1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


) Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі



бет53/56
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198478
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

35) Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі,
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы,
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет
қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың
қызметкерлеріне, қазыналық кəсіпорындардың
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31
желтоқсандағы №1193 қаулысы, «Білім жəне
ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер
лауазымдарының тізілімін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым
Министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №123
бұйрығы, «Білім ұйымдары мен ғылыми
ұйымдардың қызметкерлеріне мамандық бойынша
жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым
Министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы №302
бұйрығы, «Педагог қызметкерлер мен оларға
теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік
біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым
Министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338
бұйрығы, « Б ю д ж е т қ а р а ж а т ы е с е б і н е н
қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру
ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу
ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
білім жəне ғылым Министрінің 2008 жылғы 29
қаңтардағы № 40 бұйрығы.
Азаматтық қызметшілердің, соның ішінде
мұғалімдердің де жалақысы оқу жүктемесі,
педагогикалық жұмыс стажы, білімі, біліктілік
санатының болуы сияқты жəне басқа да көптеген
факторларға байланысты.
Бұл шарттардың барлығы ҚР Үкіметімен 2016
жылғы 31желтоқсандағы №1193 қаулысымен
бекітілген азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың
қызметкерлеріне, қазыналық кəсіпорындардың
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінде
айтылған. Аталған құжат мемлекеттік мекемелер
мен қазыналық кəсіпорындарда
ұйымдастырушылық - құқықтық нысанда
құрылатын мемлекеттік білім беру қызметкерлеріне
жалақыны есептеу тəртібін анықтайтын негізгі
нормативтік құқықтық акт болып табылады.
Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне сəйкес,
азаматтық қызметшілер лауазымын біліміне,
біліктілігіне, жауапкершілік деңгейі мен атқаратын
жұмысының күрделілігіне байланысты төрт блокқа
бөлу көзделген:
1. Ұйымның даму стратегиясы мен басқарушы
шешімдер қабылдауға жауап беретін басқарушы
персонал блогы (А блогы). Бұл блокқа ұйым
басшылары мен басшылардың орынбасарлары,
ұ йым ны ң б а ғы н у д е ң ге йі н е б а йл а ны с ты
құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен
орынбасарлары ( немесе басқарушылық
жауапкершілік дəрежесіне байланысты:
республикалық, облыстық, аудандық).
2. Ұйымның негізгі функцияларын жүзеге
асыруды қамтамасыз ететін негізгі персонал блогы
(В блогы). Бұл блокқа мұғалімдер, өндірістік оқыту
ш е бе рл е рі, ғылым и қы зм е тке рл е р, ЖОО
оқытушылары мен ұйымның негізгі функциясын
атқаратын басқа да қызметкерлер кіреді.
3. Əкімшілік-құқықтық жəне шаруашылық
функцияларды орындайтын əкімшілік персонал
блогы (С блогы). Лауазымдардың бұл блогына
əдіскер, есепші, кітапханашы жəне басқалары
кіреді.
4. Қосалқы жəне техникалық функцияларды
жүзеге асыратын қосалқы персонал блогы (D
блогы). Лауазымдардың бұл блогына іс жүргізуші,
тəрбиешінің көмекшісі, комендант, хатшы жəне
басқалары кіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет