1 Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттырудың теориялық негіздері



бет1/5
Дата19.04.2020
өлшемі0,8 Mb.
#63046
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру



Мазмұны


Кіріспе

5

1 Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттырудың теориялық негіздері

8

1.1 Оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесінің зерттелу деңгейі мен теориялық негіздері

8

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда пәндерді интеграциялаудың педагогикалық негіздері

19

2 Оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттырудың әдістемесі

40

2.1 Бастауыш сыныпта оқу пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттырудағы білім беру мазмұнының қазіргі жай-күйі

40

2.2 Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын оқу пәндерін интеграциялау негізінде арттырудағы тәжірибелік эксперимент мазмұны

55

Қорытынды

68

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

71

Қосымша А

75

Қосымша Б

77


Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұрпақ тәрбиесі адамзат баласының ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан асыл мұраты болып табылады. Елбасымыз Н.Назарбаев халқымыздың алдында ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті, жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұрғандығын нақтылап көрсетіп берді. Президентіміз мемлекетіміздің болашақта дамуына арналған «Қазақстан-2050» стратегиясында [1], білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары атты төртінші бағытында: оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің жаңа жүйелерін белсене дамыту керектігін, ал «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауында [2]: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» - деп Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтарының бірінде атап көрсетті.

Білім беруге қатысты Ұлт Көшбасшысының 2012 жылғы Халыққа Жолдауының («Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты») педагогтар үшін өзіндік ерекшелігі бар екені белгілі. Елбасы мұнда басымдық берген бағыттардың ішінде, адам капиталына ерекше назар аударды, оның ішінде «Қазақстанда адами капитал сапалы өсуі, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтауға байланысты екендігін айта келіп, «Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу; екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор; бесіншіден, оқу жастарға тек білім ғана беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйренуі тиіс; алтыншыдан, оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет» - деп маңызды іс-шараларды атап көрсетті [3]. Бұл мәселелер білім меңгерту негізін құрайтын оқыту үдерісін ұйымдастыруды, білім сапасын арттыруды алға тартады.

Білім саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін және тұлғаны, мемлекетті индустриялық – инновациялық дамыту міндеттерін, еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім сапасының жоғары деңгейіне жету 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасының [4] мақсаты болып табылады.

Осы міндеттердің орындалуы, балаға, өмірге деген көзқарасы, қалыптастырылатын білім, білік, дағдысының алғашқы негізін жүзеге асыратын бастауыш мектеп оқыту үдерісі екені белгілі. Бастауыш мектептің жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде атқаратын ролі жоғары.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әртүрлі әдістәсілдерін, яғни жаңашыл мазмұндағы сабақтар өткізу болып табылады. Әсіресе, бастауыш сыныптарда оқу-тәрбие барысында оқу материалдарын пәнаралық интеграция негізінде меңгерту мәселесі туындауда.

Бастауыш мектепте берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін жасау ең алдымен, әрбір оқушының жан-жақты дамуына, ойлау қабілетінің үздіксіз жетіліп, жаңа деңгейлерге көтерілуіне қызмет етуі тиіс. Сондықтан да жаңа талаптарға сәйкес, оқу пәндерінің мазмұнын, оқутанымдық мүмкіндіктерін толығырақ пайдаланудың дидактикалық амалы – жақын пәндерді бір-біріне интеграциялай отырып оқыту негізінде білім сапасын арттыру үдерісін ізгілендіру болып табылады.

Пәнаралық байланыс/интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру арнайы зерттеу нысанында болмағандығы айқын. Елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай талабына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын пәндерді интеграциялау негізінде жетілдіру/дамыту мәселесі педагогикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.

Бастауыш сынып оқу пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттыруға қатысты ғылыми зерттеулерді және әдебиеттер мен бастауыш сыныпта оқыту үдерісінің нақты тәжірибесін талдау барысында:

- қазіргі қоғам, жетілдірілген білім беру сұранысының талаптарына сай бастауыш сынып оқушыларының білім сапасының жоғары деңгейін меңгеру қажеттілігі мен оны бастауыш сыныпта жүзеге асырудың педагогикалық негізделуінің жеткіліксіздігі;

- бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын пәндерді интеграциялау негізінде арттырудың қажеттілігі мен оны бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру әдістемесінің болмауы;

- оқытудың қазіргі жағдайы мен бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пәндерді интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы арасында қарама-қайшылықтардың бар екендігі анықталды.

Зерттеу проблемасының көкейкестілігі мен жоғарыда аталған қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру зерттеудің тақырыбын: «Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау негізінде білім сапасын арттыру» деп таңдауға себеп болды.



Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқу пәндерін интеграциялау арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруды педагогикалық тұрғыдан негіздеу және оны жүзеге асырудың әдістемесін жасау.

Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру үдерісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Бастауыш сынып оқу пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту үдерісін дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді, егерде: оқыту үдерісі және оны құраушылар дәстүрлі оқытумен салыстырғанда оқу пәндерін интеграциялау негізінде ұйымдастырылса, оның әдістемесі жасалса, онда бастауыш сынып оқушыларында білім сапасының жоғары деңгейі қалыптасып, оқыту үдерісінің сапасы артады, өйткені, білім сапасының жоғары деңгейі мен оны жүзеге асыру әдістемесі бастауыш сыныптағы заманауи білім беру тәжірибелерімен іске асырылады.

Зерттеудің міндеттері:

- оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесінің зерттелу деңгейі мен теориялық негіздерін анықтау;

- бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда пәндерді интеграциялаудың психологиялық-педагогикалық негіздерін айқындау;

- бастауыш сынып пәндерін интеграциялау – оқушылардың білім сапасын арттырудың дидактикалық шарттарын анықтау;

- оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттырудың әдістемесін тәжірибелік-педагогикалық экспериментте тексерістен өткізу және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет