17) Базистік оқу жоспары. Мектептің оқу жоспарының екі түрі.
Базистік оқу жоспары (БОЖ) – негізгі мемлекеттік нормативті құжат ретінде, мемлекеттік стандарттың құрама бөлігі болып, сондай-ақ нақты білім беретін мекемелердің оқу жоспарының негізі және оның финанстық жабдықталуының басты құжаты болып табылады;
Білім беретін мекемелердің оқу жоспары – БОЖ негізінде дайындалады.
Оқу бағдарламасы – оқу пәні бойынша білім, біліктілік және дағды мазмұнын, негізгі дүниетанымдық ілімді оқыту логикасын ашатын, оларды оқытуға жұмсалынатын уақыт мөлшері, тақырыптар реті мен сұрақтар көрсетілген нормативті құжат.
|
18)Мектептегі психологтың ролі.
Мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.
Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты және қамқорлығы — ол оқушы, өзінің психикалық даму, тұлға ретінде қалыптасу, жас жағынан, және басқа жеке ерекшеліктерінің, үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынастары мәселелерімен айналысу. Психологтың міндеті — әр балаға арналған, жеке, оның мүддесін, қабілетін, өзін-өзі тербиелеу және өзін-өзі ұйымдастыру мүмкіншіліктерін дамытатын тәсілдерді табу. Ең бастысы — психолог және ата-аналардың бірлескен күшімен баланың ерекшеліктерін оның өмір сүру жағдайымен, оның тәрбиелену тарихын есепке ала отырып, түсінуге тырысу және осы негізде келешек жұмыстың бағдарламасын анықтау.
19)Тұжырымдаманың мақсаты
20) Тұжырымдаманың міндеттері
-
жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуін актуалдандыру;
-
тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастыру-шылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдісте-мелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру;
-
балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;
-
жас ұрпақтың өзінің рухани — адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;
-
жас қазақстандықтарды толераттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;
-
балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;
Достарыңызбен бөлісу: |