Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау және режиссерлік ойындарына сипаттама. Драматизация ойындары және оларға басшылық жасау. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту стандартының басты ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау және режиссерлік ойындарына сипаттама.Драматизация ойындары және оларға басшылық жасау.Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту стандартының басты ерекшеліктері
Халқымыздың «баланы ойын өсіреді» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек. Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп ойы сергиді, денесі шымырланады. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С Макаренко былай деді; «Бала ойында қалай болса өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады» Сондықтан балалар үн-түнсіз ойнайды. Тіпті бала жалғыз болғанын өзінде де сөйлесіп жүреді. Сөйлесе жүріп бала пікірлесіп, әсер алысып, ойының түркі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Заман өзгерген сайын адам баласының басынан өткендері баланың ойынында көрініс табатынына ешкім де шек келтірмес. Тәрбиелі балалардың физиологиялық психологиялық ерекшеліктері есте ұстап, ұлттық қозғалыс ойындарын балабақша өмірінде жас ерекшеліктеріне сай келмесе кері әсерін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар ойындар баланың белсенділігін арттылып, тәрбиесінде оң әсерін тигізуді, өзіне де баға бере алады. Әр бір ойын балалардың адамгершілік жолындағы бір көтеріліп баспалдағы секілді. Ойының түркі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтының жалпы анықтамасы. Мысалы: «дүкен», «аурухана», «ұшқыштар», Отбасы, балалар бақшасы және т. б болып ойнайды.