1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


) 12 жылдық орта білім беруді енгізудің міндетті шарттары



бет12/58
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198482
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
ҚМЖ №6, Менің кіші Отанымның тарихы. Шымкент Бөпіштай балсезім соңғысы, киши отан жоспар, Шымкент киши отан, «Динамика негіздері» 1 тапсырма, МИТ-23-3нк Сарсембек Қуаныш МӨЖ1, 12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
30) 12 жылдық орта білім беруді енгізудің міндетті шарттары

  1. Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушы-лардың жас ерекшелігіне сәйкестігі.

  2. Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын әдіс-тәсілдері-нің оқушылармен жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы.

  3. Бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын әрекетіне негізделіп, біртіндеп оқу әрекетіне көшу талабының орындалуы, алты жасар баланың ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі.

  4. Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына қатысу деңгейін байқау.

  5. Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дәстүрлермен, жергілікті өлкетану материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі.

  6. Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тәжірибе әдістерін ұғымды жерінде қолдана білу шеберлігі.

  7. Сабақ мерзімінің 30-35 минуттан аспауы.

  8. Мұғалімнің оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану және оған талдау жасау шеберлігі.

  9. Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан экспери-менттік сыныптар мұғалімдеріне көмек беру деңгейі.

31) Білім мазмұнымен көлемін дүниежүзілік әлемдік деңгейге көтеру
Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр.
Білім берудің бұл моделі әлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл - соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің әртүрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа мазмұнның, жоғары деңгейде білім беру қажет.
Осындай өзекті мәселені шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде. Ендеше біз де, әлемдік тұтастық-тың бірі ретінде, бұл мәселеден шет қала алмаймыз. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылуымыз қажет.
«Білім беру ағысқа қарсы қозғалысқа ұқсас. Егер тоқтаса, шарасыз-дан артқа кетеді» деген екен бұрынғы философтар. 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша сапалы да игілікті іс атқаруына ыкпал ете отырып, педагогикалық қызметті ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеуде бірлесіп енбек етуге ниет білдірудеміз.
Н.Ә. Назарбаев: «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек», — деген болатын.
Жалпы білім беретін мектепті реформалаудың негізінде Қазақстан Республикасын өзінің аумағында білім беру жүйесі басым рөл атқаратып, тұрақтылықтың кепілі және әлеуметтік-экономикалық дамудың қайнар көзі болып табылатын, дамыған демократиялық мемлекет ретінде таныту мақсаты жатыр.
Реформалаудың басты міндеті - мемлекеттік білім беру жүйесін үздік әлемдік үлгіге сәйкес деңгейге шығару.Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін оның жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандыру, адам білім үшін емес, білім адам үшін деген оқу-тәрбие процесін ізгілендіру, ізгілік принциптерінің қайта түлеуі арқылы жүзеге асырылуға тиісті. Сонда ғана білімнің беделін арттыруға, білім беру саласының мемлекет пен қоғам өміріндегі басым мәртебесін нақты орнықтыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет