1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту



бет56/56
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198478
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
ҚМЖ №6, Менің кіші Отанымның тарихы. Шымкент Бөпіштай балсезім соңғысы, киши отан жоспар, Шымкент киши отан, «Динамика негіздері» 1 тапсырма, МИТ-23-3нк Сарсембек Қуаныш МӨЖ1, 12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1
38) Осы заманғы білім беру жүйесіндегі бағалау жүйесі
Қазақстандық білім беру жүйесінде оқушының білімін тек қана 5
балдық шкаламен бағалау көп уақыттан бері қалыптасып қалғанымен,
білім беру жүйесіндегі түбірлі өзгеріс, білім мазмұнын жаңарту процесі
оқушының білімін бағалау жүйісін де түбегейлі өзгертуді талап етеді.
Осыған орай тəжірибелі өзгертуді талап етеді. Осыған орай тəжірибелі
ғалымдардың, озат тəжірибелі педагогтардың қалыптасуымен
оқушының білім алу əрекетіндегі оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа
жүйесінің жобасы əзірленуде. Сондай-ақ Орталықтың ғылыми
қызметкерлері Білім сапасын бағалау ұлттық орталығымен бірлесе
отырып, шетелдік тəжірибелерді де зерделеуде.
Жаңа бағалау жүйесінің негізгі мақсаты оқушының оқу əрекетіндегі
алған білім-білігімен бірге өмірлік дағдыларының қалыптасуын жанжақты қарастыруды көздейді.
Бұған дейін оқушының еңбегі алған білім көлеміне қарай
бағаланып келсе, енді оның білім алу процесіндегі жетістігі жас жəне
жеке ерекшелігіне байланысты, өмір сүрген ортасына бейімделуіне,
жинаған тіжірибесіне қарай икемделуіне, құзырлылық негізінде
қалыптасқан қабілетіне, білім мазмұнын рухани қажеттілігіне қарай
игере білуіне орай бағаланатын болады.
 
39) Әлемдегі әр елдің оқуды бағалаудағы негізгі ерекшеліктері
Əлемдегі əр елдің оқуды бағлаудағы негізгі ерекшелігін төмендегідей
тұжырымдауға болады:
1. Жалпылық бағалаумен бірге жеке айырмашылыққа да көніл бөлу
аркылы бағалау көрсеткішінін көп негізділігін жузеге асыру.
Қоғамның қарыштап дамуына, білімнің қисапсыз молаюына, бəсекенің
күн санап шиеленісуіне ілесіп, тек білім мен қабілетті ғана дамытуға
қойылатын талаптар, қазіргі қоғамның адамзат баласының дамуына
қоятын талабынан əлдеқайда қейін қалды. Адамдар мамандықтың
нəтижесіне көңіл бөлумен бірге, жеке дамудың басқа жақта-рына да
назар аудара бастады. Мысалы, белсенді үйрену позициясы, жаңалық
ашу рухы, мəселеге талдау жасап шешім ету қабілеті, сондайақ өмірге
дұрыс көзқарасы жəне құндылық көзқара-сы, т.б. жақтарына ден қоя
бастады. Оқушының нені үйренгенінен бастап қалай үйренуді, қалай
өмір сүруді, қалай селбесуді, қалай адам болуды үйренді ме, жоқ па? —
деген нəрсесіне дейін тек-серу жүргізу жəне жалпылай бағалау қажет
болды. Айталық, Франция елінде оқушылардың үйре-ну позициясын
бағалауды ерекше дəріптейді де, үйрену нəтижесін бағалауды екінші
орынға қояды. Ұлыбританияда 1999 жылы жарияланған мемлекеттік
стандартта 4 түрлі даму нысанасын жəне турлі негізгі қабілетті
дəріптейді, т.б.
3. Сапалық бағалауды дəріптеу, сапалык бағалау мен сандык бағалауды
ұштастыру аркылы бағалау əдісінін кеп негізділігін жүзеге асыру.
Сандық бағалауды əсіре дəріптеуіне қарағанда сапалық талдауға
біртіндеп өзгеру қажет.
 
40) Жеке тұлғаға бағытталған бейіналды және бейіндік оқыту жүйесі
Оқушылардың бейіналды жəне бейінді даярлығының негізгі формасы
ретінде таңдау бойынша курстары – элективті курстарды атауға болады.
Бейіналды оқыту жүйесіндегі элективті курстар негізгі мектеп
оқушыларының мектептің жоғары сатысында болашақ бейін бағытын
саналы түрде таңдап алуға көмек көрсетуші жəне жеке білім беру
траекториясын құруға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.
Элективті курс (латын тілінен аударғанда «electus» - таңдамалы) – бұл
оқушылардың тілегі бойынша таңдап алынған, мектеп оқушыларының
жеке білімдік ынталарына сай келетін, мазмұны оқушылардың
танымдық қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін,
пəндер бойынша білімнің кеңеюіне əрі терендеуіне жағдай жасайтын
міндетті оқу курстары. Элективті курстарды оқып үйрену, қолданбалы
білімді, дағдыларды жəне өмірдің белгілі бір саласына қажет, таңдап
алынған бейіндік пəн қолданылатын қызметті игеруге бағытталған
[22].Мұндай курстар қазіргі заманғы білім беру тəжірибесінде, бейіндік
оқытудағы 8-9 сыныптарда өтілген жəне 10-11 сыныптарда да сыннан
өткен. 10-11 сыныптар үшін элективті курстар əр бейіндік оқыту
түрлерінде оқу жоспарында бекітілген элективті курстардың
жиынтығын мектеп өзі анықтайды. Элективті курстар келесі
функцияларды атқарады:
1) бейіндік оқыту пəнінің қондырмасы, яғни ол пəнді толық тереңдетіп
оқытуға дайындау.
2) жалпы білім беру жүйесіндегі ең төмен деңгейде оқытылатын базалық
пəндердің бірінің мазмұнын жетілдіру. Бұл бейіндік оқытуда немесе
біріңғай мемлекеттік емтиханға таңдалған пəн бойынша бейіндік
деңгейде дайындалуға аралас оқу пəндерінің оқытылуына жағдай
жасауға мүмкіндік береді.
3 ) ж е к е т ұ л ғ а н ы ң ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы н д а ғ ы т а н ы м д ы қ
қызығушылықтарын қанағаттандыру.
 
41) 12 жылдық білім беру жүйесінің құрылымы
12 жылдық жалпы орта білім берудің құрлымдық-мазмұндық моделі
мынадай ұстанымдарды басшылыққа алады: атап айтсақ, жеке
тұлғаның жас жəне жеке ерекшеліктерінің басты назарда болуы;
жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі; күтілетін нəтижелердің
оқушы жетістіктеріне бағытталуы. Мұнда оқытудың сабақтастығы
мен əрбір оқыту сатысының даралығы басты назарда болады.
Материалддық-техникалық жағдайын, кадрлық əлеуметі мен
оқу-əдістемелік қамтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы
бейіндік оқыту төмендегі ұйымдастыру нысандары бойынша
қарастырылады:
-бір бейінді мектеп-бір бейінді оқытуды іске асырады;
-көп бейінді мектеп-бірнеше беінді оқытуды ұйымдастырады;
-жалпы білім беретін мектептердегі, гимназиялардағы,
лицеейлердегі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған
мектептердегі бейінді оқыту сыныптары ашылады;
-өңірлік ресурстық орталық-материалдық жəне кадрлық
əлеуметі жеткілікті басқа мектептер бейіндік оқытуға пайдалана
алатын ресурсы бар білім беру ұйымы болып табылады. Ресуртық
орталықтар жоғары оқу орындарының, колледждердің немесе білім
беру орталықтары жанынан ұйымдастырылуы мүмкін;
(Ауыл мектебі жағдайындағы ауылдық ресурстық орталықайналасындағы мектептердің материалдық-техникалық, оқуəдістемелік жəне кадрлық əлеуметін кіріктіре алатын ауылда
толыққанды база мен бейіндік оқытуды қамтамасыз ете алатын,
қуатты білім беру ұйымдарының бірлестігі.)
-сырттай оқытатын жəне кешкі мектептердегі бейіндік оқыту
еліміздің ЖОО, облыстық біліктілікті арттыру институттары
жанынан ашылған бейіндік мектептер мен ресурстық
орталықтардың базасында жүзеге асырылады.
 
42) 12 жылдық мектепте химия пәнінен элективті курстар
 
Пəндік элективті курстар бір оқу құралының оқыту материалы негізінде
құралған, пəнаралық – 2-3 пəннің оқу материалына, бағдарлық оқыту
болса, оқушыны мамандық əлемінде өз орнын табуына, оған «Мен
қандаймын? Мен нені қалаймын? Мен не істей аламын?» деген
сұрақтарға жауап беруіне көмектеседі. Мұндай элективті курстарын іске
асыру барысында келесі міндеттер шешіледі: пəндік сынақтарды өткізу;
оқушының бұл бағдарға қатысты мүмкіндіктеріне баға беру, таңдалған
пəнді тереңдетілген деңгейде игеруге дайындығын анықтау; бағдар ісəрекетттерінің құрам бөліктерімен танысу; базалық пəндік білімді
кеңейтіп, толықтыру, таңдау бойынша емтиханға дайындалуына жағдай
жасау; оқушыларды берілген бағдарға сəйкес келетін іс-əрекет
түрлерімен таныстыру. Жоғарыда аталған курстарға қойылатын негізгі
талаптардың бірі – олардың қысқа уақытта өткізілуі, ең тиімді
ұзақтығы – бір тоқсан (8-18 сағ.). Пəнаралық элективті курстар химия
жəне басқа да жаратылыстану-ғылыми пəндердің: биология, физика,
география, экология т.б.мазмұнды материалдары негізінде беріледі.
Осындай курстар, мысалы: «Химия, физика жəне биологияның
қиылыстары» (В.Р.Ильченко), «Химия жəне қоршаған орта»
(Н.В.Ширшина), «Бейорганикалық заттардың ағзаның тіршілігіндегі
ролі» (Г.А.Шипарева), «Космос химиясы» (В.Г.Денисова) жəне
т.б.Қызықты пəнаралық курстар химиядан алыс жатқан, мысалы,
тарих, өнер, шет тілдері, əдебиет, экономика жəне т.б. пəндер
материалдары негізінде құрылады. Мынадай курстарды мысалға
келтіруге болады: «Химия, тарих, өнер: тоғысулар жəне əсерлесулер»
(И.М.Титова), «Ағылшынша химия» (В.А.Кузьменко), «Химия –
ғылыми фантастикалық шығармалардың негізі» (О.С.Габриелян),
«Сарамандық жұмыс қанша тұрады?» (Т.Я.Деглина) жəне т.б. Бұл
курстардағы мəн берілетін нəрсе оқушыларға бейіндік емес пəндердің
оқытылуы, соның ішінде химия гуманитарлық пəндер жəне экономика
пəндерін жатқызуға болады.
;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет