1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


) Базистік оқу жоспары. Мектептің оқу жоспарының екі түрі



бет28/56
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198478
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

17) Базистік оқу жоспары. Мектептің оқу жоспарының екі түрі.

Базистік оқу жоспары (БОЖ) – негізгі мемлекеттік нормативті құжат ретінде, мемлекеттік стандарттың құрама бөлігі болып, сондай-ақ нақты білім беретін мекемелердің оқу жоспарының негізі және оның финанстық жабдықталуының басты құжаты болып табылады; 

Білім беретін мекемелердің оқу жоспары – БОЖ негізінде дайындалады. 

Оқу бағдарламасы – оқу пәні бойынша білім, біліктілік және дағды мазмұнын, негізгі дүниетанымдық ілімді оқыту логикасын ашатын, оларды оқытуға жұмсалынатын уақыт мөлшері, тақырыптар реті мен сұрақтар көрсетілген нормативті құжат. 




18)Мектептегі психологтың ролі.
Мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.
Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты және қамқорлығы — ол оқушы, өзінің психикалық даму, тұлға ретінде қалыптасу, жас жағынан, және басқа жеке ерекшеліктерінің, үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынастары мәселелерімен айналысу. Психологтың міндеті — әр балаға арналған, жеке, оның мүддесін, қабілетін, өзін-өзі тербиелеу және өзін-өзі ұйымдастыру мүмкіншіліктерін дамытатын тәсілдерді табу. Ең бастысы — психолог және ата-аналардың бірлескен күшімен баланың ерекшеліктерін оның өмір сүру жағдайымен, оның тәрбиелену тарихын есепке ала отырып, түсінуге тырысу және осы негізде келешек жұмыстың бағдарламасын анықтау.


19)Тұжырымдаманың мақсаты

20) Тұжырымдаманың міндеттері

  • жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуін актуалдандыру; 
  • тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастыру-шылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдісте-мелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру; 


  • балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру; 


  • жас ұрпақтың өзінің рухани — адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау; 


  • жас қазақстандықтарды толераттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу; 


  • балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау; 







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет