Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау және режиссерлік ойындарына сипаттама. Драматизация ойындары және оларға басшылық жасау. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту стандартының басты ерекшеліктері


Ойын негізінен сергу кезінде ұйымдаcтырылады



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі16,29 Kb.
#87683
1   2
Байланысты:
Байжұма Айжан 1курс(3ж) 7-дәріс

Ойын негізінен сергу кезінде ұйымдаcтырылады. Сондықтан ауада арнаулы құрылыстар ғимараттар, көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Сюжетті рольді ойындар мектепте дейінгі балаларға тән ең сипатты бар ойындар болып табылады.
Мысалы: Дүкен ойының ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттерін жасайды. Ал Аурухана ойыны ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне електейді.


Драматизииялық ойындарда қандай да бір әдеби шығарманың ертегінің т, б сюжетті мен мазмұнына сәйкес болады. Драматизиялық ойынында әрекетінің бірі түрі. Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Мысалы: Сиқырлы қақпақтың сырын ашайық деген ойында ересек топтарды тәрбиелі балаларды зат туралы айта білуге үйрету, балаларды зат туралы айта білуге үйрету олардың жүйесі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Дидактикалық ойының нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл - ой қызметін дамытуда, дара қарым - қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің бағалау. Дидактикалық ойындар топ бөлімшесінде, аулауда, залда өткізіледі. Дидактикалық ойының орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.
Бала үлкейген сайын ойыншықтардың сырт пішінінің сәйкестігіне талаптары күшейе түседі. Алайда, бұл сәйкестіктер талаптар күшейе түседі. Бұл сәйкестіктер оның түсі мен формасы тура табиғи түрдегідей берілмеуі керек. 3 жастан бастап балалар қуыршақтармен ойнау кезінде кейбір құрал – жабдықтарды қолдана бастайды: жиһаз , ыдыс-аяқ және т.б. Кіші мектеп және ересек мектеп жасына дейінгі балалар қозғалысқа түсетін ойыншықтарды қалайды: микроэлектромоторлы шаңсорғыш, кір машинасы, жарықтандырылған тоңазытқыш, жанатын лампа және т.б. Ұсақ ойыншықтармен ойында мектеп жасына дейінгі ересек және кіші мектеп жасындағылар кейбір декорацияларды қажет етеді. Тұрғын үйді бейнелейтін ойыншықтар қажет ( әр түрлі бөлмелер, қақпалар, ағаштар, аула құрылыстары), мектеп (парталар, санағыштар және мектеп тақтасы) және т.б.

Балалардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге көмектесетін ойыншықтар. Баланы үлкендер еңбегімен таныстырады, сол еңбектің құрал – жабдықтарымен таныстырады, балаларды күш – қуатты қажет ететін, еңбекке баулиды, ұжымдық сезімді тәрбиелейді. Көптеген ойыншықтар кәсіптік және тұрмыстық еңбек процесін көрсетеді. Мысалы , «Кішкентай аспаз» жинағы , ұнмен жұмыс жасауға арналған заттардан тұрады. Осындай жинақты пайдалана отырып 5 жасар бала ермексазды оқтаумен жаяды, әр түрлі пішінді ойыншық тоқаштар жасайды. 2 – 4 жасар бала құммен осындай әрекеттер жасайды.


9 тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындары

Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді.


Мектепке дейінгі балаларға арналған техникалық ойыншықтар бала қолының түрткісімен қозғалуы мүмкін, инерттік механизммен қозғалысқа түсуі мүмкін. Мектеп жасына дейінгі бала мен кіші мектеп жасындағы балалар үшін кейбір техникалық ойыншықтар дәлірек айтсақ, транспорттық және жолдық – құрылыстар үлкен мөлшерде жасалады және бала өзі мұндай машинаға отырып қажет жұмысты ойында атқару үшін рөл мен рычагты қозғалысқа келтіреді.


Кішкентай пішінді эксковаторлар, бульдозерлер, крандар үлкен пішінділер сияқты жұмысты атқарады және рычагтармен қолдану арқылы іске қосылады, бірақ ондай кішкентай ойыншықтар болады. Мұндай ойыншықтар естияр және ересек мектеп жасына дейінгі балаларға арналған.




Пластикалық массалар мен ағаштан жасалған құрылыс материалдарда алуан түрлі. Бұлар дайын ойыншықтар емес, «жартылай фабрикаттар» балалар олардан көпірлер, жолдар, үйлер және т.б жасайды. Кубиктер 2 жастағыларға арналған, кубиктер мен кірпіштер 3 жастағыларға, пирамидалар, призмалар, цилиндрлер жиыны, кейде қосымша бөлшектер рөл түрінде, ту және т.б. ересек мектеп жасына дейінгілерге және кіші мектеп жасындағыларға арналған ойыншықтар балалардың өздеріне айналасындағы көріп жүрген құрылысты көрсетуге мүмкіндік береді. Ойыншық жиынына берілген арнайы альбом көрсетілген. Берілген мысал бойынша құрауға мүмкіндік алады. Құрылыс материалдарымен ойнауда көлемді геометриялық денелермен танысады, оларда форма, үлкендік, орналасу, ара қашықтық, бағытталу жайлы түсініктер қалыптасады. Техникалық ойыншықтарға металлды конструкторлар жинағын, балаларға арналған инструменттер, баланың техникалық шығармашылығына арналған бөлшектер, химиялық реактивтермен, токпен жұмыс істеуге арналған арнайы жинақтарды да жатқызамыз, бірақ мұндағы талаптар басқаша, еңбек түрі де басқаша, сондықтан бұл ойыншықтарды ойын-әдістеме деп қарастырған дұрысырақ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет