№1 белгіленген құрылымды латынша атаңыз


Қуықасты бөлігі, pars prostatica



бет3/34
Дата16.09.2022
өлшемі15,35 Mb.
#149698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
АНАТОМИЯ РЗЧ СЕССИЯ ! (копия)

Қуықасты бөлігі, pars prostatica, ұзындығы 3 см, вертикалді бағытта қуықасты безден өтеді. Еркек несеп шығаратын өзектің куысы қуықасты бөлігінің ортаңғы бөлімінде кеңейген. Несеп шығаратын өзектін қуықасты бөлігінің артқы қабырғасында сопақша төмпе - несеп шығаратын өзектің қыры, crista urethralis, орналасқан. Бұл қырдың ең шығыңқы бөлігі - шәует төбешігі, colliculus seminalis, онын ұшында ұңғыл - куықасты жатыршасы, utriculus prostaticus, орналаскан. Қуықасты жатыршасының жан-жағынан шәует жіберетін түтіктің тесігі ашылады. Шәует төбешігінің айналасында қуықасты бездің шығару түтіктерінің тесіктері орналасқан.
Жарғақты бөлігі, pars membranacea, қуықасты без ұшынан жыныс мүшесінің буылтығына дейінгі аралықта орналасады. Бұл бөлігі қысқа (1,5 см) және өте тар. Несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігі несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде несеп шығаратын өзектің қысқыш бұлшықетін, m. sphincter urethrae, құрайтын көлденең-жолақты бұлшықет талшықтарымен қоршалған. Кеуекті бөлігі, pars spongiosa, несеп шығаратын өзектің ең ұзын бөлігі, жыныс мүшесінің кеуекті денесінің қалындығында орналасады. Еркек несеп шығаратын өзек жыныс мүшесінің буылтығы аймағында кішкене кеңейеді, ал қалған деңгейінің диа­метрі өзгермейді. Еркек несеп шығаратын өзектің соңғы бөлімі жыныс мүшесінің басында орналасып, несеп шығаратын өзектің қайықтәрізді шұңқырын, fossa navicularis urethrae түзіп, қайтадан кеңейеді.Еркек несеп шығаратын өзегі жыныс мүшесінің басында өзінің сыртқы тесігімен аяқталады, ол аз созылады, себебі өзек кабырғасында фиброзды-эластикалық сақина бар. Еркек несеп шығаратын өзек өз жолында S-тәрізді иіліп, 3 тарылулары кездеседі:
-еркек несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында;
-несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде;
-еркек несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі аймағында. Еркек несеп шығаратын өзектің кеңею жерлері:
-куықасты без бөлігінде;
-жыныс мүшесінің буылтығында;
-соңғы бөлімінде, кайықтәрізді шұңқырда, fossa navicularis urethrae.
Қызметі. Несеп шығаратын өзек несепті шығару және шәуетті лақтыру қызметін атқарады.






Атабез және оның қосалқысы


1.Cauda epididymis-без қосалқысы құйрығы

2.Corpus epididymis –атабез қосалқы денесі



3 caput epididymis – атабез қосалқысы басы

4.facsia spermatica interna –ішкі шәует шандыры

5.funiculus spermaticus –шәует шылбыры

6.ductus deferens-шәует шығаратын түтік

7.appendix epididymis-атабез қосалқысы өсіндісі

8.fascia spermatica interna- ішкі шәует шандыры

9 .lig. Epididymis superior-атабез қосалқысы жоғарғы байламы

10.extremitas superior-жоғарғы шеті

11.appendix testus-атабез өсіндісі

12.facies lateralis-латералды беті

13.margo anterior-алдыңғы жиек

14extremitas inferior-төменгі шеті

15.lig. Epididymis inferior –атабез қосалқысы төменгі байламы

16.sinus epididymis-атабез қосалқы қойнауы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет