1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


) Білім беру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер



бет15/58
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198482
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

35) Білім беру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер
Қазіргі заман – білім- ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал, талапқа сай оқушыларға білім берудің басты шарты –Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақты жүргізгенде əр түрлі əдіс- тəсілдерді тиімді пайдалана білу керек. Өткізілген сабақ нəтжелі болу үшін:
Әдіс-тəсілдердің тиімді таңдалуы;
Сабақтан алған əсері оқуға қызығушылығын жəне білімге деген сұранысты арттыруы;
Сабақ қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нəтижелілігі;
Жұмыс барысында мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату, əр оқушыға сенім білдіру;
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсет-кен.
«Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пəнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез- келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету айтылғандай оқушының дамуы мен есте сақтауына ықпал ететін білім алатын ортасы мен сабақта қолданатын инновациялық тиімді əдіс-тəсілдер. Ол үшін ең алдымен өз пəнін жетік меңгерген, 45 минуттық сабағының 20-25 минутында өзі сөйлеп, өзі түсіндіріп, өзі бағалайтын мұғалімнің ұстанымын өзгерту, сындарлы оқытудың теориялық негіздерінің мақсат-міндеттері мен маңызын түсінетін, ұстанымын өзгерткен мұғалім болуы қажетті.
Мұнда жалпы өз ойларыңды жазсаңдар да болады. Методикада өтілгендер бар, миларыңды істетіңдер болды.


36) Бейіндеп оқыту арқылы оқушының ойы мен тілін дамыту
Бейінді оқыту – оқу үрдісін жеке тұлғаға бағдарлаудың тиімді жолы
Қазіргі таңдағы оқушыларды бейіндеп оқытудың жағдайын талдай отырып, олардың негізгі ерекшеліктері анықталды: жеке білім беретін пәндерді тереңдетіп оқыту; саралай оқыту, оқушылардың өз қабілеттері, икемдері мен қажеттіліктеріне сәйкес жеке білім траекториясын таңдап алуы; білімі әртүрлі дәрежедегі оқушылардың қабілеттеріне, жеке икемдері мен қажеттіліктеріне сәйкес деңгейлеп оқыту; оқушыларды әлуметтендіру, оларды кәсіби тұрғыдан өзіндік орын анықтай білуге дайындау; жалпы және кәсіби білім беру арасындағы байланыстың болуын, мектеп бітірушілерді жоғары кәсіби оқу орындарының бағдарламаларын игеруге дайындау; төрт курс түрлері бойынша: базалық жалпы білім беруші курстар, бейінді курстар, қолданбалы курстар және таңдау бойынша курстарынан (элективтер) әртүрлі комбинациялар жасау мүмкіндігі; негізгі мектеп оқу жоспарына міндетті таңдау курстары мен оқушылардың келешек оқу бағдарын таңдауына әсер ететін кәсіби сынақтарды енгізу арқылы бейіналды дайындықты іске асыру.
12 жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейіндеп оқыту арқылы өзіндік талабын қанағаттандыруды, оның жеке тұлға ретінде дербес қалыптасуына мүмкіндік береді. Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: оқушыларға бейінді оқытудың белгілі бір бағытын таңдауына мүмкіндік туғызу; оқушылардың әлеуметтік және жеке кәсіби жағынан өзін-өзі анықтауына, өзгермелі қоршаған ортаға бейімделе білуіне септігін тигізетін өзіндік білім алуын ұйымдастыру. Нәтижесінде оқушының болашақ мамандығына саналы таңдау жасауына жағдай туады, өзіндік іс-әрекетін бағалай білуге дағдыландыратын түпкілікті құзіреттерге қол жеткізіледі, сөйтіп оқушының одан әрі білім алуын жалғастыруына игі ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет