Препаратта шәует шығаратын түтік берілген. Шәует шығаратын түтіктің құрылысы, қызметі және голотопиясы,синтопиясы,қандануы,нервтенуі. Шәует шығаратын түтік Ductus deferens-жұп мүше,аталық без қосалқысы түтігінің тікелей жалғасы және шәует қуықшасының шығарушы түтігімен қосылатын жерде аяқталады.
Голотопиясы.Кіші жамбас қуысында орналасқан.Шәует шығаратын түтікті топографиялық орналасуына байланысты 4 бөлікке бөледі.Ең қысқа бастапқы бөлігі аталық бездің артында,оның қосалқысынан медиалді орналасып,аталық бөлігі атауын алады.Келесі бөлігі шәует шылбырының құрамында жоғары вертикалді көтеріліп,оның қантамырларынан медиалді орналасып,беткей шап сақинасына жетеді.Бұл бөлігі өзекшелік деп аталады.Кейін шәует шығаратын түтік шап өзегіне кіреді,онда шап бөлігі орналасқан.Шап өзегінің терең сақинасы арқылы өтіп,кіші жамбас астауының бүйір қабырғасымен шәует қуықшасының шығарушы түтігімен қосылғанға дейін төмен және артқа бағытталады.Бұл бөлік-жамбас астау бөлігі деп аталады.Ол төменгі құрсақүсті артериясын латералді жағынан бүгіп,сыртқы мықын артериясы мен венамен қиылысып,несепқуық пен тік ішектің аралығынан өтеді.Кейін несепағарды тесіп,несепқуықтың түбіне жетіп,қарама-қарсы түтікпен бірге қуықасты бездің үстінде орналасады.Түтіктің ең соңғы бөлігі кеңейіп,ұршық пішінді шәует шығаратын түтіктің ампуласын түзеді.Ампуланың төменгі бөлігі біртіндеп тарылып,қуықасты бездің жоғарғы деңгейінде,шәует қуықшасының шығарушы түтігімен қосылады.
Синтопиясы.Көпіршіктерінің алдында несеп шығаратын қуықпен,артқы жағындаvesicula seminalis тік ішекке қарайды,медиалды жағында шәует шығаратын түтіктің ампулалары бар,төменгі алдыңғы жағында қуыс асты безі мен байланысып жатыр.
Құрылысы.Ductus deferens-тің қабырғасы үш қабықтан; сыртқы-дәнекертінді қабық, tunica adventitia, ортаңғы бұлшықетті қабық, және ішкі шырышты қабықтан, tunica musculares tunica mucosa дантұрады.
ductus deferens жалпы ұзындығы 40 см жетеді,түтіктің диаметрі 2-3 мм.
Қызметі.Шәует сұйықтығын сыртқа шығарады.
Қандануы.Шәует шығаратын түтік артерияның жоғарылаған тармағымен(a.umbilicalis тармағы –a.dustus deferentis), қандандырылады.Шәует шығаратын түтіктің кең жерін(ішкі мықын артерияның тармақтары) ортаңғы тік ішек артерия(a.rectalis media) мен төменгі несепқуық артерияның тармақтары(a.vesicalis inferior) қандандырады.
Нервтенуі.Шәует шығаратын түтік өрімінен (төменгі құрсақасты өрім тармағы) симпатикалық және парасимпатикалық нервтендіру алады.