28) Мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін көтеру
Егер де біз еліміздегі білім берудің жоғары деңгейін сақтап қалғымыз келсе, бұл бізге, сөз жоқ, ауадай қажет.
Бұл бағытта қазірдің өзінде тиісті дайындық жұмыстарына кірісу керек, онсыз сапалы 12 жылдық білім беру жүйесін құру мүмкін емес. Ол - ең алдымен, мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін көтеру, оның еңбек ақысын педагогикалық жұмыстың қоғамдық салмағымен сәйкес келтіру, мектептердің материалдық-техникалык базасын нығайту, мектеп кабинеттерін, спорт залдарын қайта жабдықтау, соңғы үлгідегі компьютерлермен жарақтандыру, оқулықтар мен әдістемелік құралдарды шығаруды жолға қою, мектеп кітапханаларын ақпараттық орталықтар етіп қайта құру, мектепке дейінгі тәрбиенің әртүрлі нысандарын көбейту. Сонымен бірге, болашақ педагогтың кәсіби даярлығына қазіргі білім беру ісінің басымдықтары мен міндеттеріне сәйкес келетін елеулі өзгерістер енгізу қажет.
«Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын және Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылы өткен «Bіlіm jáne gylym!» педагогтердің тамыз конференциясында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген.
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының мақсаты - педагогтердің мәртебесін арттыру, жүктемесін азайту, оларды жосықсыз тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, ынталандыру бойынша өзге де мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу. Бұдан басқа, Заңда педагогтердің құқықтары мен міндеттері қарастырылған, сондай-ақ педагогикалық қызметке рұқсат беру талаптары белгіленген.
29) Болашақ педагогтың кәсіби даярлығы
Қазіргі таңдағы педагогикалық ғылымда болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығы жалпы, психологиялық-педагогикалық, пәндік және әдістемелік білім мен іскерліктер жүйесін қалыптастырудың біртұтас үдерісі ретінде қарастырылады. Зерттеушілердің басым бөлігінің пікірі бойынша маманның дайындық құрылымын біртұтас психикалық құбылысты (тұлғаның жай-күйі) құрайтын, нақты қызметті орындау үшін қажет білімдерді және іскерліктерді біріктіретін құрамдастар құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |