1. Бие байларда қандай ырым Мәтіннің бірінші бөліміне жасалады? лайықты такырып



бет117/122
Дата06.04.2020
өлшемі6,49 Mb.
#61631
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-2 (1)


4-мәтін

Ертеректе өзі бай, өзі дана бір кісі болыпты. Үлкен шаһардың шетінде өз қолымен тұрғызған сән-салтанатты үйлері, ат шаптырым ауласында түрлі-түрлі жеміс ағаштары сыңсып, бұлбұл құстары жүз құбылта, құйқылжыта ән салады екен.


Сонау қиянда тұратын бір адам әлгі дана кісінің әңгімесін тыңдауға құмартып, жолға шығыпты. Апталап сапар шегіп, шаршап-шалдығып бір күні келіп жетеді. Паңдықтан ада, қарапайым бай жолаушыны қабылдап, ас-суын ұсынып, бұйымтайын сұрайды.


  1. О, қадірменді ақыл иесі! Алыс қияндағы елімнен келгендегі мақсатым, сіздің даналық сөздеріңізді тыңдасам деп едім, - дейді ілтипатпен.




  1. Дәл қазір даналық әңгіме айтуға уақыт тарлық етіп тұрғаны, - дейді бай. - Ac ішіп, әл жинасаң, былай істе. Қолыңдағы қасыққа екі тамшы май тамызайын. Бірер сағат осы маңда бол, қасықтағы майға да көз қырыңды сала жүр, келістік пе?




  1. Келістік, - дейді жолаушы.


Уақыт жылдам өте шығады. Жолаушы дана қарияның алдына келеді.



  1. Жә, айта қойшы, жарқыным, бағанадан бері не көрдің? He білдің?

  2. Ештеңені көре қойғаным жоқ... Баққаным қасықтағы екі тамшы май болды.

  3. Онда, дана сөздерімді естуге асықпа! Тағы екі сағат жүре тұр.

  4. Тақсыр-еке, неге олай айтасыз? Өзің емес пе майға қара деген...

  5. Иә, солай дедім! Бірақ, мынау сән-салтанатты үйлер, анау жеміс- жидектері сыңсыған ағаштар, онда сайраған бұлбұлдардың әуезді үндеріне құлақ түрмейсің бе?! Алла тағаланың жаратқандарына таң қалмайсың ба?! Бірақ, қасықтағы майға да көз қырынды салғайсың...




  1. Мақұл, - дейді жолаушы.

Межелі уақыттан соң мейман тағы да байдың алдына келеді.

  1. He көрдің, не білдің! Баяндап беріңізші!




  1. Бау-бақшаңыздағы ағаштарға қарап, терең-терең ойларға кеттім! Алланың құдіретіне қайран қалдым! Таң-тамашамын... Сіздің еңбегіңізге, соншама құштарлықпен, махаббатпен өсірген өскіндеріңізге Жаратқан ием, мейрімін төгіп, осыншама көркемдік пен келісімді сыйлаған екен!

Жолаушы алған әсерінен айыға алмай, аузы ашылып таңырқауын айта берді, айта берді.



  1. Тәңірінің сый-құрметін, табиғаттың үйлесімділігін көре білген көкірек көзің ояу екен! Рахмет, жолаушым! Ал, қасықтағы май қайда?

  2. Ой-буй, қа-ап! Сән-салтанатты келіскен шаһарды, бау-бақшаны тамашалаймын деп қасыктағы майды төгіп алыппын!

  3. Ендеше, даналық сөздеріме құлағың сал, қадірменді мейманым!

Әлбетте, он сегіз мың ғаламнын, иесі Рахман-Рахымның жаратқандарына таңырқағаның жөн!

Сол арқылы Алланың ұлылығы мен құдіретіне көзің жетеді!.. Қасықтағы майға келер болсам,

ол фәни жалғандағы - тіршілігің,


нәсібің! Оны да ұмытуға болмас! Бірақ, дінде де, дүние тіршілікте де орташа болғын! Отаныңды
сүю, жақсы сөз сөйлеу, жақсылық істеу, иманды, инабатты ұрпақ тәрбиелеуде адами міндетің! Осы айткандарымды тепе-тең ұстасаң, екі өмірде де бақытқа кенелесің! Жортқанда жолың оңғарылып, Жалғыз Жаратушы жар болсын! - дейді дана қария батасын беріп.


  1. Байдың даналың әңгіме айтуға уақыт тарлық етіп тұр деп, қасықтағы екі тамшы май ұсыну себебі

A) Майдың шипалық қасиетін анықтау B) Қонағының көңілін аулау

C) Қонағының шыдамдылығын сынау D) Майдың пайдалы қасиетін анықтау

E) Бойынан өткерген жағдайлар арқылы ой түйгізу


  1. Байдың мейманына айтқан даналық сөздеріне қатысты нұсқа

  2. Құрғақ сөз бас ауыртар, Құрғақ қасық ауыз жыртар.




  1. Енбектің қадірін білген адам - бақытты адам.




  1. Ақылды адам жай-жай сөйлейді,

Жан-жағын байқай келеді.

  1. Көп ішінде сөйлеген - көсемдіктің белгісі.




  1. Дүние бақыты - тыныштық тапқан жүрек пен адал нәсіпте

338


15.

Адам несібесінің символы

16.

Екінші кейіпкердің дана кісіні іздеп

A)

Бақша ағаштары

келудегі мақсаты

B)

Сайраған бұлбұлдар

A) Әңгімесін тыңдау

C)

Салтанатты шаһар

B)

Батасын алу

D)

Қасықтағы май

C)

Ақыл сұрау

E)

Ат шаптырым аула

D)

Кенес беру







E)

Жақын танысу


  1. Жолаушыны таңырқатқан үй иесінің қасиеті


A) Шешендігі C) Жомарттылығы E) Еңбекқорлығы

B) Құдіреттілігі D) Асқан дәулеті


  1. Дана қарттың екі тапсырманы қатар беруінің сыры

  2. Жаратқанға таңырқап, ұлылығы мен құдіретіне көз жеткізу

  3. Уақыт аз кесілгендіктен, бос уақытыңды пайдалы іске арнау




  1. Асқан ақылың болсын, ақылыңа бақ-дәулетің сай болсын

  2. Бұлбұлдардың сайраған үніне құлақ түріп, рахат ғұмыр кешу

  3. Жаратушының құдіретіне таң қалумен қатар, несібеңді де ұмытпау

19. Мәтін мазмұны бойынша Алланың ұлылығы мен құдіреті

  1. Сайраған бұлбұлдардың әуезді үні

  2. Екі өмірде де бақытқа кенелу

  3. Жақсы сөз сөйлеу, жақсылық істеу




  1. OH сегіз мың ғаламды жарату




  1. Инабатты ұрпақ тәрбиелеу

20. Дана қарияның батасы



  1. Жортқанда жолың оңғарылып, Жалғыз жаратушы жар болсын!

  2. Иманды, инабатты ұрпақ тәрбиелеу де адами міндетің!

  3. Осы айтқандарымды тепе-тең ұстасаң, екі өмірде де бақытқа кенелесің!

  4. Дінде де, дүние тіршілікте де орташа болғын!

  5. Отаныңды сүю, жақсы сөз сөйлеу, жақсылық істеу - міндетің!

2354 - Нұсқа
1-мәтін
Табиғатқа зер салсақ, одан ауа райын болжағыш «синоптик» өсімдіктерді кездестіруге болады. Мысалы, гул қауашақтары біркелкі ашылса, ауа райы ашық болады. Керісінше, гүлдері төмен қарап, жабылып тұрса, ауа райы жауын-шашынды болып келеді. Өсімдіктің сабағы төмен қарап иіліп тұрса да, жауын-шашын болады. Ал егер тік болса, ауа райы жақсы болады деп алдын ала пікір айтуға мүмкіндік бар. Мұны қымыздық, бақбақ, егінжай шырмауығы сияқты өсімдіктерден байқай аламыз.
Егер қайың қандыағаштан гөрі ерте жапырақ жайса, жаз құрғақ, жылы болады. Егер қандыағаш ерте бүршік атса, жаз ылғалды, салқын болады деп есептеледі.


  1. Жаздың салқын болатындығын қай өсімдік арқылы болжауға болады? A) Қандыағаш бүршіктері C) Өсімдік түптері E) Сарғалдақ бүршіктері

B) Гүл сабақтары D) Бидай дәндері




  1. Ауа райы ашық болатындығын қалай білуге болады?




  1. Ағаш бүршіктері салбырап тұрады D) Өсімдік гүлдері ашылып тұрады




  1. Қызғалдақ гүлдері жабылып тұрады E) Гүлдің сабағы иіліп тұрады




  1. Ағаш тамырлары жайылып тұрады


2-мәтін
Ғибадатхана гректердің аңшылық кұдайы Артемиданың құрметіне б.з.д. VI-VII ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі кұрылыс әдістерінің бірі - ионика ордерінің стилімен тұрғызған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады. Алайда, Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу
339

түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын кұшағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ескендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадатхананың жобасын сақтағанмен, одан сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110x55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған.


Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекейленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан.


Қаладан қасиетті орынға қарай арнайы порт салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұмыры ұзаққа барған жоқ. III ғасырда, дәлірек айтсак, 263 жылы Кіші Азияға басып кірген гот тайпалары ғибадатхананы қиратып кетеді. 1869 жылы ағылшын археологы Дж.Т.Вуд жүргізген қазба жұмыстары кезінде ғибадатхана болған жерден тірек тақталар мен сарайға әкелінген біраз нәрселер табылған.




  1. Мәтінге кай тұжырым сай келеді?




  1. Ескендір Зұлқарнайын ғибадатхананы өртеуге әмір береді.




  1. Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салынды.




  1. Қазба жұмыстары кезінде ғибадатханаға қатысты заттар табылды.

A) Үшеуі де дұрыс C) Үшеуі де бұрыс E) Бірінші мен үшінші B) Екінші мен үшінші D) Бірінші мен екінші




  1. Мәтіннің тақырыбы қандай?




  1. Сәулетші Дейнократ C) Қазба жұмыстары E) Артемида ғибадатханасы




  1. Апеллес суреттері D) Жаңа құрылыс




  1. Ғибадатхана құрылысының жаңа үлгісі кімнің басшылығымен іске асты?

A) Апеллес C) Дейнократ E) Херсифрон B) Скопас D) Дж.Т.Вуд




  1. Неліктен Герострат Артемида ғибадатханасына қастандық жасады?

A) Жаңасын тұрғызу үшін C) Біреудің қысымымен E) Шарасыздықтан


B) Атағын шығару үшін D) Көреалмаушылықтан З-мәтін
Ескі замандарда бір-бірін қатты жақсы көретін өте бауырмал екі ағайынды болыпты. Үлкенінің есімі Халил, кішісі Ибраһим. Халил үйленген, бала-шағалы, ал Ибраһим әлі бойдақ екен. Екеуінің ортақ егіс алқабы бар еді. Бірлесе егіншілікпен айналысып, шыққан өнімді екіге бөлісіп күнелтеді.
Бір жылы екі ағайынды бидай егеді. Шыққан бидайды орып, өнімді екіге бөледі. Кейін екеуі өз үлестерін үйлеріне тасуға кіріседі. Үлкен бауыры Халил: «Ибраһим, сен осында күте тұр, мен қаптарды алып келейін», - дейді. Ибраһим: «Жарайды аға», - деп астық басында қалады. Халил қаптарды алып келуге кеткенде інісі ойланады: «Ағам үйленген, бала-шағасы бар. Маған қарағанда оған бидай көбірек керек», - деп, өзінің үлесіндегі бидайдың бірнеше күрегін ағасының бидайына қосып қояды. Кейін ағасы қаптарды алып келіп: «Қане, Ибраһим, тасуды алдымен сен баста», - дейді. Ибраһим: «Жарайды», - деп бір қапты толтырып, алып кетеді. Ол кеткен кезде ағасы ойланады: «Мен үйленгенмін, бала-шағам да бар. Ал інім әлі бойдақ. Оған әлі көп жұмыс істеп, ақша табу керек. Үйленіп, үй болуы керек», - деп, өзінің бидайынан біраз күрек інісінің бидайына тастайды. Келесі кезекте Халил кеткенде інісі өзінің бидайынан тағы да оның үлесіне қосып қояды. Ағасы да өз кезегінде бірнеше күрек інісінің бидайына тастап отырады. Осылайша біраз уақыт жалғасса да, ағайындылардың бір-бірінің әрекетінен хабары болмайды. Соңында кеш батып, күн қараяды. Ал бидайдың таусылатын түрі жоқ, тіпті азаймайды да.
340

  1. Халил мен Ибраһимнің екеуіне де тән қасиет

A) Сыншылдық C) Болжай білгіштік E) Үнемшілдік


B) Сақтық D) Жанашырлық


  1. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?

A) Кәсіппен айналысуға шакыру D) Достықты үлгі ету


B) Қайырымдылықты дәріптеу E) Адал еңбек етуге шақыру
C) Көркем мінезді үлгі ету



  1. Ағайындылар қандай жұмыспен айналысады?




  1. Диқаншылықпен айналысады D) Бау-бақша салады 10. Ибраһим неліктен бидайды ағасының қабына салды?

  2. Ағасының бай болғанын қалағандықтан




  1. Ағасы өзінен үлкен болғандыктан




  1. Ағасы отбасын асырай алмағандықтан




  1. Ағасы өтініш жасағандықтан




  1. Ағасына көмектескісі келгендіктен




  1. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?

A) Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды, D) Ағасы бардың жағасы бар,


Жер - қазына саусаң да таусылмайды. Інісі бардың тынысы бар
B) Еңбегің қатты болса, E) Жақсы жұмыс - жанға тыныс.
Татқаның тәтті болар.
C) Көп ақымактың ағасы болғанша,
Көп ақылдының інісі бол.


  1. Халил әрекеті арқылы автор нені айтқысы келді?

A) Еңбекқор болуды C) Адал болуды E) Жайдары болуды


B) Қанағатшыл болуды D) Жомарт болуды

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет