36) Типтік оқу жоспарындағы мектеп компоненті
Атап айтқанда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пəндерді бейімдеп
оқытуға арналған типтік оқу жоспарын базалық компонентінің пəндері
жеті блокқа бөлінген. Ал, жаратылыстану-математикалық ба-ғыттағы
пəндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарын базалық
компонентінің пəндері жеті блокқа бөлінген, яғни мүнда "Өнер" блогы
жəне осы блок негізінде оқытыла-тын өнер пəні жоқ. Жоғарыдағы оқу
құралдарындағы жаратылыстану-математикалық жəне қоғамдықгуманитарлық пəндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу
жоспарлары зерделенген соң, сыныптың нақты бағдарын анықтау
керек.
III. Сыныптың бағдарын немесе бағдарларын анықтау дегеніміз
оқушылардың білім алу бағытын ары қарай тарыл-тудың,
нақтылаудың, жүйелеудің 2-ші кезеңін жузеге асыру дегенді білдіреді.
Егер сынып қоғамдық-гуманитарлық бейімдеп оқыта-тын болса,
лингвистикалық, филологиялық, филология-тарихи, тарихи-құқықтық,
тарихи-қоғамдық ж.т.б. бағдар-лардың біреуін, екеуін т.б. таңдауы
мүмкін. Егер сынып жаратылыстану-математикалық пəндерді бейімдеп
оқытатын болса, онда сынып математикалық, физика-математикалық,
математика-экономикалық, фи-зика-технологиялық, биологияхимиялық, география-био-логиялық, биология-экологиялық ж.т.б.
бағдарлардың біреуін, екеуін т.б. таңдауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |