1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


) Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі



бет52/56
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198478
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

34) Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
Педагог жұмыскердің:
1) кəсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып,
педагогтік қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-эксперименттік жұмыспен
айналысуға, педагогтік практикаға жаңа əдістемелер мен
технологияларды енгізуге;
3) дара педагогтік қызметке;
4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті
ұйымдастырудың тəсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;
5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының
жұмысына қатысуға;
6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын
біліктілігін арттыруға;
7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;
8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар,
құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде
моральдық жəне материалдық көтермеленуге;
9) өзінің кəсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;
10) əскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала
отырып, шығармашылық демалыс алуға;
12) білім беру ұйымы əкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне
шағым жасауға;
13) білім алушылар, тəрбиеленушілер жəне олардың ата-аналары
немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадірқасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.
3. Педагог жұмыскер:
1) өзінің кəсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық жəне
практикалық білімді жəне оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының
талаптарына сəйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын
қамтамасыз етуге;
3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына,
этномəдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты
қарау рухында тəрбиелеуге;
4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен
жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
5) өзінің кəсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық жəне
жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
6) бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтік əдеп қағидаларын сақтауға;
8) білім алушылардың, тəрбиеленушілер мен олардың атааналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадірқасиетін құрметтеуге міндетті.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет