Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ:: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықпен жұмыс.
(Т) Постер қорғау. Оқулықтағы жаңа тақырып бойынша екі топқа тақырыпшалар бөліп беріледі. Әр топ өз тақырыбы бойынша топ ішінде ақылдасып, өз ойларын, нақты ақпаратты плакатқа түсіреді. Топтар арасында бір-біріне түсіндіру жұмыстары жүреді.
|
1- топ: «Деректердің типі»
2- топ: «Айнымалылардың типі»
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
Оқулықтағы ақпаратпен танысады.
Топтық талқылау жүргізеді.
Постер қорғайды.
|
5-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
|
|
Практикалық жұмыстар.
(Ж) №1тапсырма: Берілген айнымалыларға type() функциясын қолдансаң қандай деректер типін аласың?
|
a=156.78; b=’ata’; c=True; ppp=’stl’; max=-25; min=False; h=0; res=’k’;
r=100; tc=’True’; maxs=’-25’; mins=’False12’; p=101.0; tes=’1500’;
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
Берілген айнымалыларға type() функциясын қолданады;
Деректер типін анықтайды.
|
5-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
|
|
|