Топографиясы.Кіші жамбас қуысының ортаңғы бөлігінде қуық пен тік ішектің аралығында орналасқан қуысты бұлшықетті мүше.
Құрылысы. Жатырдың жоғарғы жағы — Жатыр денесі немесе Жатыр түбі, төменгі жағы Жатыр мойны деп аталады. Жатыр денесі: сыртқы — сір, ортаңғы — бұлшық етті, ішкі — шырышты қабаттардан, ал Жатыр мойны қынаптан және мойын өзегінен тұрады. Жатырдың сір қабығы іш перденің бір бөлігі, Жатырдың алдыңғы және артқы жағын жауып жатады; бұлшық етті қабатының әйел босанған кезде маңызы зор, оның жиырылу қасиетінің салдарынан нәресте босану жолдарынан тез өтеді; Жатырдың шырышты қабатында етеккір айналымының барлық циклдік өзгерістері өтеді. Шырышты қабатқа енген ұрық, тоғыз ай бойы ана организмінен тиісті қоректік заттарды плацента арқылы алып, өсіп жетіледі.
Қызметі.Жатыр көбею және етеккір қызметтерін атқарады.
Қанмен қамтамасыз етілуі:Негізінен жатырды ішкі мықын артериясының тармақтары –жұп жатыр артериясы қанмен қамтамасыз етеді.
Жатырдан шыққан веналық қан оң ж\е сол жатырдың веналық өріміне ағады.Одан жатыр венасы ж\е аналық без ,ішкі мықын веналарына ашылатын веналар ж\е тік ішектің веналық өрімдері басталады.
Жатыр түбінен лимфа тамырлары бел лимфа түйіндеріне ,сегізкөз ж\е шап түйіндеріне ашылады.
Нервтенуі:Жатырды төменгі құрсақасты өрімнің ішкі мүшелік жамбас нервтері нервтендіреді.
|
№ 1 латынша атаңыз
Лат: Ligamentum cardinale
Каз:Кардинальды байлам
Грек:Syndesmos kardinalios
Кардинальды байлам-жатырдың жалпақ байламы негізінде ,жатыр мен жамбас астау қабырғасында орналасады.Бұл байлам өзінің төменгі жиектерімен несеп-жыныс көкетінің шандырымен байланысып ,жатырды бүйір ауытқулардан сақтайды.
|
№2 латынша атаңыз
Лат:Ligamentum latae uteri
Каз:Жатырдың жалпақ байламы
Грек: sundesmos latae uteri
Жатырдың жалпақ байламы-ішастардың алдыңғы және артқы табақтарынан құралған,құрылысы бойынша жатырдың шажырқайы болып саналады.Оң және сол жатырдың жалпақ байламдары кіші жамбас астауының бүйір қабырғасына бағытталып,ішастардың париетаьды табағына жалғасады.Жатырдың жалпақ байламының бос жоғарғы жиегінде ,оның табақтарының аралығында жатыр түтігі орналасады
|
№3 латынша атаңыз
|
Достарыңызбен бөлісу: |