1 Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттырудың теориялық негіздері


Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын оқу пәндерін интеграциялау негізінде арттырудағы тәжірибелік-педагогикалық эксперимент мазмұны



бет5/5
Дата19.04.2020
өлшемі0,8 Mb.
#63046
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру

2.2 Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын оқу пәндерін интеграциялау негізінде арттырудағы тәжірибелік-педагогикалық эксперимент мазмұны

Тәжірибелік эксперимент жұмысы Павлодар қаласы, №19 жалпы орта мектебінде өткізілді. Экспериментке 3-4-ші сыныптардан 50 оқушы қатысты. Оның 24−і бақылау тобы, 26-сы эксперименттік топ.

Алға қойылған міндеттерді түбегейлі шешу және қозғаған ғылыми болжамның дұрыстығын тексеру мақсатында оқушылармен эксперименттік жұмыс (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді.

Анықтау экспериментінің негізгі мақсаты – бастауыш сынып пәндерін интеграциялау әдістерін анықтау болды.

Зерттеу жұмысы барысында бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда мектеп пен өмірді, оқыту мен практиканы байланыстыруды, жан-жақты дамыту мен дұрыс тәрбие беруде пәндерді интеграциялаудың маңыздылығына еліміздегі және шетелдердегі көптеген мектептердің үлкен мән беруі анықталды. Пәндерді оқытуда тақырыптардың мазмұнына сәйкес күнделікті сабақта пәндерді интеграциялау – бастауыш мектепте бүкіл оқыту үдерісін жетілдіріп, жеңілдетуде оқушылардың білім сапасын арттыруда өте маңызды рөл атқаратыны тәжірибе жүзінде дәлелденіп, оны қолданысқа көбірек кірістірудің жолдары іздестірілуде.

Бастауыш сынып мұғалімдерімен жүргізілген сауалнама мынадай мәселелердің басын ашып, айқындап берді:

- мұғалімдердің көпшілігі тек оқулықта берілген мәтін мазмұнын түсіндіруге тырысады, оның өзін де толық ашып түсіндіре алмайды;

- пәндерді интеграциялау әдіс-тәсілдерін, түрлерін нашар меңгеретіндіктен сабақта пайдалану тәжірибелерінің аздығы және жетіспейтіндігі;

- интеграциялау әдіс-тәсілдері мен бағытын көрсететін әдістемелік құралдар мен нұсқаулардың жоқтығы.

Анықтау эксперименті барысында үш компонент бойынша (мақсатты мотивациялық, мазмұндық-танымдық, операциялық-іс-әрекеттік) даярланған анкеталық сұрақтар, сауалнама, әңгімелесу, тест, бақылау әдістері, арнайы тапсырмалар жүйесін қолданып пәндерді интеграциялау арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын қалыптастыру деңгейі анықталды. Эксперимент нәтижесі бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндерді интеграциялау туралы білімдерінің төмендігін, интеграциялау тек жалпылама түрде қысқаша меңгерілетінін, оны оқушылардың білім сапасын қалыптастыру мақсатында пайдаланылмайтынын көрсетті.

Бірінші кезеңде бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде пәнаралық интеграция деңгейі анықталды. Оқушылардың пәнаралық интеграция негізіндегі білімдері мен түсінік, ұғымдары, оларды қажетті жерде қолдана пайдалана білу дағдылары бақыланды. Бұл кезеңде 3-4 сынып оқушыларына пәнаралық интеграция арқылы білім сапасын арттыру мәселелері қарастырылды. Оқушылардың интеграцияланған сабақтар жөнінде танымдық деңгейі, білімі, түсініктері тексерілді. Ең бастысы біз берілген деңгейлер бойынша бастауыш сынып оқушыларының білім сапасының арттуына пәндер интеграциясының әсері, ықпалы мен көмегі қандай екендігін анықтау мақсатында сауалнама, тестер жүргізуді жөн көрдік.

1. Сауалнаманың тақырыбы «Оқушылардың оқу пәндеріне деген өзіндік көзқарастарын анықтау». Сауалнаманың мақсаты:

1. Жан-жақты жетілген тұлғаны дамыту;

2. Оқушыларды оқуға ынталандырудағы оқыту пәндерінің рөлін анықтау;

3. Оқушылардың білімі мен шеберліктерінің пәндер интеграциясына мүмкін болар серіктестікке нұсқайтын пәндерді анықтау.

Сауалнама сұрақтары:

1. Мына төмендегі пәндерді өзіңді қызықтыратын ретпен орналастыр.

1

2

3

4

5

6

7

8
















Математика

Орыс тілі

Денешынықтыру

Қазақ тілі

Еңбек


Дүниетану

Ағылшын тілі

Музыка

1. Бұл пәндер саған неліктен ұнайды?



2. Пәндерді ұнатпау себебін көрсет.

Сауалнама қорытындысы: Оқушылардың пәндерге деген көзқарасы нәтижелері мынандай:

1. Математика – 70 %;

2. Орыс тілі– 83 %;

3. Дене шынықтыру – 88 %;

4. Қазақ тілі – 77 %

5. Еңбек – 81 %

6. Ағылшын тілі – 50 %;

7. Дүниетану – 68 %

8. Музыка– 83 %;

Сауалнама көрсеткіші негізінде әртүрлі интегралды сабақтарды жүргізу барысында оқушылардың пәнге деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарының артқандығын төменде берілген суреттен байқалады.


Сурет 3 – Оқушылардың пәнге деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтары

Сауалнаманың нәтижелері ескеріле отырып, мынандай міндеттер жүзеге асырылды:

1. Пәнге байланысты ортақ тақырыптарды анықтау, оларды интеграция тәсілі бойынша жүйелеу;

2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыруға себебін тигізетін көрнекі құралдар (деңгейлік тапсырмалар, тесттер, өздік жұмыстарға арналған карточкалар т.б.) дайындау.

Эксперимент соңында оқушылардың интеграциялық сабақтарға эмоционалдық қатынасын анықтау мақсатында сауалнама алынды.

Сауалнамада оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылды:

1. Қандай сабақтар сені қызықтырды?

2. Қандай сабақтар саған қызықты болмады?

3. Қай сабақтар ұнамады?

4. Қай сабақтарды ұнаттың?

Сауалнама нәтижесінде бақылау сыныптарында оқушылардың 12% сабақ ұнамады, 42% сабақ ұнады, 46% сабақ өте жақсы өтті әрі қызықты болды деп жауап берген болса, ал эксперименттік сыныптарда оқушылардың 4% сабақ ұнамады, 25 % сабақ ұнады, 71% сабақ өте жақсы өтті әрі қызықты болды.



Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың интеграциялық сабақтарға эмоционалдық қатынасы суретте пайыздық көрсеткішпен берілген.

Сурет 4 – Оқушылардың интеграциялық сабақтарға эмоционалдық қатынасының деңгейі

Зерттеулер нәтижесінде пәндер интеграциясының оқу-тәрбие үдерісінде, өз дәрежесіне сәйкес келмейтіндігі және бастауыш сынып мұғалімдеріне бұл саладан әлі де болса жүйелі әрі мақсатты түрде әдістемелік даярлықты күшейту керектігі байқалды.

Сонымен бірге пәндерді интеграциялау жұмыстары яғни интеграциялық сабақтар көп жүргізілмейтіндігі байқалады. Мысалы, оқушылар табиғи құбылыстардың болу себептерін немесе қалай болатындығынан хабарлары болмады. Сонымен қатар, пәндер бойынша тақырыптарды өту барысында оқушыларда сол өтіп жатқан пән шеңберінде шектеліп қалатыны байқалды.

Жоғарыдағы анықтау кезеңіндегі дәйектерге сүйене отырып, мынадай қорытынды жасадық:



  • оқушылар интеграцияланған сабақтар туралы аз біледі;

  • мұғалімдер пәндер интеграциясын өз деңгейінде пайдаланбайды;

  • бұның өзі оқушылардың дүниетанымының қалыптасуына кері әсерін тигізеді;

  • мұғалімдер пәндер интеграциясын жүзеге асыру жүйесін нашар біледі;

  • оқушылардың қоршаған ортасындағы өзгерістер мен жаңалықтарға деген ықыласы аз;

  • оқушылармен бақылау, тәжірибе жұмыстары өте аз жүргізіледі; бастауыш мектеп мұғалімдеріне пәндер интеграциясы мәселелерін талдайтын арнайы әдістемелік құралдың болмауы;

  • мұғалімдердің интеграциялық сабақтарды ұйымдастыру шеберліктерін дамытпайтындығы пәндер интеграциясы арқылы білім сапасын арттыру деңгейінің төмендігіне себепші болған.

Анықтау экспериментінің нәтижесі 6-кестеде және 5-суретте көрсетілген.

Кесте 6 – Бастауыш сынып оқушыларының пәндер интеграциясы арқылы білім сапасын анықтау экспериментінің сандық көрсеткіші



Білімдік, тәрбиелік көрсеткіш түрлері

Эксперименттік сыныптар

(24 оқушы)



Бақылау сыныптар

(26 оқушы)



жоғары

орта

төмен

жоғары

орта

төмен

Пәндер интеграциясы арқылы білім сапасын арттырудағы оқушылардың қызығушылығы

19%

28%

53%

21%

27%

52%

Пәндер интеграциясы арқылы білім сапасын арттырудағы оқушылардың белсенділігі

17%

28%

55%

18%

28%

54%

Пәндер интеграциясы негізінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім сапасын арттыру икемділігі

21%

25%

54%

21%

26%

53%

Барлығы

19%

27%

54%

20%

27%

53%


Сурет 5 – Пәндер интеграциясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын анықтау деңгейлері


Анықтау экспериментінің нәтижесіне қарап отырып, пәндер интеграциясы арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруда ғылыми негізделген әдістеменің қажеттілігін байқауға болады.

Қалыптастыру экспериментінің мақсаты пәндерді интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттырудың әдістемелік нұсқауын сынақтан өткізу және оның тиімділігін тексеру болды. Бұл мақсатқа жету төмендегідей міндеттердің шешімін табумен байланысты:

- арнайы пәндердің мүмкіндіктерін пайдалану;

- арнайы бағдарлама жасап, сынақтан өткізу;

- қосымша тапсырмалар арқылы білімдерін бекіту, олардың білімі мен іскерліктерін қалыптастыру.

Біз зерттеу барысында сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейін арттыру мақсатында, қалыптастыру экспериментінің барлық кезеңдерінде алдын-ала бекітілген жоспар бойынша сабақ түрлерін жүргізудің үлгілері келтірілді. Сабақ түрлерін пәндерді интеграциялау негізінде жүргізудің үлгілері мен әдістеріне сипаттама беріледі.

Бақылау кезеңінде пәндерді интеграциялау арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасының қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында соңғы кесінді жүргізілді. Оқушыларға анықтау эксперименті кезеңіндегі тапсырма қайта ұсынылды. Орындалған тапсырмалар нәтижесі былайша ой тұжырымдауға мүмкіндік береді:

- оқушылардың пәндерге деген қызығушылығы артты;

- мұғалімдердің пәндерді интеграциялау арқылы сабақ жүргізуге деген ынта-ықыласы жоғарылады;

- бастауыш сынып оқушыларының пәндерді интеграциялау арқылы білім сапасын құраушы қасиет бірліктері толықтырылды.

Екінші кезеңде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында пәндер интеграциясын пайдаланудың жолдары қарастырылды. Бұл күрделі жұмыс үшін пәндер интеграциясына бағытталған педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектері қарастырылды және басшылыққа алынды. Осы еңбектерді егжей-тегжейлі қарастыру барысында оқу пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттырудың моделі құрылды.

Пәндер интеграциясы арқылы оқушылардың ғылыми түсініктерін қалыптастырудың жолдары көрсетіледі. Бастауыш сынып пәндерінен интеграцияланған сабақ үлгілері беріледі. Мысалы, 3-сыныпта математика пәнінен «Фигураларды өлшеміне қарай салыстыру» тақырыбын өткізуде дүниетану, еңбеке баулу, бейнелеу өнері пәндерімен; сол сияқты дүниетану пәнінен «Заттар» тақырыбын өткізуде математика, Бейнелеу өнері, еңбеке баулу пәндерімен, еңбекке баулу пәнінен «Панно жасау», «Анаға сыйлық»» тақырыбын өткізуде бейнелеу өнері, математика, дүниетану пәндерімен; Бейнелеу өнері пәнінен «Шуақты күн» тақырыбын өткізуде еңбекке баулу, дүниетану, математика пәндерімен; қазақ тілі пәнінен «Сан есімді қайталаймыз» тақырыбын өткізуде музыка, дене шынықтыру, өзін-өзі тану пәндерімен; Өзін-өзі тану пәнінен «Менің сүйікті ісім» тақырыбын өткізуде музыка, дене шынықтыру, қазақ тілі пәндерімен; дене шынықтыру пәнінен «Қозғалмалы ойындар» тақырыбын өткізуде өзін-өзі тану, қазақ тілі, музыка пәндерімен пәнаралық интеграция жүзеге асырылды.

4-сынып, 3 тоқсан бойынша математика пәнінен «Бұрыш, үшбұрыштар түрлері» тақырыбын өткізуде дүниетану, бейнелеу өнері, еңбеке баулу пәндерімен; дүниетану пәнінен «Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы «Менің үйім – менің отбасым»» тақырыбын өткізуде математика, бейнелеу өнері, еңбеке баулу пәндерімен; еңбекке баулу пәнінен «Жұмыртқа қабығынан шырша ойыншығын жасау» тақырыбын өткізуде бейнелеу өнері, дүниетану, математика пәндерімен; Бейнелеу өнері пәнінен «Ұлттық киім» тақырыбын өткізуде еңбеке баулу, математика, дүниетану пәндерімен; қазақ тілі пәнінен «Буын үндестігі» тақырыбын өткізуде әдебиеттік оқу, музыка, өзін-өзі тану пәндерімен; Өзін-өзі тану пәнінен «Менің сыныбым – менің ұжымым» тақырыбын өткізуде әдебиеттік оқу, қазақ тілі, музыка пәндерімен пәнаралық интеграция жүзеге асырылды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде пәндер интеграциясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру деңгейін анықтау мақсатында бақылау жұмыстары, тест, сауалнамалар алынды және осы кезеңде сабақтарды интеграциялау барысында эмоционалдық қарым-қатынас деңгейі айқындалып, танымдық іс-әрекетімен белсенділіктерінің артқанын байқауға болады.

Оқушылардың интеграциялық сабақтарға эмоционалдық қатынасының деңгейін анықтауда бақылау сыныптарында сабақ өте жақсы өтті дегендері – 46%, сабақ ұнады дегендер – 42,5%, сабақ ұнамады дегендер – 11,5% болды. Ал, эксперименттік сыныптарда сабақ өте жақсы өтті дегендері – 71,4 %, сабақ ұнады дегендер – 25%, сабақ ұнамады дегендер – 3,6% болды.

Интеграциялық сабақтарды жүргізгеннен кейінгі оқушылардың танымдық белсенділігінің артқандығының салыстырмалы талдауы бақылау сыныптарында төмен деңгей – 15%, орта деңгей – 46%, жоғары деңгей – 39% пайызды құраса, эксперименттік сыныптарда төмен деңгей – 6%, орта деңгей – 41%, жоғары деңгей – 53% пайызды құрады.



Осыған байланысты оқушылардың танымдық белсенділігінің артқандығын айқындау үшін эксперимент және бақылау топтары арасында салыстырмалы талдау жүргізілді. Салыстырмалы талдау нәтижесі 6-суретте көрсетілген.

Сурет 6 – Интеграциялық сабақтарды жүргізгеннен кейінгі оқушылардың танымдық белсенділігінің артқандығының салыстырмалы талдауы


Эксперименттік топ оқушыларына сабақ интеграцияланып жүргізілсе ал, бақылау тобының оқушылары бұл тақырыптарды жеке-жеке өзін-өзі тану және дүниетану сабақтарында оқыды. Өзін-өзі тану және дүниетану пәндері бойынша барлық өзара байланысты тақырыптардан интеграцияланған сабақтар өткізілді. 4-ші диаграммада барлық өткізілген интерацияланған сабақтардың тапсырмаларын тексеру нәтижесінде білім сапасының пайыздық көрсеткіштері 7-суретте көрсетілген.

Сурет 7 – Эксперименттік және бақылау сыныптарындағы білім сапасының нәтижелері


Эксперименттік сыныптарындағы білім сапасының нәтижелері дүниетану пәні бойынша – 96%, өзін-өзі тану пәні бойынша – 76%- ды көрсетті, ал бақылау сыныптарында дүниетану пәні бойынша - 76%, өзін-өзі тану пәні бойынша – 64%-ды көрсетті.

Зерттеу нәтижесінде келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік алдық:

- эксперимент жүргізілгеннен кейін танымдық қызығушылығы артты;

- оқушының оқуға және оқу пәндеріне деген қатынасы позитивті өзгерді;

- интеграцияланған сабақтар сынып ішіндегі эмоциялық көңіл-күйді арттырып, балалардың жеке шығармашылығын ашып көрсетуіне мүмкіндік берді;

- балалар бір-бірімен көп қарым-қатынас жасауға, оқуға деген қызығушылығы артып, қиындықтардан қорықпай, жаңаны білуге ұмтыла бастады;

- оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті белсенді болып қалыптаса бастады.

Оқушылардың білім деңгейіне мониторинг жүргізу арқылы біз өткізген тақырыптар бойынша интеграцияланған сабақтарды оқушылар дәстүрлі сабақтарға қарағанда жақсы меңгерген. Эксперименттің бақылау кезеңіндегі тексерулердің қорытындысы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттырып, оқу-танымдық іскерліктерінің, ой-өрісінің, тәрбиесінің артқандығын төмендегі кестеден және 8-суреттен байқаймыз.


Кесте 7 – Бастауыш сынып оқушыларының пәндер интеграциясы арқылы білім сапасын қалыптасу көрсеткіші

Білімдік, тәрбиелік көрсеткіш түрлері

Эксперименттік сыныптар

(24 оқушы)



Бақылау сыныптар

(26 оқушы)



жоғары

орта

төмен

жоғары

орта

төмен

Пәндер интеграциясы арқылы білім сапасын арттырудағы оқушылардың қызығушылығы

39%

37%

24%

22%

26%

52%

Пәндер интеграциясы арқылы білім сапасын арттырудағы оқушылардың белсенділігі

38%

43%

19%

21%

27%

52%

Пәндер интеграциясы негізінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім сапасын арттыру икемділігі

43%

44%

13%

25%

27%

48%

Барлығы

40%

41%

19%

23%

27%

51%


Сурет 8 – Бастауыш сынып оқушыларының пәндер интеграциясы арқылы білім сапасын қалыптасу деңгейлері


Осы қорытынды кестеге қарап, бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда пәндер интеграциясын сабақ мазмұнына сәйкес және тақырыптарға үйлестіріп пайдаланғанда оқушылардың білім мазмұнын қабылдауы жеңілдегендігі, оқуға, пәнге қызығушылықтары мен ынталарының артып, білім деңгейінің көтерілгендігі анықталды. Зерттеу нәтижесінің қорытындысында бастауыш сынып оқушыларының жалпы сапалық үлгерім көрсеткіші жоғарылағандығы дәлелденді.

Сонымен қатар зерттеу барысында пәндерді интеграциялау негізінде білім сапасын арттыру жұмыстары бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне практикалық тапсырмалар берілді. Практикалық тапсырма нәтижесінде мұғалімдерде интеграция, пәндер интеграциясы ұғымдарын түсініп, білім беру салалары бойынша интеграцияланған сабақтар мазмұнын құруды және бастауыш сынып пәндерін интеграциялау негізінде білім сапасын арттырудың әдістерін, интеграциялық тапсырмалар құрастырып үйренді. Алынған нәтижелерді талдау және оларды анықтау эксперименттік және бақылау сыныптарындағы көрсеткіштермен салыстыру эксперименттік жұмыстың бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруға оң ықпал еткенін аңғартты. Білім меңгерудегі таным деңгейіне байланысты алынған нәтижелерді 8-кестеден көруге болады.


Кесте 8 – Бастауыш сынып оқушыларын пәндер интеграциясы арқылы білім сапасын арттыру деңгейінің көрсеткіштері

Деңгей-лер

Эксперименттік сыныптар

Бақылау сыныптары

Экспериментке дейін

Эксперимент-тен кейін

Экспериментке дейін

Эксперимент-тен кейін

Жалпы оқушы саны – 24

Жалпы оқушы саны – 26

Жоғары

19

40

20

23

Орта

27

41

27

27

Төмен

54

19

53

51

Кестеде келтірілген мәліметтер біз ұсынған арнайы сабақтар бойынша бастауыш сынып оқушыларының жоғары нәтижелерге қол жеткізгендігін дәлелдейді.

Эксперименттік топтардың тәжірибелік экспериментке дейін білім меңгерудегі танымның жоғары деңгейі 19 % оқушылар санында байқалса, ол көрсеткіш эксперименттен кейін 40%-ға өскені байқалды. Меңгерудегі танымның орта деңгейіндегі оқушылар 27%-дан 41%-ға дейін көтерілді. Меңгерудегі танымның төменгі деңгейіндегі оқушылардың саны 54%-дан 19%-ға дейін төмендеді. Ал енді бақылау топтарындағы кейбір кішігірім өзгерістер оқушылардың жалпы білім деңгейіне бетбұрыс жасай алмады. Олардың бүкіл деңгейінің көрсеткіштері шамамен сол қалпында өзгеріссіз қалды.

Біздің зерттеу жұмысымызға сәйкес жүргізілген эксперимент материалдарын төмендегіше нақтылау жүзеге асырылды. Білім саласына сәйкес сапа қасиеттерінің Б.Блум таксономиясының деңгейлері бойынша мазмұнын төмендегідей көрсетуге болады.

Білу деңгейі: оқыған немесе тану арқылы мәліметтердің есте сақталуын тексеру; мағлұматтар мен деректерді еске түсіру; белгілерді бос қалдырылған орындардың орнына қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау; олардың қолдану тәртібін айту.

Бұл деңгейдегі меңгерілген оқу материалдары, білім сапасының негізіне беріктік қасиетінің басымдығы алынады деп болжауға болады. Мұнда білімнің басқа да қасиеттері төмен деңгейде көрініс табады.



Түсіну деңгейі: зерделеген оқу материалдарын, мәліметтерді басқа таныс жүйеге түрлендіру, есте сақталған мағлұматтарды басқаларға жеткізу жолын айқындау; ұқсастық пен айырмашылықты анықтау, салыстыру, нәтижені суреттеу.

Бұл деңгейде меңгерілген оқу материалдары, білім сапасының негізіне беріктік, тереңдік, оперативтілік қасиеттерінің басымдығы алынады. Сондай-ақ, мұнда білімнің басқа да қасиеттері көрініс табады.



Қолдану деңгейі: зерделеген оқу материалдарын белгілі бір мәселені шешу үшін қолдану немесе іске асыру.

Бұл деңгейде меңгерілген оқу материалдары, білім сапасының негізіне беріктік, тереңдік, жүйелілік, икемділік, оперативтілік, саналылық қасиеттерінің басымдығы алынады. Пәнаралық іскерліктің мәні жоғары.



Талдау деңгейі: зерделенген нысанның құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөіктерге жіктеу; түсіну деңгейіне қарағанда талдау деңгейі мәліметтерді терең өңдеумен, игерумен сипатталады.

Бұл деңгейде меңгерілген оқу материалдары, білім сапасының негізіне беріктік, тереңдік, жүйелілік, икемділік, оперативтілік, саналылық, мәліметті ашып жазушылық, нақтылық қасиеттерінің басымдығы алынады.



Жинақтау деңгейі: зерделеген және меңгерген оқу материалдарынан жаңа мазмұн тудыру мақсатында элементтерді біріктіру, құрылым құрастыру. Бұл деңгей қолдану деңгейінен күрделі логикалық амалдармен ерекшеленеді.

Бұл деңгейде талдау деңгейіне тән қосымша нақтылыққа қарағанда талдап қорытушылыққа өту, оралымдылық білім сапасы қасиеттерінің көрініс табуы орын алады.



Бағалау деңгейі: зерделенген, меңгерілген оқу материалдарына сәйкес пікірталас тудыратын мәселелер бойынша шешім қабылдау, оны дәлелдеу; оқушының өзінің ойын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негіздеу.

Бұл деңгейде білім сапасының барлық қасиеттері тереңінен көрініс табады және қалған деңгейлердегі білім құраушылары негізі қалайды. Аталған деңгей шығармашылық сипат алумен және оны негіздеумен ерекшеленеді.

Біздер зерттеу жұмысымызда әрбір деңгей бойынша бағалау критерийлерін анықтадық:

Жоғары деңгей – оқушы оқу материалдарын толық түсінгендігін көрсетеді.

Жеткілікті жоғары деңгей – оқушы оқу материалдарының толық мәнін аз мөлшерде түсінгендігін көрсетеді.

Орта деңгей – оқушы оқу материалдарын шектеулі түсінгендігі туралы мағлұмат береді.

Төмен деңгей – оқушы оқу материалдарын толықтай түсінбегендігі туралы мағлұмат береді.

Білім саласының түсіну деңгейі таным деңгейінің төменгі сатысы бойынша бақылау және эксперимент топтарында алынған мәліметтерді 9-кестеден және -суреттен көруге болады.


Кесте 9 – Оқушылардың түсіну деңгейі бойынша білімнің қалыптастырылуы (Эксперимент тобы (ЭТ) – 24, Бақылау тобы (БТ) – 26)

Жұмыс

кезеңдері



Бақылау тобы, %

Эксперимент тобы, %

басы

соңы

басы

соңы

Жоғары

-

5

-

24

Жеткілікті

14

32

18

30

Орта

40

38

34

32

Төмен

46

25

48

14



Сурет 9– Білім сапасының түсіну деңгейінде қалыптасу динамикасы
Сонымен жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау пәндерді интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын қалыптастырудың оқыту формаларын білім беру мекемелерінде пайдаланудың тиімділігін көрсетіп, соған сәйкес ұсынылған зерттеуіміздің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп берді.


Қорытынды
Зерттеу жұмысында бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын пәндер интеграциясы негізінде арттыру мәселесі зерттелді. Білім сапасын арттыру мұғалімнің дайындығына, оқушының оқу/оқыту үдерісіне деген қатынасына, оқыту үдерісі сапасын жетілдірудегі оқыту технологиясы мен әдістемесіне байланысты болып табылатыны қарастырылды.

Осыған байланысты алынған нәтижелерді төмендегідей қорытындылауға болады:

1. Білім беру жүйесіндегі орын алып отырған оң өзгерістер анықталды, оның ішінде оқыту нәтижесіне, құзыреттерге бағытталған білім беру үдерісін ұйымдастырудың жүзеге асырылуы. Құзыреттер, оқыту нәтижелері оларды құраушылар: білім, іскерлік (психомоторлы дағды) және құндылық құраушылар (сала) арқылы анықталатыны және жүзеге асырылатыны, оның ішінде білімдік сала негізін білім айқындайтыны анықталды. Осыған байланысты зерттеу жұмысында философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнайы оқу құралдарын зерделеуге сәйкес «білім», «білім сапасы» ұғымдарының педагогикалық мәні мен мағынасы нақтыланды.

Білім сапасын арттыру бойынша жұмыстардың: анықтау, нақтылау, ұсыныс және өзгеріс енгізу деңгейі бойынша жүргізілгендігі айқындалды.

Білім және оны меңгерту, білім сапасы, оны арттыру, оқыту сапасын жетілдіру бағытында жүргізілген жұмыстар бойынша төмендегідей тұжырым жасалды:

- оқыту үдерісінде білім меңгерту/меңгеру оқытудың іс-әрекеттік тұғыр тұрғысынан жүзеге асырылатыны қарастырылды. Бұл өз кезегінде оқушының білім деңгейіне сәйкес оқу жұмыстарын ұйымдастыруға негізін қалайтыны сипатталды;

- оқытуда жүйелілік тұғыр тұрғысынан мұғалім мен оқушы іс-әрекеті сабақтастықта, үйлесімділікте қарастырылатыны мазмұндалды;

- оқытуда білім сапасын арттырудағы технологиялық тұғыр оқушы білімінің бір деңгейден екінші (жоғары) деңгейге қол жеткізуіне, өзінің сапалық тұрғыдан өзгеруіне және оқушының түрлендіруші іс-әрекетінің, ақпаратты амал жасауының негізін қалайтыны; оқыту әдістемесін анықтаудағы оқыту үдерісін жобалау – технологиясын құрастыру негізін айқындайтыны атап көрсетілді.

2. Оқушылардың білім сапасын арттыруда интеграциялаудың педагогикалық негіздерін айқындаудағы «пәнаралық байланысты», «пәнаралық іскерлік» ұғымдарының мәні, түрі жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары мазмұнын зерделеумен анықталды. Пәнаралық байланыстың оқу материалдары мазмұны, жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыру, оқыту әдістері мен құралдары, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдары бойынша жүзеге асырылатыны айқындалды.

«Интеграция» ұғымына, оның ішінде ұғымның пайда болуына, оған берілген ғалымдардың анықтамалары мен түсініктеріне, интеграциялаудың түрлеріне, деңгейлеріне талдау жасалды. Зерттеуімізге байланысты интрапәндік, интерпәндік және транспәндік интеграцияның жүзеге асырылу мүмкіндіктері қарастырылды. Пәнаралық интеграцияның тұлғалық-бағдарлы оқытудың мағыналық жүйесін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі болып табылатыны (С.Мұханбетжанова) нақтыланды.

Пәнаралық интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттырудың ойлау қызметінің ассоциативтік теориясына сәйкес жүзеге асырылатыны жұмыстың мазмұнында толық мәнді сипатталды.

Зерттеулерге сәйкес анықталғандай білім берудегі интеграция оқытуда бірнеше функцияларды жүзеге асыратыны атап көрсетілді, олар:

- оқушылардың оқытылатын пәндерге қазіргі заманғы көзқарасын қалыптастыру (әдістемелік қызметі);

- жүйенің жекелеген бөліктерін байланыстыру, танымдық икемділікті, жүйелілікті қалыптастыру (білім беру қызметі);

- білім деңгейін кеңейту, таным белсенділігін қалыптастыру (дамытушылық қызметі);

- оқуды ұйымдастырудағы әдістер мен формаларды және оқу материалдарының құрылымын жетілдіру (конструктивті қызметі).

3. Білім берудегі/оқытудағы интеграцияның жүзеге асыратын функцияларына және оның әдістемелік құбылыс болып табылуына сәйкес, сондай-ақ оқытудағы іс-әрекеттің кезектесуін, балалар меңгерген қарапайым білім немесе іс-әрекеттің бір пәннен, екінші пәнге ауысуын қамтамасыз етуін; балалардың білімдерін бекіту үшін оқыту үдерісін жетілдіретінін, т.с.с. айқындай келе, оның білім сапасын арттыратыны анықталды.

Зерттеу жұмысына байланысты:

-оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттырудағы педагогикалық үдеріс моделі;

-оқушылардың білімді сапа көрсеткіштеріне сәйкес меңгерудегі компоненттері, өлшемдер мен көрсеткіштер;

-оқу іс-әрекеті тәсілдеріне оқыту/баулу кезеңдері, оқыту әдістері, оқу ісәрекеті қасиеттерінің болуы, қалыптанатын білім сапасы қасиеттері қамтылған білім сапасын арттыруға бағытталған оқыту үдерісінің үлгісі (сызбасы) әзірленді.

Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын пәндерді интеграциялау негізінде арттырудың дидактикалық шарттары анықталды, олар:



  1. Мақсаты, оқытудың міндеттерінің қойылуы (оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру.

  2. Оқыту мазмұнында пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқу материалдарының болуы.

  3. Оқытуда пәнаралық принциптердің басшылыққа алынуы.

  4. Оқыту/оқу әдістерінің пәндер интеграциясын қамтамасыз етумен білім сапасын арттыруда жүзеге асырылуы.

  5. Білім сапасын арттыруда оқытуды ұйымдастыру формаларының, интеграциялық сабақтардың орын алуы.

  6. Оқушылардың танымдық және шығармашылық іс-әрекеттерін дамытудың құралдары мен іс-әрекет бағыттары бойынша жаңалықты оқу материалдарының болуы, оқушының білім меңгеру бойынша белсенділігі.

  7. Оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру бойынша мұғалім даярлығы.

  8. Білім сапасын арттыруға бағытталған оқыту технологиясы, оның техникалық жарақталуы.

  9. Оқыту нәтижелерінде оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасының арттырылуы.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі





  1. Назарбаев Н.А. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана, 2012. http://www.akorda.kz/kz/page/page_kazakstan khalkyna-zholdauy - 2012

  2. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан, №11 (28235) 18 қаңтар сенбі 2014. - 34 б.

  3. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты // http://www.akorda.kz /kz/page/kazakstanrespulikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan-khalkyna-zholdauy-27012012zh_1341124121

  4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. -Астана, 2011, маусым. - 52 б.

  5. Құдайқұлов М.Ә. Творчестволық және бәсекелестік қабілеттілік. − Алматы: Школа ХХІ века, 2006. - 76 б.

  6. Ожегов С.И. Словарь русского языка. - М.: Русск. Язык, 1986. - 797 с.

  7. Барсай Б.Т. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми – педагогикалық негіздері: пед. ғыл. док. ...дис. - Шымкент, 2010. - 349 б.

  8. Болон үдерісінің қағидалары (қысқаша шолу) / құраст. Шалхарова Ж.С. – Түркістан, 2013. - 24 б.

  9. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану: оқу құралы. – Алматы, ЖШС «Жедел басу баспаханасы» 2009. - 328 б.

  10. Интегративные тенденции в современном мире и социальный прогресс / под ред. М.А.Розова. - М., 2009. - 232 с.

  11. Пономарев А.Я. Знание, мышление и умственное развитие. – М.: Просвещение, 2007. - 264 с.

  12. Лернер И.Я. Качества знаний учащихся. Какими оны должны быть? –М.:Знание, 1998. - 48 с.

  13. Паламарчук В.Ф. Школа учить мыслить. 2-е изд., доп. и перераб. -М.: Просвещение, 2007.- 208 с.

  14. Абдукадирова С. Қазақстан педагогикалық газеттерінің оқушылардың білім сапасын арттырудағы ролі (1952-1972 жж.): автореф. ...пед. ғыл. канд. автореф. – Тараз, 1998. - 28 б.

  15. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: Кеше, бүгін, ертең. – Алматы, 2009. -200 б.

  16. Ділімбетова Ғ.К. Экологизация обучения в ВУЗ-е. (Дидактический аспект). - Алматы, 2009. - 270 с.

  17. Оспанов Т.Қ. Перспективность и преемственность в обучении как условия активизации образовательной подготовки учащихся (на материале обучения математике младших школьников): автореф. ...канд.пед.наук. -Алматы, 2007. - 25 с.

  18. Атутов П.Р. Политехнический принцип в обучении школьников. -М.: Педагогика, 2006. – 192 с.

  19. Рахымбек Д. Болашақ математика мұғалімін оқушылардың логикалық-методологиялық білімдерін жетілдіру жұмысына дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері: пед. ғыл. док. ...дис. – Шымкент, 2008. - 336 б.

  20. Қазақ мектебіндегі білім мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдірудің мәселелері. Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми зерттеу институты / ред. кол. Ж.А.Караев т.б. – Алматы, 2011. - 172 б.

  21. Требования к знаниям и умениям школьников: Дидактико-методический анализ / под.ред. А.А.Кузнецова. – М.: Педагогика, 2007. - 176 с.

  22. Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения. 2 т. / Под. Ред . А.И.Пискунова. –М.: Педагогика, -2002. -396 с.

  23. Дистервег А. Избр. пед. соч. – М.: Учпедгиз., 1996. – С.150-162.

  24. Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы, 2006. - 616 б.

  25. Құнанбаев Абай. Қара сөздері. – Алматы, 2003. – Б. 87-143.

  26. Ушинский К. Д. Собр. соч. М. – Л., 1999. Т. 5. - 276 с.

  27. Дидактика средней школы / под.ред. М.А.Данилова и М.Н.Скаткина. – М.: Просв., 2005. - 303 с.

  28. Полонский В.М. Критерии качества и эффективности научно-педагогических исследований// Советская педагогика. 1992. -№9. – С. 65-70.

  29. Василькова Ю.В. Страницы отечественного образование. – М., 2006. - 376 с.

  30. Шишов С.К., Кальней В.А. Мониторинг качества образования в школе. – М.: Педагогическое общести России, 2009. - 320 с.

  31. Конаржевский Ю.А. Менеджмент и внутришкольное управление. – М.: Педагогический поиск, 2008. - 224 с.

  32. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологией. -М., 2009. - 36с.

  33. Травинский М.Н. Интеграция содержания образования. - М.: Совершенство, 2008. - 192 с.

  34. Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, 2012. - 264 б.

  35. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі. - 2004. - №2. – Б. 3-16.

  36. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. – Алма-Ата: Казучпедгиз, 1998. - 195 с.

  37. Дидактика средней школы / под.ред. М.А.Данилова и М.Н.Скаткина. – М.: Просв., 1995. - 103 с.

  38. Скакун В.А. Преподавание общетехнических и специальных предметов в училищах профтехобразования. - М.: Высшая школа, 2000. - 232 с.

  39. Зверев И.Д., Максимова В.Н. Межпредметные связи в современной школе. - М.: Педагогика, 2001. - 160 с.

  40. Петрова И.И. Педагогические основы межпредметных связей. – М.: 2005.

  41. Фоменко В.Т. Исходные логические структуры процесса обучения. –

  42. Ростов. н/Д: Рост, 2005. - 222 с.

  43. Янцен В.Н. Межпредметные связи в задачах по физике: – Куйбышев: КГПИ, 2007. - 117 с.

  44. Максимова В.Н. Межпредметные связи в учебно-воспитательном процессе современной школы. - М., 2007. – С. 52-67.

  45. Бейсенбаева А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру: жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. − Алматы: РБК, 2005. - 117 б.

  46. Оразахынова Н.А. Межпредметные связи как средство совершенствования учебно-воспитательного процесса (на примере преподавания казахского языка): автореф. ...канд.пед.наук: 13.00.01. – Алматы, 2006. - 48 с.

  47. Шолпанқұлова Г.К. Қазақстанның педагогика ғылымында пәнаралық байланыстың дамуының тарихи-ғылыми негіздері: пед. ғыл. док. ...дис: 13.00.01.– Алматы, 2007. - 289 б.

  48. Климов Е. А. Как выбирать профессию. - М.:Просвещение, 2004. -160 с.

  49. Платонов К.К. Структура и развитие личности. – М.:Наука, 2006. -256 с.

  50. Шукина Г.И. Активизация познавательной деятельности учащихся в процессе обучения. - М.: Педагогика, 1999. - 164 c.

  51. Шамов Т.И. Управление процессом формирования системы качеств знаний учащихся. – М.: Прометей, 2000. - 112 с.

  52. Мұсабеков О. Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың шарттары // Бастауыш мектеп – 2006. - №1. -34 б.

  53. Урсул А.Д. Философия и интегративно-общенаучные процессы. - М.: Наука, 2001. - 367 с.

  54. Асимова М.С., Турсунова А.Н. Современные тенденции интеграции наук // Вопросы философии. - 2001. - №3. - 148 с.

  55. Кедров Б.М. Интегративная тенденция философии в системе современного научного знания // Диалектика как основа интеграции научного знания / ред. А.А.Корольков, И.А.Мевзель. - Л.: Изд-во ЛГУ, 2004. – С. 21-32.

  56. Сичивица О.М. Сложные формы интеграции науки. - М.: Высшая школа, - 2003. - 152 с.

  57. Светловская Н.Н. Об интеграции как методическом явление и ее возможностях в начальном обучении // Начальная школа. - 2005. - №5. - 61 с.

  58. Тюнников Ю.С. Основные понятия, раскрывающие взаимосвязь как дидактическую категорию // В сб.: Вопросы учебно- воспитательной работы в профтехучилищах. - Тбилиси: НИИ Педагог им. Я.С. Тойбашвили, 2003. – 42 с.

  59. Мұханбетжанова Ә. Бастауыш білімнің интеграциясы арқылы оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері: пед. ғыл.док. ... дис. –Алматы, 2004. - 297 б.

  60. Кішібаева Д.Ж. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру: пед.ғыл.канд. ... автореф. – Шымкент, 2006. - 28 б.

  61. Штофф В.А. Роль модели в познании. – Л. Изд-во. Ленинград, 1993. - 128 с.

  62. Омарова Р.С. Білім берудің жаңа парадигмасы жайындағы оқуышлардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері: пед.ғыл.док.дисс. – Түркістан. -2007. -304 б.

  63. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология / жалпы редакциясын басқарған А.Қ.Құсайнов. – Алматы: «Мектеп» баспасы ЖАҚ, 2008. - 256 б.


Қосымша А
1-сыныпта оқушылардың меңгеру тиіс пәнаралық оқу іскерліктері (немесе оны жалпы оқу іскерліктері деп те қарастырады):

  • сабақ тақырыбын және кітаптағы тапсырма нөмірін таңдау;

  • минутына 40 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;

  • минутына 4-5 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;

  • ережелер көмегімен терминді есте сақтау;

  • мәтіндегі сұрақтарға жауап табу;

  • ауызша және жазбаша мәтінді біргелікте өзгерту және толықтыру;

  • дене, зат және моделді салыстыру және классификациялау;

  • табиғи денені және құбылысты бақылау;

  • шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін біргелікте қолдану;

  • ұйымдасқан және үнемді жұмысты ұйымдастыру;

  • өзінің жұмысына бақылауды орнату;

  • сабақтың жоспары бойынша өзінің іс-әрекеті нәтижесін талдау.

Ал енді 2-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу іскерліктері:

  • минутына 60-70 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;

  • минутына 6-8 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;

  • терминдер мен мәтіндерді ережелер көмегімен есте сақтау;

  • мәтіндегі бастыны бөліп алу;

  • ауызша және жазбаша мәтінді біргелікте өзгерту және толықтыру, құрастыру;

  • дене, зат және моделді салыстыру және классификациялау;

  • табиғи денені және құбылысты бақылау;

  • тапсырманы орындау үшін ережені таңдау;

  • шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін біргелікте қолдану;

  • денелер, материалдар мен суреттердің композициясын құрастыру;

  • жұмыстағы пайдаланған әртүрлі материалдардың қасиеттерін есепке алу; - әртүрлі құралдарды тапсырма мазмұнына сәйкес пайдалану; - критерилер бойынша өзінің іс-әрекеті нәтижесін бағалау.

Сондықтан 3-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу іскерліктері мыналардан тұрады:

  • минутына 70-80 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;

  • минутына 10-12 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;

  • терминдер мен мәтіндерді ережелер көмегімен есте сақтау;

  • мәтіндегі бастыны өзбетінше бөліп көрсету және оны схема, кесте, конспекті түрінде әзірлеу;

  • ауызша және жазбаша мәтіндерді өзбетінше өзгерту, толықтыру және құрастыру;

  • құбылыстар мен оқиғалар үшін себеп-салдарлық байланыстарды анықтау;

  • тапсырманы орындау үшін ережені біргелікте әрекет ету;

  • жұмысты ұйымдастыру дағдыларын жүзеге асыру;

  • шығармашылық тапсырманы орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін өзбетінше қолдану;

  • зерделеуі қажет сабақ тақырыптары сұрақтарын құрастыру.

Соңында 4-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу іскерліктері:

  • минутына 90-100 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;

  • минутына 13-15 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;

  • ережелер көмегімен терминді және мәтінді есте сақтау;

  • мәтіндегі бастыны өзбетінше бөліп көрсету және оны схема, кесте, конспекті түрінде әзірлеу;

  • ауызша және жазбаша мәтіндерді өзбетінше өзгерту, толықтыру және құрастыру;

  • заңдылықтарды, дәлелдемелерді, жалғанға шығаруларды анық-тау;

  • тапсырманы орындау үшін ереже алгоритмін біргелікте құрастыру;

  • шығармашылық тапсырманы орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін өзбетінше қолдану;

  • өзбетінше жұмысты орындау, олардың нәтижелерін талдау және бағалау.



Қосымша Б
«Интеграция» ұғымына берілген түсіндірмелер


Ақпарат көздері

«Интеграция» ұғымына қатысты кейбір түсіндірмелер (анықтамалар)

Философская энциклопедия. –М., 1962. – С. 282-283.

әртүрлі әлеуметтік топтардың бірігуі және үйлесуі, әртүрлі мәдени элементтердің ортақ гомогенді мәдениетте ассимиляциялануы, әртүрлі моральдық нормалардың бірігуі және үйлесуі

Словарь иностранных слов. –М., 1964. - 257 c.

қандай да бір бөліктердің біртұтастыққа бірігуі

Үлкен Совет Энциклопедиясы. –М.,

1972. – Б. 307-310.



қандай да бір элементтерді біріктіру, тұтастыру, қандай-да бір бірлікті қайта қалпына келтіру; жүйелер теориясында – жекелеген компоненттердің өзара байланысының осы

күйді шарттайтын үдеріске бірігу күйі



Философский энциклопедический словарь. - М., 1983. - 210 c.

бұрын әртүрлі болған бөліктер мен элементтерді біртұтастыққа біріктірумен байланысты даму үдерісінің бір тұсы. Интеграциялау үдерістері бұрын қалыптасқан жүйелердің аясында да орын алуы – бұл жағдайда олар оның біртұтастық және ұйымдастырылу деңгейінің жоғарылауына әкеледі, сонымен қатар... бұрын өзара байланысты болмаған жүйелерден жаңа жүйенің пайда болуына да әкелуі мүмкін

Кондаков Н.П.

Философский словарь-справочник. –М., 1983. - 203 c.



қандай да бір элементтерді біріктіру, тұтастыру, қандай да бір бірлікті қайта қалпына келтіру

Прохоров А.М. Советский энциклопедический словарь. –М., 1985.

- 838 c.





жүйенің жеке іріктелген бөліктерінің және функцияларының тұтастыққа байланыстылығының жай-күйін білдіретін ұғым, сонымен қатар ғылымдардың бір-біріне жақындасу және байланысу үдерісін олардың бөлшектену үдерісімен қатар жүзеге

асырылуына бастайтын үдеріс



Кузнецов С.А. Большой толковый словарь русского языка. – М.,

1998. -559 с.



қандай да бір бөліктерді тұтастыққа біріктіру, ал интеграциялау – бір нәрсенің бөліктерін, тұтастарын біртұтастыққа біріктіру







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет