Кіріспе
Тәжірибе мақсаты: білім алушылардың оқу үдерісінде алған білімдерін нығайта , кеңейте отырып, мектептің оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық негіздерімен таныстыру.
Тәжірибе міндеттері:
1) білім алушылардың кәсіби жұмысқа қойылатын міндеттерді жүйелі тұрғыдан меңгеруі;
2) жалпы білім беретін мектеп мұғалімінің кәсіби ұстанымын қалыптастыру;
3) кәсіби этиканы меңгеру;
4) жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы мұғалім қызметінің практикалық тәжірибесімен танысу;
5) мұғалімнің әр түрлі типтегі (диагностикалық, аналитикалық-бағалық және т.б.) кәсіби міндеттерді өз бетінше шешуі мен өздігінен ұйымдастыру мәдениетін қалыптастыру;
6) мұғалімдермен, әр түрлі жастағы оқушылармен және мектеп әкімшілігімен кәсіби байланыс орнатудың амал-тәсілдерін меңгеру.
Тәжірибе базасы: «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ
Бекіту конференциясы
Жеке тапсырмалардың орындалуы
Бекіту конференциясында тәжірбие бағдарламасымен таныстырылып, әр студенттің жеке тапсырмалары берілді.
Оған қоса, күнделік толтыру үлгісі көрсетіліп, тәжірбие қорғаудың ерекшеліктері айтылды. Раисова Г.Т. қауіпсіздік техникасын түсіндірді
2.1 Мектеп оқу-тәрбие жұмысының жағдайы және оның ұйымдастырылуымен танысу
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Новоишим қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп тарихына шолу
Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя.
Новоишим қазақ орта мектебі-шәкірттеріне үлкен тәрбие, білім беретін киелі орда. Мектебіміз – барлығымыздың мақтанышымыз. Жас ұрпақты сәулетті қоғамымыздың жан – жақты жетілген, жарасымды азаматы етіп қалыптастыру – мектеп ұжымының мақсаты, шын жүректі тілегі.
Бұрыңғы аудандық коммунистік партия басқармасының ғимаратында 1991 жылы Новоишим №1 орыс мектебінің базасында қазақ бастауыш сыныптары ашылған. Бастауыш мектептің директоры болып Капбасова Гүлмира Мергенқызы тағайындалды. Алғашқы қазақ мектебінің оқушыларын қазақ педагогикалық институтының түлегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қараулова Сәуле қабылдады. Қазақстанның барлық облыстарында ұлттық тіл мен мәдениет мәселесін терең түсінетін, жұртқа сөзін өткізе алатын нағыз патриот жандар легі пайда болды. Сондай адамдардың бірі-ұзақ жылдар жауапты қызметтер атқарған Баймолдин Ораз Баймолдаұлы және мұсылмандар әйел қоғам ұйымының төрайымы Тайшабаева Қайран Қойбағарқаза еді. Ол кісі тіл күресінің де, қоғам құрудың да басы-қасында болды. Мәселен, 1990 жылдары қазақ мектептерін ашу, сосын онда қазақ балаларын оқыту ол кезде тіпті қиын болатын. Өйткені елді мекенде негізгі тұрғындар орыс халқы болатын. Халықтың 80% орыс және басқа халық өкілі еді. Оған лайықты ғимаратта болмады. Соған қарамастан бұрыңғы аудандық коммунистік партия басқармасының ғимаратынан қазақ сыныбы ашылған еді. Бірінші сыныпқа 13 бала жиналды. Ал 1992 жылы 1-сыныпқа 45 бала қабылданып, екі сынып ашылды. 1995 жылы Монғолиядан оралмандардың оралуын негізінен 1993 жылы оқушылардың санының көбеюіне байланысты мектеп орыс мектебінен бөлініп шықты. Мектеп жанындағы интернат ашылды, яғни жеке қазақ орта мектебі болды. Бұл жылдары мектепті 1994 жылы Көкшетау педагогикалық институтын жаңа бітіріп келген жас маман Алғожин Серік Қойшығұлұлы басқарды.
Қазақстан Республикасының Білім беру саясатын өз мәнінде жүзеге асыруда және білімді де білікті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде мектеп ұжымының қосқан үлесі зор
Достарыңызбен бөлісу: |