1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


) 12 жылдық білім беу үдісіндегі өзара қарым-қатынас



бет18/58
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198482
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

2) 12 жылдық білім беу үдісіндегі өзара қарым-қатынас
Бәрімізге белгілі, адамның өмір сүру қабілеті өзінен тыс өмір сүре алмайды және өзгелердің сыртқы әсерінен де пайда болмайды, ол тек қана оның өз мәселелерін қалай шеше алатынына байланысты. Өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе алу тек білім деңгейіне ғана емес, сонымен қатар оны пайдаланудың тиімді әдістері мен қүралдарын іздестіре; алатынына да тікелей қатысты екенін жақсы білеміз. Педагогикалық үрдістегі езара қарым-қатынас әр түрлі құрылымдардағы, сабақтағы және сабақтан тыс, оқушылар мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың, қоғамдық ортаның, әкімшіліктің арасындағы ақпараттық, әрекеттік. үйымдастырушылық, коммуникативтік және басқа да байланыстардың тұлғалық бағдарлы сипатын беретін ұғым болып табылады.
Аталған қатынастар педагогикалық үрдісте: мұғалім - оқушы, оқушы - мұғалім, өзара қатынаста: мұғалім - мұғалім, оқушы - мұғалім, ұжымдық қатынаста: мұғалімдер ұжымы, оқушылар ұжымы, өзіндік қатынаста: тұлғалық, рефлексиялық болып көрініс табатын болғандықтан, оларды "субъект аралық қатынастар", "ұжымдық-диалогтік қатынастар" және "тұлғалық-рефлексиялық қатынастар" деп аталатын педагогикалык, шарттар ретінде қарастыра аламыз. Субъектаралық қатынастар шарттары білім үрдістегі субъектаралық қатынастар шарттарының орындалуы негізінде түлға өз дамуының.білімінің субъектісі болып қалыптасады. Оның мәні: тұлғаның өзін: құндылық ретінде қабылдауға негіз болатын; субъектаралық қарым-қатынас орнату; тұлғалық : ерекшеліктерін түсіну, оның ой-пікірімен, арман, мақсатымен, проблемаларымен санасу. Оқушының; жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін-өзідамытуға, өз мүмкіндіктерін тани отырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттау.
Ұжымдық-диалогтік қатынас шарттары мүғалімдер үжымына да, оқушылардың сыныптілік, мектепішілік ұжымына да, әкімшілік топтарына да қатысты орындалады. Қандай үжым болса да ол құрамындағы субъектілердің арақатынасына интерсубъектілікке негізделеді. Сондықтан белгілі бір әлеуметтік топтағы диалогтік қатынасқа түсуі арқылы тұлғаның адамгершілік, рухани сапалары қалыптасады.
Олар оқушылар мен мұғалімдер ұжымдарындағы қызметте диалогтік қарым-қатынасты жүзеге асыру: өзге адамдармен жайлы қарым-қатынас, түсінісу, бірлесіп әрекет істеуге бейімділігін дамыту ұжымдық рефлексия арқылы бірлескен шығармашылық, жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.
Тұлғалық-рефлексиялық қатынас шарттары тұлғаны педагогикалық үрдістегі субъекті ретінде танып, оның бойындағы әлеуеті мен мүмкіндіктерінің дамуы үшін қолайлы орта туғызуды көздейді. Түлғаның өзіндік сапаларын дамыту, оны өз әрекетінің субъектісі ретінде қалыптастыру, өзіндік рефлексия арқылы өз тәжірибесіне сыни көзбен қарау арқылы өз әрекеттерін, ойналамен қарым-қатынасын қайта зерделеуін керсетеді.
Білім берудің тұлғалық бағдарлы мазмұны. Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер адамгершілік пен рухани құндылықтар негізінде тұлғалық, ұжымдық және рефлексиялық әрекеттердің үнемі дамып отыруын көздейді. Аталған қарым-қатынастық шарттарды игеру 12 жылдық білім беру барысында тұлғаның субъектілік қызметтерін кеңейту орындаушылық рөлін өз әрекетін үйымдастырушы рөлімен алмастыру, белгілі бір әрекеттерді өз бетімен орындауға жағдай туғызуға мүмкіндік жасайды.
12 жылдық білім беру жағдайында мұғалімнің оз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдалана отырып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың алуан түрлі әдістерін, өз бойында бар мүмк-ндіктерін жүзеге асыруды үйымдастыру мүмкін болады дей аламыз. Оқушының өзіндік тәжірибесінің даму сатылары оның рефлексиялық талдау жасай алуы, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіріп отыру және рефлексия-лық қажеттіктің түрақталуы сияқты кезеңдерден турады және оның соңғы нәтижесі ретінде тұлға - мың субъектілік тәжірибесінің қурылымы қалыптасады. Осылайша қарастыру негізінде 12 жылдық білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, озіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субъектілігі тәрізді тұлғалық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет