34) Педагогқызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі Педагог жұмыскердің: 1) кəсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға; 2) ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа əдістемелер мен технологияларды енгізуге; 3) дара педагогтік қызметке; 4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тəсілдері мен нысандарын еркін таңдауға; 5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға; 6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға; 7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға; 8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық жəне материалдық көтермеленуге; 9) өзінің кəсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына; 10) əскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына; 11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға; 12) білім беру ұйымы əкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға; 13) білім алушылар, тəрбиеленушілер жəне олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадірқасиетінің құрметтелуіне құқығы бар. 3. Педагог жұмыскер: 1) өзінің кəсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық жəне практикалық білімді жəне оқыту дағдыларын меңгеруге; 2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сəйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге; 3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномəдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тəрбиелеуге; 4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға; 5) өзінің кəсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық жəне жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға; 6) бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге; 7) педагогтік əдеп қағидаларын сақтауға; 8) білім алушылардың, тəрбиеленушілер мен олардың атааналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадірқасиетін құрметтеуге міндетті.