата23.06.2020
өлшемі40,89 Kb.
#74347

1.Баскетболға арналған қозғалыс ойындарына сипаттама
Ең алғашқы баскетбол сайысы өткен күн деп 1891 жылдың21 –желтоқсанда Сприч- филд колледжінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Джеймс Нейсмитке қолайлы көңіл күй көтеретін қимылдар ойлап тауып гимнастика сабағын жандандыру тапсырылды.
Нейсмит “ойлап тапқан ”ойынның ең алғаш рет өз сыныбында өткізілді.
Орналаласқан болион ернеуіне яғни 3 метр биіктікке ол өзі шабдалы салынған карзиноларды бір-біріне қарама-қарсы орналастырды. Бұл корзиналарға доп лақтыру қажет. Сүйтіп баскетбол ағылшын тілінде “карзина доп” деген сөзден құралған. Ойын үшін футбол добы қолданылды және оған әр командаға 9-ойыншыдан бөлінген 18-адам қатысқан. Кейін бұл сан 7-ге 1897 жылдан 5-ке дейін қысқартылды. Себебі ойыншылардың көп болуы алаңда тек кедергі – кесір әкелетін еді. Ойыншылардың үнемі қақтығысып қалып отыруы ойын ережесін жасауды талап етті. Олардың ең алғашқысы 13 бөліктен құралды.

Біздің Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Қызылорда, Ташкент қалаларында алғашқы жарыстар өткізілді.


1946 жылдан бастап жергілікті жарыстар өткізіле бастады. Ал оның жеңімпаздары республика чемпионы атағы үшін жарыста 1947 жылы алғаш рет КСРО біріншілігіне қатыса отырып қазақсатандықтар 10 команда ішінен 6-шы орынды иеленді .

Қазақстан мемлекетінің тәүелсіздігінің алуына байланысты респуликамызда баскетболды дамытудың жаңа беттері ашылды. 1991 жылы Қазақстан респуликасының баскетбол федерациясы құрылды 1992 жыл ұлттық чемпионат өткізілді. Қазақстан репуликасының құрама командалары Азия ойындарында Әлем чемпионаттарында Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғауға дайындалуда. Атап айтар болсақ елордамыздың намысын қорғап жүрген «Астана» камандасы.


Жақсы денсаулық адамның жеке және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі.
Спортшылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Баскетболмен шұғылдануды мектеп табалдырығынан бастамай жоғары жетістіктерге жету өте қиын. Сондықтан оқушылардың Жеке адамды жан-жақты дамытуды дене тәрбиесінің маңызы зор. Баскетболшыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты міндеттерге, сүиеніп дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарсатырайық. Баскетболшылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығайуы, жұмыс қабілетілігің сабақтарда, сабақтан тыс уақытта,спорт саябақтарында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әр бір мектепте барлық оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтар мен құралдар және жақсы жарықталған спортзалдары мен алаңдары болуы тиіс. Өмірге қажетті дағды және іскерлік қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғат қозғалыстың түрлері; жүгіру, қарғу, жүзү, лақтыру, өрмелеу т.б.
Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көлемімен ширап,дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық , төзімділік сияқты адам қабілеттерін дамыту, оқушылардың қозғалғыш тәжірибесіне бағытталады және дене қозғалысын үйлестіреді, бұл баскетболшыларға өте қажет.
Дене тәрбиесіне оқыту дегеніміз адамның яғни баскетболшыныңдене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесі мен қимыл әрекетке үйрету, оны меңгеру процесі. Дене тәрбиесіндегі үйретудің нәтижесі дене қуаты бөлімі болып келеді. Қозғалысқа үйрету теорялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық мағлұматтың көлемі мен мазмұны жалпы педагогтың принцптерімен анықталады.
Жаттыѓу түрлері.Жаттығу мақсатына , жаттығушылар контингентіне сәйкес үш топқа бөлінеді
Дене тәрбиесінің баскетболшыға әлеуметтік қажетілігі туралы мағлұмат.

Дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану ережерелі туралы мағлұмат.

Медициналық биологиялық мағлұмат.

Қимыл-әрекетке үйрену алдында баскетболшы оның ережелерін, адам денесінің қозғалу зияндықтарын, арнайы терминология туралы мағлұматалу керек. Теориялық мағлуматтар алу кезеңдері қимыл–тәжірибесі , арнайы оқулық, сөз және көрнекі қабылдау, мұғалімнің әрекеті, кино және бейнефильмдер көрсету т.б. Теориялық мағлұматтарды баяндау, кіріспе сабақтар мен оқу материялдарын үйрену кезінде жүзеге асырады. Қимыл-әрекетке үйрету үш кезеңнен тұрады: таныстыру,үйрену ,жетілдіру кезеңдері


Қимыл әрекеттік тыныстыру кезеңнің міндеті жаттығушылар үйренетін жаттығулартуралы түсінік беру және соны үйретуге ынтасын ояту, түсіну, ұғыныу процесі қалыптастыру кезеңде бір-біріне байланысты үшкезең пайда болады.
Үйрену міндеттерін ұғыну кезеңінде жаттығушылар міндеті бір жаттығудан немесе бірнеше жаттығу орындауды ұғыну. жаттығушылар тәсілдің негізін түсіну керек, ал бөлшектерін келесі оқыту кезеңдерінде үйренеді.

Орындау таңбасын құру кезінде оқытушы қимыл тәжірибесі мен білімін ұсынады , ал жаттығушыларды сол арқылы жаттығуларды қалай орындауға болатыны туралы қисынды бейнелі түсінік қалыптасады .



Қимылды бөліп немесе тұтас орындау кезеңі. Қимылды орындап көру танысу кезеңінің бастапқы элементі. Орындап көру арқылы жаттығушы өз міндетін қаншалықты ұққанын қозғалысқа үйрену міндетін қалай құралғанын тексеруіне болады. Қимыл-әрекетінің күрделілігіне байланысты жаттығуларды бөліп немесе тұтас орындауға болады. Қарапайым жаттығуларды толық орындай білуге болады. Күрделі жаттығуларды бөлшектеп орындаған жөн. Қозғалыс тәсілін тұтас орындауға жаттығушы қате жіберсе, бөлшектеп орындау әдісін қолдану қажет.
Қимыл -әрекетті үйрету кезеңі.
Жақсы денсаулық адамның жеке және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі.
Баскетболшылар денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Бірақ жоғарыда айтылғандай жоғары жетістіктерге жету үшін жас кезінен дене тәрбиесімен айналысу керек. Сол себептен оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әр бір мектепте барлық оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтар мен құралдар және жақсы жарықталған спортзалдары мен алаңдары болуы тиіс. Өмірге қажетті дағды және іскерлік қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғат қозғалыстың түрлері; жүгіру, қарғу, жүзү, лақтыру, өрмелеу т.б.
Жас баскетболшының денесітүрлі жаттығулар көлемімен ширап,дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық , төзімділік сияқты спортшы қабілеттерін дамыту, шұғылданушының қозғалғыш тәжірибесі бағытталады. Дене қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесіне оқыту дегеніміз баскетболшының дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесі мен қимыл әрекетке үйрету, оны меңгеру процесі. Дене тәрбиесіндегі үйретудің нәтижесі дене қуаты бөлімі болып келеді. Қозғалысқа үйрету теорялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық мағлұматтың көлемі мен мазмұны жалпы педагогтың принцптерімен анықталады.
Баскетболшыны жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы зор. Баскетболшыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты міндеттерге, сүиеніп дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарсатырайық. баскетболшының денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығайуы, жұмыс қабілетінің артыуы, сыртқы ортаның қолайсыз жағдаларына қарсы тұруы.
Дене даму ретінде индивидумның (жеке адам) тексерілу сәтінде дене жұмыс істеу қабілетімен жасына қарай биологиялық даму деңгейін анықтайтын морфо қызметтік көрсеткіштердің кешені түсіндіріледі. Дене даму генотиптің фенотипке ауысуы жүріп жатқан кезде антогенездің жекелеген кезеңдерінде ағзаның өсуімен даму үдерісін бейнелейді. Ағзаның ата – анасынан қалғаны және морфологиялық ерекшелігін сипаттайды. Сыртқы орта факторының ықпалымен генотип фенотипке айналады. Фенотип дене дамуын жас ерекшелігін бөлінуін ерекше бейнелей отырып бүкіл өмір бойы өзгеріп отырады. Өмірдің әлеуметтік экономикалық жағдайын сыртқы ортаны өзгеде факторлардың ықпалы сенсетивті жас ерекшелігінің кезеңінде көбірек білінеді. Бұл кезеңде өсу мен даму эволюция (қарт және қартайған жас) үдерісі қарқынды жүріп жатады. Дене бітімі деп – дене бөліктерінің өзара орналасу көлемін формасын пропорция ерекшелігін сондай – ақ сүйек, май және бұлшық ет ұлпаларының дамуының ерекшелігін айтады. Конституция ағзалардың сыртқы және ішкі тітіркендіргішке жауабының өзіндік анықтайтын туқым қуалауының жане журе пайда болатын қасиеті негізінде қалыптасқан ағзаның морфологиялық ерекшелігінің жиынтығы.
Дененің даму дәрежесін зерітеу әдісі дененің дамуының зертеуінің негізгі әдісі жане морфологиялық қызметтік көрсеткішін өлшеу қатар зертеудің суретке тусіру прибордың көмегімен омыртқа буғананың қисығын олшеу буындағы қозғалу бұрышын угламердің көмегімен өлшеу оны және тағы басқа әдістермен зерттеледі. Атропометрялық стандарттар әдісі бұл адамдардың біркелкі контингентін өлшеудің орасан үлкен санын статистикалық өңдеу жолымен алынған дененің даму көрсеткіштерінің орташа шамасын пайдалану дене дамуының белгісі бір – бірімен байланысты және олардың бірі өзгерген кезде екіншісі де өзгереді.
Баскетболшы тәсілі үлкен екі бөлімнен тұрады, шабуыл және қорғаныс тәсілі. Тәсілдің қолданыстар қорғаныс және шабуыл әрекеттерін міндетті түрдегі бірлігі негізінде ғана үйретілуі және жетілдіру керек. Ал бұл бірлікке қол жеткізу үшін қолданыстардың кең қорына ие болуы және оларды ойында қолдана білуі керек, ұтымды тәсілдіңболуы баскетболшыныңдене қабілеттерін барынша толық және тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Баскетболшылардың тәсілдік дайындығынсатыға бөлуге болды және оған сәйкес міндеттер шешіледі.
Бірінші сатыда негізгі қолданыстармен оларды орындау, негізгі амалдары сонымен қатар бұл қозғалыстардың негізгі бірліктері қолданылады. Қолданыстардың қозғалыста жасалуына және оларды бағытты өзгерте отырып орындауға оң жаққа, сол жаққа, оң сол қолмен жасауға баса назар аударған жөн.
Екінші сатыда, бұрын үйретілген қолданыстардың басқаша жаңа амалдар мен біріктіре отырып қолдану тәсілдері жетілдіріледі.
Үшінші сатыда бұрын үйретілген қолданыстар кешені жетілдіріледі, кеңейтілдіреді және қайталанады сонымен бірге әр ойыншы мен жеке –жеке дайындық жүргізіледі. Тәсілдік қолданыстардың әртүрлі бірлігін үйретуде оларды орындаудағы реттіліктік болуын қадағалаған жөн , бұл үшін әдетте негізгі тәсілдің қолданыстары бірлігі жататын кешенді жатығулар қолданылады.
Баскетбол ойынында допты қағып алу – доппен ойнауда ең көп тараған қолданыс. Допты екі қолдап қағып алу үшін бір орында тұрып допқа қарап қолды түзү еркін созу керек.Мұнда бес бармақтар бірбіріне бағытталып үш бес сантиметрге дейін жақындатылады. Доп саусақтарға тиген кезде қолды сәл бүгіп допты кеүдеге қарай жақындатады. Әперу және басқа қолданыстармен бірлікте ғанақағып алуды жетілдіруге болады. Жүгіру кезінде допты қағып алу үшін қолдыдопқа қарай алға созған сәтте, жүгіруде кезекті қадамды жасаушы аяқпен барынша кең-кең қадам жасалады. Допты қағып алып денеге қарай тартадыда келесі қадамды жасап сүйеусіз жағдайда екінші қадамды жасап үшіншісін жасамас бұрын доп жіберіледі. Қозғалыста қағып алуда қате жібермес үшін аяқпен қол жұмысында дұрыс ырғақты бекітуге көмектесетін жаттығуларды қайталаған жөн.
Түзу сызық бойымен жүгіргенде, сол аяқпен итерілгеннен кейін бір кең қадам жасалады да жүгіру жалғастырады. Мұндай қадамды алдын ала дайындаған жерде дұрыс болады.

Допты саусақпен итерілгеннен кейін, екі кең қадамды қатарынан жасау. Жоғарыдан төменнен ұшып бара жатқан допты қағып алуда қол алға қарай жоғары төмен созылуы керек. Троектория бойынша доппен амартизация қимылдары жасалады.

Қарсыласкомандаларының негізгі мақсаты: орын алмастырулар, әперулер айла қимыл сериалары арқылы ойыншылардың бірін лақтыруға ыңғайлы жерге шығарыпқарсылас торына допты дәл түсіріп ойнау.
Допты торға лақтырарда ойыншыдан бұлшық ет күшін дәл есептепқол, дене, аяқ қимылдарын сәйкес келүі талапетіледі. Кеүдеден екіқолдап лақтыру түйін тәрізді жалпы беруден кейін допты шапшаң жүмсақ лақтыра отырып қажеттітраеокториябойынша торға түсіру.
Екі қолдап жоғарыдан лақтыру, көп жағынан алғанда лақтырудың кеудеден екі қолмен жасалатын түріне ұқсас, бастапқы қалыпта доп маңдайдан жоғарыұсталады, ал бүгілген қол шынтақтары бет деңгейіне дейін көтеріліп алға қарай бағытталады. Лақтырудың бұл түрін секіріп жасағанда айрықша тиымды себебі, доптың жоғары болуы оның ұшып бара жатқанда ұстап алуды қиындатады. Иықтан бір қолмен лақтырғанда дайындық қимылдарымен аяқпен жұмыс істеу. Сипатына қарай кеудеден екі қолмен лақтыру түріне ұқсас.
Бастан бір қолмен лақтырғанда орындауда доп қолдың бірінің саусақтарын ұстап тұрады. Бұл жағдайда допты екінші қолмен ұстауға болады. Басқа қимылдар бастан екі қолмен лақтырғанмен бірдей.
Секіріп лақтыру – қазіргі заманда баскетболдыңмаңызды және тәсілдік жағынан ең ауыр түрі. Мұнда секіруді лақтырумен үйлестіру керек. Лақтыруда бастапқы қалыпты қабылдаудың екі амалы бар.
Ойыншы допты жоғарыдан лақтыру үшін бірден оны бастапқы қалыпқа әкеледі, сосын итеріле секіріп ең жоғары нүктеге допты нысанаға қарай жібереді.

Ойыншы допты қағып алып бірден жоғары қарай секіреді де қолды сілтеп допты бастапқы қалыпта әкеледі.

Сосын лақтыруды орындайды.
Мұны мынадай жаттығулар арқылы орындауға болады:
Биікке секіріп қолмен лақтыру жасағандай қимылдар орындау.

Дәл осыны тек қолына допты ұстап жасау.

Допты алаңға ұрып жіберіп алға бір қадам жасап алып оны ұстап алып аяғын бүгіп бастапқы қалыпқа келу.

Жақын қашықтықтан лақтыру, секіру арқылы жасалады. Бір қолмен лақтыру кең таралған. Оны орындау үшін жүгіріп келудің соңғы қадаммен бірге доп қағып алынады да екінші қадам жасапитеріле секіреді. Жоғары ұшып бара жатып секіруші аяқпен алға – жоғары қарай қозғалыс жасайды да, сосын тіреуіш аяққа қарай түсіреді. Секіргенсәтте допты қолмен шығара көтеріп ең жоғарғы нүктеде лақтыруды орындайды. Қозғала жүгіріп доп лақтырудан мынандай жаттығулар арқылы орындауға болады.


Жаттықтырушы допты қолын алға созып ұстап, ойын лақтыру сызығында тұрады. Айналысушы қалқанға жүгіріпкеліп бір қадам жасап допты жаттықтырушыныңқолын сүріп, сосын тағы бір қадам жасап лақтыруды орындайды.
Дәл осы кезде жаттығушы айналысушы допқа ие болар сәтінде оны жай ғана вертикаль күйде лақтырады. Бұл допты қолданалмай қағып алу үшін жасалынады.

Дәл осы,лақтыру қарсыкеле жатқансеріктіңәперуі арқылы жасалады.

Қорғаныста ойнау тәсілі.
Қорғаныстағы ойыншының әректі үнемі шабуылданушы командаға қарсылық көрсетуге бағытталуы және допты торғатүсіргенше оған ие болуға бағытталады.Қарсыласы допты торға түсіргеннен оныңшабуылынтоқтата білуқорғаныста ойнау тәсілін машықтану процестерініңең маңызды бөлімдері қатарына қояды.
Спортта көбіне орташа тұрысын қолданады. Аласа тұрыста ол қарсыласы допты жүргізіп жүргенде, ол биігін қысқа ғана демалыс уақытында қолданады. Қорғаушы үнемі белсенді әрекет ету керек. Қарсыласының соңынан қозғалып отыру керек және оның қолында доп бар жоғына қарамастан одан назарды аударыпәкетуге болмайды.
Қорғаушының міндеті:
Жаттығушының допты алуға ыңғайлы орынға көшуіне мүмкіндік бермеу .

Егер ойыншыдопты қағып алған болса онда оны қандайда болмасын қозғалыс жасауына кедергі келтіруі, допқа ие болуға тырысу


2.Волейболда допты ойынға қосу кезіндегі қателіктер

Волейбол[1]((volleyball, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») ) - спорт түрі, анығырақ айтқанда, командалық спорт түрі. Мұнда 2 команда тордың екі жағына бөлініп тұрып, әр команда өздеріне тиесілі арнайы алаңда ойнайды. Ойынның мақсаты - волейбол добын команда өкілдері өздерінің алаңдарына түсіріп алмау керек, керісінше, қарсылас команданың белгіленген алаңына түсіріп, ұпай алу қажет. Егер команда өкілдерінің біреуіне доп тиіп, ол доп аутқа кететін болса, қарсылас команда ұпай еншілейді. Сондықтан қарсыласты қателестіру арқылы ұпай алуға болады. Доп белгілі бір команданың алаңында болған кезде, ол командадан тек үш ойыншы ғана допты келесі жаққа асыруға көмек ете алады, яғни, үш реттен артық допқа қол тигізуге болмайды (блок қойған жағдайда ғана төртінші рет допты алаңда ұстауға болады).



Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 – 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.
Волейбол ойыны аумағы 9∕18м алаңда өткізіледі. Ортаңғы сызық алаңды екіге бөліп тұрады. Ортаңғы сызықтың үстіне екі бағанға керілген волейбол торы орнатылады. Жасөспірім ер балаларға арналған тордың биіктігі – 220 см. қыздар үшін 210 см. болады. Ойынға әрқайсысына 6 ойыншыдан болады. Ойынға диаметрі 65 – 68 см. салмағы 250 г – дық доп пайдаланылады. Бір команданың ойыншылары үштен артық қол тигізуіне болмайды. Бір ойыншы допқа екі рет қол тигізуі рұқсат етілмейді. Ойын барысында доп қай алаңға түссе, сол команда осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі. Жасөспірімдер ойыны 3 немесе 5 кезеңнен тұрады:
· 13-14 жастағылар үшін
· 15-16 жастағылар үшін
· 17-18 жастағылар үшін
Ережелері:
· Доп жерге тисе;
· Команда допқа үш реттен артық қол тигізсе;
· Доп лақтырылса немесе қолда кідіріп (ұсталынып) қалса;
· Доп дененің белден төмен кез – келген жеріне тисе;
· Ойыншы допқа қатарынан екі рет қол тигізсе;
· Ойыншы торға тиіп кетсе;
· Қарсы жақтағы допқа ойыншының қолы тиіп кетсе;
· Доп кезексіз ойынға қосылса;
· Допты арнаулы орыннан ойынға қоспаса;
· Допты ойынға қосқан кезде сол ойыншы алаңның сызығын басып тұрса немесе ішке еніп кетсе;
· Ойынға қосылған доп бағанға, торға т.б. тиіп немесе алаңнан шығып кетсе.
Волейболда допты берудің тәсілдері:
Волейбол ойынының ереже – талабы мынадай айла – тәсілдерден тұрады: оқушылардың орын ауыстыруы, допты бір – біріне беруі, допты ойынға қосу, шабуыл соққысы және оған тосқауыл қою. Волейболдағы орын ауыстыру тәсілдерін тіркемелі адыммен, қосарланған адыммен, жүгірумен, секірумен, бағытты кенеттен өзгертумен және допты құлап бара жатып алумен орындайды.
Волейболда допты берудің екі тәсілі болады.
· Допты жоғарыдан беру.
Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.
· Допты төменнен беру.
Бұл жағдайда қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпақ жілікті) көтеріп, бұрады.
Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру.
Дұрыс тұра білу – жаңа бастаған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігінде тізеден бүгілген күйде кеуде ілгері еңкейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгіліп, бір-біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Егер тордан шоршыған допты қабылдау керек болса, онда ойыншы біршама бүгіледі де, секіре жазылып, допты соғу арқылы ойынды жалғастырады.
Волейболшылар алаңда қосарланған адыммен жүгіру және секіру арқылы орын ауыстырады.
Допты төменнен тіке ойынға қосу
Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.
Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді.
Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады.
Тіке шабуылдау соққысы
Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады. Ұшып келе жатқан допты көргеннен кейін, қолдарын алға әрі жоғары көтере серпіле секіру керек. Ұратын қол допты соғу үшін сермеледі. Кеуде шамалы ғана артқа шалқайтылады. Соғу кезінде кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмсынады.
Соққы допқа күшті тиюі үшін қолдың ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болуы үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс.
Шабуыл соққыларын жасауды бірден үйрену қиын. Сол себепті сабақта болмаса жеке жаттығу кезінде мына қимыл-қозғалыстарды орындап машықтанған жөн:
· Бір не екі қадаммен секірген кездегі аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін орындап көру;
· Шабуыл соққысын жасау;
· Екпін алып, тор арқылы теннис добын лақтыру (бұл жаттығуды орындағанда шабуылдап доп соғуға тән қимыл-қозғалыстардың ырғағын сақтай білу);
· Резеңке серіппедегі (амортизатордағы) допты ұру;
· Екпін алып секіріп, теннис добын қағып алу;
· Теннис добын жоғары лақтырып, тор арқылы “шабуыл соққысын” жасау (әуелі тек жай секірістен және жұппен орындау);
· Тордың маңындағы ұстағышқа (держатель) бекітілген допты соғу;
· Серігінің көтере лақтырып берген добын тор арқылы соғу.
Дене шынықтыру сабағында волейбол тәсілдерін меңгеру мақсатында орындалатын
Арнайы жаттығулар
1.Алаңда орын ауыстыра білу
Алғашқыда асықпай орынды ауыстыра білуге дағдылану. Мұғалімнің ысқырығы арқылы бір мезгілде алаңда орынды тез ауыстыра білуіне көңіл бөлу.
2.Волейболшының тұрысын қайталау.
Допты солдан, оңнан, алдан, арттан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру. Волейболшының тұрысымен допты астынан қабылдау кезіндегі қолдың және аяқтың қалпы. Допты солдан, оңнан, ортадан арттан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру.
3. Допты астынан беру.
Допты солдан, оңнан солдан, оңнан , арттан, ортадан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру.
1. Бір орында доппен жаттығу: допты астынан қабылдауға арналған жаттығу: допты жоғары лақтыру, оны қабылдау.
Допты жоғары лақтырып, оңға – солға бұрылып астынан қабылдау.
Допты астынан қабылдауда алға артқа секіру.
Допты алға жоғары лақтырып, биіктен беру.
Допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биіктен беру
4. Доппен жүру жаттығулары:
Шеңбер бойы жүріп, допты жоғары лақтырып, оны астынан қабылдау.
Допты жоғары лақтыру, оны оңға-солға бұрылып, астынан қабылдау.
Оңға – солға секіру.
Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, биікке беру.
Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биікке беру.
Допты беруде оңға-солға секіру.
Допты жоғары және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.
1. Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарап арақашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, ары қарай қарсыласына көтеріп беру.

2. Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м. Допты қарсыласының қолына дәл беру керек.

3. Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта береді.

Допты төменнен қабылдауды меңгерту

4. Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету. Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға.

5. Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.



6. Арақашықтық 8-10 м. оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.
Допты төменнен қабылдауды меңгерту
Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету.
Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.
Арақашықтық 8-10 м. оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.
· Волейбол ойынына қатысты арнайы жаттығулар жасату.
· Әр оқушыға доп беріп жаттығу жұмыстарын жасату
· Әр екі оқушыға бір доп беріп, өзара доппен ойнауын қадағалап үйрету
· Допты кеудемен зырғанап алу тәсілін үйрету
· Допты бір-біріне жоғардан беру тәсілін үйрету
· Допты бір-біріне төменнен беру тәсілін үйрету
· Допты жанынан беру тәсілін үйрету
· Тордан доп ұру тәсілдерін үйрету
· Торда қарсылас ойыншыға тосқауыл қою тәсілін үйрету
Ойын барысындағы нақты қозғалыстар
Ойын басталғандағы бастапқы тұрыс
Волейбол ойынында ең әуелі, бастапқы тұрыс – ойын барысында еңкейіңкіреп, екі қолды шынтақтан бүгіп, басты көтеріп алдыға қарап тұру. Ұшып келе жатқан допты қағып алу үшін әр түрлі қозғалыстар орындалады. Алдыға, оңға, солға, аттау, допты қағу үшін секіріп барып қолға құлап түсу т.б. қозғалыстар орындалады.
Ойын барысында орындалатын бұрылыстар
Волейбол ойынында орындалатын бұрылыстар ойын процесінде негізгі рөл атқарады. Себебі, ойыншы ұшып келе жатқан допты қабылдап алу үшін міндетті түрде бұрылыстар орындайды. Ойыншы орнында тұрып бұрылуды, ұшып келе жатқан доптың бағытына қарай орындайды. Егер де доп тура келетіндей жағдай болғанда алдыға адымдап барып допты қайтарады. Жалпы бұл қозғалыстың барлығы доптың бағытына байланысты орындалады.
Допты ойынға қосу
Ойыншылар допты ойынға қосудың бірнеше түрін игереді. Бірінші – жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу. Допты шабуылдап ойынға қосқанда қарсы жақтың ойынын қиындатады. Әдетте, допты мұндай тәсілмен беруді меңгеру үшін иық-шынтақ буындарының қимылдық қабілеті мен күші жеткілікті болуы керек. Қарсыластарға допты қатты ұшырып беру үшін қолын сермегенде иық-шынтақ буындары бос қалады. Шабуылдың барлық әдістерін игеру – икемділік, күш, секірумен қатар, денені ауа кеңістігінде ұстай білу т.б. қасиеттерінің дағдылануына байланысты. Бұл құбылыс дененің үнемі қозғалыста болу қабілеттілігін арттыратын арнаулы жаттығуларды орындау нәтижесінде іске асырылады.
Екінші – бүйірден жоғарыдан шабуылдап беру. Бұл әдісте әрине қарсыластың ойындарын қиындата түседі. Бұған да допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосқан сияқты дағдылану керек.
Үшінші – допты астынан тура беру. Бұл әдіс допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу сияқты емес, қарсыласына онша қауіп төндірмейді. Берілген бұл допты қарсыластар оңай қайтарады.
Төртінші – допты астынан жанамалап беру. Бұл допты да қайтарып беру үшін қарсыластарына қиыншылық тудырмайды. Міне, омындай әдістермен доп ойынға қосылады.
Допты беру және қабылдау.
Қарсыластардың берген добын қағып алып, өзара ойнап қарсыластарына шабуыл ұйымдастырады. Енді осы қарсылас жағынан ұшып келген допты қабылдаудың екі түрі бар. Біріншіден – екі қолмен допты астынан қағып алады. Өз әріптестеріне береді, ал өз кезегінде шабуыл ұйымдастырады. Доп қисынсыз ұшып келген жағдайда, онда бір қолмен де қағып алуға болады.
Қорғаныс әдістері
Қорғаныс кезіндегі алаңдағы, яғни доп түсетін орынды біліп тұру – ойыншының ерекше қасиеттері болып табылады. Доп төмен қарай және тез берілсе, ондай жағдайды тез бағдарлау, тез қозғалып допқа ұмтылып құлай түсіп, болмаса айналып барып қабылдау – жеңіс бастамасы болып табылады. Демек, доп үнемі бақылауда болады. Бұл әдістерді үйренуде акробатикалық жаттығулардың пайдасы осындайда керек. Сөйтіп, арнаулы дайындық жаттығулары сабақ барысында волейбол айла – тәсілдерін үйренуде негізгі рөл атқарады. Алаңның қарсы бетінде 6 ойыншы қорғаныс жүйесінде алға қарай бұрыш жасап, қарсыластарының шабуылын қайтаруға дайын тұрады. Қарсы беттегі нөмері 6, 3, 4, 2 алаңдарында орналасқан ойыншылар допты өзара біріне-бірі беріп, тордың үстінен шабуыл жасайды. Яғни, шабуылшы допты бар күшімен қарсыластарына қарай ұрады. Осы кезде қарсыластар тобы тосқауыл қояды. Осы сәтте, 6-нөмірдегі ойыншы 2-нөмірдегі шабуылшының орнын қорғауға барады.
3.Дене шынықтыру сабағының қорытынды бөліміне сипаттама

Оқушылардың дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырылған екі жолмен: оқу сабақтары және жаттығу сабақтары арқылы жүргізіледі. Дене тәрбиесі процесін орындайтын негізгі сабақ -оқу сабағы. Оқу сабағы мұғалімнің басшылығымен арнайы бағдарлама , белгіленген сабақтар кестесі бойынша жүргізіледі. Дене тәрбиесі жүйесінде оқу сабағы 3-бөлімнен тұрады. Дайындық бөліміне :киім ауыстыру,спорттық жабдықтарды орналастыру, кезекшіге тапсырма беру, сапқа тұру т.б. ,сабан басталарда рапорт беру, сабан міндетін хабарлау, көңіл бөлу жаттығуларын орындау жатады.


Кіріспе бөлімінің негізгі міндеті – оқушылардың организімін сабақтың негіді бөлімінің қимыл- әрекетіне функционалды дайындау. Кіріспе – дайындық бөліміне сабақтың жалпы уақытына 5-12 минөттен, жаттықтыру сабақтарына 30-40 минөтке дейін уақыт бөлінеді.
Сабақтың негізгі бөлімінде оқу бағдарламасына және сабан міндетіне сәйкес білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттері орындалады. Негізгі бөлімнің ұзақтығы оқу сабағында 30-35 минөтке, жаттықтыру сабақтарында 90 минөтке дейін созылады.
Сабақтардың қорытынды бөлімінде организмнің функционалдық белсенділігі ақырындап төмендейді. Қорытынды бөлімінде орындалатын жаттығулар сипаты: жүру, арнайы Назар аудару жаттығулары, жәй қарапайым ойындар т.б. Қорытынды бөлімінің ұзақтығы 3-5 минөтке, жаттықтыру сабақтарында 5-10 минөтке дейін созылады.
Бұл бөлімде қимыл әрекетінің орындау тәсілі меңгеріледі және бірталай дағды белгілері пайда бола бастайды. Бірақ жаттығуды орындау тұрақсыздығы сақталады, тәсілді әр түрлі себептер жеңіп бұза алады. Жаттығуды орындау барысында жіберілген қателерді дер кезінде түзетудің маңызы зор. Өйткені ол жаттығушының жаттығуды үйренуде жақсы нәтижеге қол жеткізуіне септігін тигізеді. Қимыл әрекетті меңгерудің бастапқы кезеңдерінде қателер көп кездеседі. Сондықтан оқу әдістемесін дұрыс қолдана отырып оларды болдырмауға ұмтылуы қажет.
Қатенің шынығуы, оны түзету көбінесе жаттығуды қайталау сипатына байланысты .Ол қарапайым қайталау стандартты жаттығулар тәсілін үйренгенде пайдаланылады, оқушылардың қимыл әрекеті мұғалімнің көрсеткендей орындауын талап етеді. Вариативті қайталау қозғалыс әрекетін әр түрлі жағдайда орындай алатын икемділікті талап етеді. Сол мақсатпен қозғалыс әрекетін қайталау әр түрлі ауыспалы варианттар жүйесімен ,түрліше жағдайда орындалады. Оқушылар жаттығулардың стандартты жаттығулар тәсілін үйренгенде пайдаланылады, оқушылардың қимыл әрекеті мұғалімінің көрсеткеніндей орындауын талап етеді. Вариантивті қайталау қозғалыс әрекетін әр түрлі жағдайда орындай алатын икемділікті талап етеді. Сол мақсатпен қозғалыс әрекетін қайталау әр түрлі ауыспалы варианттар жүйесімен, түрліше жағдайда орындалады. Оқушылар жаттығулардың стандартты орындау тәсілін тұрақты игергенде ғана вариативті қайталауды пайдалану қажет.Бұл кезде үйрету әдістерінің барлық топтары қолданылады: сөз қолдану әдістері көрнекі қабылдау әдістері, тәжірибелік әдістері.
Қимыл әрекетін жетілдіру .
Бұл кезеңнің мақсаты қимыл дағдысын қалыптастыру, сол арқылы жоғары қимыл ептілігіне жету. Жаттығуды Жаттығуды көп қайталағаннан соң қимыл ептілігі дағдыға айналады. Қимыл дағдысы деп- жеке қозғалыстарға емес, нақты әрекет нәтижесіне бағытталған қимыл әрекетін автоматтандыра орындай алу қабілеттілігін айтамыз.Қимыл дағдысы әр түрлі қозғаушы факторларға қарсы жоғары тұрақтылық дамытады, көрермендер, әр түрлі. Қимыл дағдысын қалыптастырғанда қозғалыс дәлдігі жақсарады, қимыл ырғағы жетілдіреді жеке қозғалыста біртұтас қимыл әрекетке айналады.Қимыл дағдысын қалыптастыру кезінде азаматшалар қызметін бөлу процесі қатар жүреді.Қимыл дағдысын қалыптастыру кезінде анализаторлар қызметін бөлу процесі қатар жжүреді. Қимыл анализаторының мәнеі артады. Өйткені бұлшық еттердің сезімталдығы қозғалысты бақылауда жетекші рол атқарады. Көру анализаторының қызметі, қоршаған сыртқы ортадағы жағдайды және әрекеттің нәтижелігін бақылау қызметіне ауысады. Қимыл дағдысы жаттығуды көп қайталағанда пайда болады. Жаттығуды дұрыс қайталау мынадай факторларға : үйрету міндетіне, оқу материалының, күрделігіне, оқушылардың дайындық деңгейіне ,оқыту әдістемесінің жетілгендігіне байланысты.Тәжірибеде қайталаудың екі жолы қолданылады.
Созылмалы көптеген сабақтарға бөліне қайталау жасау.Түйінді қысқа мерзімде бір жеке бірнеше сабақты жасау.Қимыл дағдысы әр түрлі және біртіндеп қалыптасады.Әр түрлі қалыптасу төрт түрге бөлінеді.
1.Дағдылы жағымсыз тездете қалыптасуы. Үйрету барысының басында қимыл әрекетін игеру тез, сонан соң ақырындап қалады. Өйткені тәсіл негізгі тез қабылданады да бөлшектері ұзақ игеріледі.
2.Дағдының жағымды тездете қалыпиасуы. Бұл үйренудің бас кезінде дағды, аздап сонан соң тезірек өседі. Әр түрлі қалыптасудың осы түрі, күрделі әрекетке жетелейді, жаттығуды бөлшектеп үйреніп, толықтырғаннан соң, үйренулер дағдының тез өсуін шапшаңдатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет