қоршаған тілдік ортаны әртүрлі ластанудан сақтау, тазалау;
қазіргі жастар тіліндегі тілдік нормадан ауытқулардың жалпы сипатын білу.
БАСТЫ МӘСЕЛЕСІ:
Жастар тіліндегі жаргондармен күрес
Ж А Ғ Д А Я Т
“Аударма ісі” мамандығында оқитын Маратқа курстасы Қайсар телефон соғып былай деді:
Кеше маяк тастап едім, неге звондамадың? Кешке если че маған қарай тартыл да, келе жатқан жолыңда магазиннен сущняк, хавчик ала салшы.
Қайсардың сөзінен аса ештеңені түсіне қоймаған Марат оның қазақ тілінде неге таза сөйлемейтіндігіне таңданды.
Жаргондарды қолданғаннан тілдің тазалығына нұқсан келетіндігін айтып ескерту жасады. Алайда, оның сөзіне Қайсар: “Қазір елдің барлығы осылай сөйлейді” , - деді. Осылайша, олардың арасында түсініспеушілік пайда болды.
Мараттың «дүкенге барсаң тіске басар немесе тамақ ала келші» деудің орнына «магазиннен сущняк, хавчик ала салшы», «кешкісін қолың бос болса, үйге қонаққа кел» деудің орнына «кешке если че маған қарай тартыл» дегендердің паразит сөздер екендігі екендігін ескерткеніне досы мән бермеді.