Атабез(testis)-ұманың ішінде орналасқан салмағы 20-30 г,сопақша пішінді, ұзындығы 4см, ені 3 см, қалыңдығы 2см, жұп мүше.
Топографиясы : атабез шат аймағындағы арнайы жер –ұмада scrotum да орналасқан. Сол аталық без оңнан төмен орналасқан. Олар бір-бірімен ұма қалқасы арқылы бөлінген.
Қызметі: Аталық бездер ағзада екі түрлі маңызды қызмет аткарады. Біріншіден, олардан аталық жыныс жасушалары -сперматозоидтар түзіледі. Бұл аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі. Екіншіден, аталық бездерден жыныс гормондары (негізінен тестостерон) бөлінеді. Бұл аталық бездердің ішкі секрециялық қызметі.
Құрылысы. Атабезді сыртынан ақ қабық tunica albuginea қаптайды.Қабық астында аталық без заты-аталық без тіні (паренхимасы) parenchyma testis орналасқан.Осы паренхима арқылы аталық безден300 ге дейін жететін үлесшелер lobuli testis тарайды.Үлесшенің құрамында иреленген шәует өзекшелері болады tubuli semineferi contorti.Аталық без орталығынды иренлеген шәует өзекшелері бір-бірімен қосылып қысқа тік шәует өзекшелерін tubuli semineferi recti түзеді.Одан кейін бұл өзекшелер аталық без торына rete testis ашылады. Ол жақтан атабез қосалқысы түтігіне құятын 15 атабез шығарушы өзекшелері шығады. Аталық без тығыз консистенциялы және бүйірінен бірнеше жұмсартылған. Онда дөңес латералді(facies lateralis) және медиалдібетін (facies medialis), екі жиегі — алдыңғыжәне артқы(margo anterior et posterior), және де жоғарғыжәне төменгішеттері (extremitas superior et inferior) ажыратылады. Аталық бездің артқы жиегінде денесі, басы және құйрығы болатын атабез қосалқысы (epididymis) орналасқан.
Атабез қосалқысы (epididymis) топографиясы аталық бездің артқы жиегінің бойымен орналасқан.
Құрылысы. Эпидидимис аталық без қабығымен ( сірлі қабық) жабылған, ол аталық безі мен эпидидимисі арасында жіңішке синусты құрайды. Дөңгеленген жоғарғы бөлігі-аталық без қосалқысының басын caput epididymidis,орталық бөлік-денесін corpus epididymidis және төменгі бөлігі-құйрығын cauda epididymidis ажыратады. Эпидидимистің басы кең, дөңгеленген, аталық бездің жоғарғы шетінен шығып тұрады, 12 - 15 лобуладан тұрады; кейде басында рудиментарлы везикулярлы түзіліс пайда болады - эпидидимистің қосындысы (мезонефральды каналдың қалған бөлігі) .Эпидидимис денесі тар, созылған, үшбұрышты; эпидидимистің құйрығы вазеференмен жалғасады.
Қызметі. Эпидидимис - андрогенге тәуелді секреторлық мүше.Спермияларды қозғалту және ұрықтандыру қабілетіне ие сперматозоидтардың жиналуы мен жетілуіне қызмет етеді.