1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


) Бейіндік білім берудің артықшылықтары



бет13/58
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198482
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

32) Бейіндік білім берудің артықшылықтары
Бейіндік білім беру - оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануы жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Бұл оқу әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады. 12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды енгізудегі басты мақсат - оқушының кәсіби бағдары мен өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, оқушылардың саналы кәсіби таңдауын жүзеге асыруға қажетті ресурстарын құру мүмкіндіктерін туғызу. Бұл мақсатты жүзеге асырудың институтционалдық формалары бейіндік мектеп пен жалпы білім беретін мектептің бейіндік сыныптары болып табылады.
Бейіндік білім беруге көшу кезінде мынадай міндеттер жүзеге асырылады:
- жалпы білім беруді мектептің түлектердің еңбек нарығына ену үрдісіне назарын күшейте отырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;
- оқушылардың таңдаған бейініне қарай жалпы орта білім көлеміндегі жеке пәндерді терең оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- мектепте білім беру үрдісінің вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын қамтамасыз ету, оқушының білім алу әрекетіне қызығушылығын арттыру;
- оқушылардың оқытудың ішкі бейіндік курстарын нақты таңдауына және икемді білім алу бағдарламаларын құруына мүмкіндік беру;
- білім беру мазмұнын жаңарту және оның әрекеттік құрама бөлігін (жобалау-зерттеу және коммуникативтік біліктерді игеру) күшейту негізінде білім алу үдерісінің практикалық бағдарлануын іске асыру;
- оқушының әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлегін жоғары кәсіби білім алуға біршама тиімді даярлау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет