1. Бие байларда қандай ырым Мәтіннің бірінші бөліміне жасалады? лайықты такырып



бет95/122
Дата06.04.2020
өлшемі6,49 Mb.
#61631
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   122
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-2 (1)


1074-нұсқа

1-мәтін

Бөлтірік шешеннің сөзі
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт:

265


  1. Ақ ата (Бөлтірікті жұрты осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па? - дейді.

Сонда Бөлтірік:




  1. Қарағым, байлық - қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ - ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала - артта қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын- туысыңмен, ел-жұртыңмен «сіз-біз» деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың - күл, қуанышың - от! - дейді.




  1. Мәтін мазмұнында кездеспейтін нұсқа

A) қолға ұстаған мұз B) қайғы - күл, куаныш - от C) ұшқан құс




  1. артта қалған із E)бала - жұбаныш, қарт - қазына

  2. Бөлтірік шешеннің айтуы бойынша бақ қонатын жігіттің сипаты

A) жүрегі мықты жігіт B) бақ құсы қонған жігіт
C) ұзақ өмір сүрген жігіт D) көпті сыйлаған жігіт E) баласы көп жігіт
2- мәтін

  1. Шайқұмарлардың көбі сүт қосылған шайды таңдайды. Бұл жайт таңғаларлық та емес, сүт қатқан шай - дәмі жұмсақ, ас қорытқанға жеңіл, қоректі сусын. Сүттің өзі де пайдалы қасиеттерімен ерекшеленеді.




  1. Сүтте адам ағзасына қажетті ондаған пайдалы зат бар. Бірақ сүтті кеселеп іше алмайтынымыз белгілі. Бұл асқазанға ауыр. Ал шайға қосылған сүт жеңіл қабылданып, пайдалы қасиеттерін толықтай бере алады. Дәрумендер, майлар, ақуыздар жиынтығы денсаулыққа өте пайдалы болады. Тіпті ол шай құрамындағы кофеин, алкоидтардың жаман қасиеттерін баса алады. Шай мен сүттің қосындысы хош иісті, жұмсақ дәмді, пайдалы сусын береді.




  1. Сүт қатқан шай жүрек-тамыр ауруларының алдын ала алады. Сүттің ең маңызды құрамдас бөлігі - кальций, ол сүйек, шаш пен тырнақты берік қылады. Сергітетін бұл сусынның жалпы пайдалы екені сөзсіз.




  1. Соңғы кезде «сүт шайдың пайдалы қасиеттерін төмендетеді» деген пікірлер туындай бастады. Зерттеулер көрсеткендей, сүт шайдың тек бірнеше қасиетін бәсеңдетеді. Ал оның қосып беретін пайдасы одан бірнеше есе көп. Диетолог мамандар күніне 3-8 шыны сүт қосылған шай ішуге кеңес береді. Әрине, сүттің ең майлы түрлерін таңдамаған дұрыс. Егер сіз салмақ тастауды көздесеңіз, майлылығы аз сүт қосыңыз.




  1. Сүтті шайдың адам ағзасына тигізер әсері




  1. Ac қорытқанға жеңіл. D) Белокты азайтады.

  2. Жүйке жүйесін тыныштандырады.

4, Сүт қүрамындағы пайдалы заттар туралы мәтіннің қай бөлігінде айтылады?


  1. Мәтін мазмұнынан алшақ сөйлем




  1. Сүт қосылған шайдың адамды сергітетін қасиетке ие екені белгілі.

  2. Арықтау үшін сүттің майлы түрін қолданбаған дұрыс.

  3. Шайға қосылған сүт пайдалы қасиеттерін толықтай сақтайды.

  4. Сүтті шай жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады.




  1. Сүт шайдың адам ағзасына қажет қасиеттерін жойып жібереді.

  2. Шай құрамындағы адам ағзасына зиянды зат

A) Газ B) Май C) Алкоид D) Белок E) Ақуыз
3- мәтін

Әлем елдерінің Жаңа жылды қарсы алуы


«Әр елдің салты басқа, итгері қара қасқа» демекші, Жаңа жылды тойлауда әр елдің түрлі салт-дәстүрлері бар.
Болгарияда сағат тілі түнгі 12-ні соққанда барлық үйде жарық сөне бастайды. Дастарқанға міндетті түрде самса қойылады екен.
Венгрияда дастарқанға үйрек пен тауық еті қойылмайды. Себебі венгерлер құстардың барлығын «Бақыт құсының» туыстары деп есептейді екен. Италияндықтар ескі жылдың соңғы сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкімнен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа жылдың алғашқы түнінде үйлерінен сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына шығарып тастайды екен.

266


Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жаңа жылда сабаннан жасалған қарақшыны ескінің символы ретінде далада отқа өртеп жібереді. Францияда адамдар Жаңа жыл кешінде жомарт болуға тырысады екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай, кетерінде сыйлықтар береді екен.
Үндістанда Жаңа жыл - Дивали «жарық пен оттар мерекесі» деп аталады екен. Айтса айтқандай, осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұрған бірде-бір терезені көре алмайды екенсің. Әйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырақтар жағып, көркемдейтін көрінеді.


Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген нан тағамы қойылады. Бұл тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді.

Бирмада Жаңа жылда күн ыстық болып тұратындықтан, адамдар бір- бірінің үстеріне су шашып құттықтайды екен. Сондықтан осы күні үсті-басы су болған адамдарды жиі ұшыратуға болады.
Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала билеп, ән салатын көрінеді.

Кубада сағат түнгі 12-ні соққан кезде 12 түйір жүзім жейді екен.


Қытайда Жаңа жыл мерекесін көшеде барабандар, темір тарелкалар соғылып, отшашулар атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға нарцисс гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы мен ақпан айының басына келеді.
Ұлыбритания алғаш ашықхатгарды (открытка) шығарған ел болып есептеледі. Сондықтан да Жаңа жылда осы елдің әр отбасы таныстарын ашықхат арқылы құттықтағанды ұнатады. Қазақстанда жыл басы - Наурыз мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні адамдар көтеріңкі көңіл күйде болып, бір -біріне жылы сөз, жақсы тілек айтады, ешкімді ренжітпеуге тырысады. Барлық үйде мерекелік дастарқан жайылады. Бүл күні күн мен түн теңеседі.


  1. Бұл күні Францияда мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай, кетерінде сыйлықтар беруінің себебі

  2. Қолы ашық екенін көрсету үшін

  3. Достық, туыстық қарым-қатынасты нығайту үшін




  1. Ырымдарға сенгендіктен

  2. Ұстамдылығын байқату үшін

  3. Адалдығын көрсету үшін

  4. Мерекелерде ашықхаттармен құттықтау бізге қай елден келген? A) Үндістаннан B) Голландиядан C) Ресейден

D) Ұлыбританиядан E) Қытайдан

  1. Үндістанда Жаңа жылдың «Дивали» деп аталуының себебі

  2. Салынған суреттерге ұн, топырақ сепкендіктен




  1. Қалалар мен ауылдардың оттың ішінде тұрғандай жарқырағандығынан

  2. Әйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салғандықтан

  3. Жұрт пілдерді айнала билеп, ән салғандықтан




  1. Сағат он екіде көшеге шыққандықтан




  1. Жаңа жыддық мерекені ұзақ тойлайтын мемлекет




  1. Жаңа жыл дастарқанына құс етін қоймайтын ел




  1. Эквадор

  2. Франция




  1. Италия

  2. Венгрия

  3. Болгария

267


  1. Жаңа жыл тойлаудағы салт-дәстүрінде ұқсастық бар елдер A) Венгрия - Эквадор B) Голландия - Куба




  1. Қытай - Ұлыбритания D)Гвинея - Эквадор E)Үндістан - Куба


4- мәтін

Ұлыстың Ұлы күні һәм Наурызды қалай тойлаған орынды



  1. Қазақтың ежелден тойлап келе жатқан мерекесі - Наурыз. Наурызды еліміз Ұлыстың ұлы күні деп білген. Ұлыстың өзі мемлекет дегенді білдіретінін ескерсек, Ұлыстың Ұлы күні - мемлекеттің ұлы мерекесі деген сөз. Наурыз - Қазақстандағы ең басты мемлекеггік мейрам болуы шарт. Расында, Тәуелсіздік алғаннан бері Ұлыс мейрамына ерекше мән беріле бастады. Мемлекеттік деңгейде тойлануы үшін үш күндік демалыс мәртебесі берілді.




  1. Ал 2009 жылдың 30 қыркүйегінде ЮНЕСКО Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізді. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Үлттар Үйымы Бас Ассамблеясының 64-қарарына сәйкес, 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» ретінде аталып келеді. Бас Ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретіңде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Гаяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеген болатын.

III. Наурыздың қазақтың дәстүр-салтын есіне түсіретін этнографиялық тойына айналып кеткені де рас. Әркім өзінің есінде қалғанын, білген дәстүрін істеп жүр. Біреулер келін түсіру ырымын жасайды, біреулер баланың түсаукесерін өткізеді деген сияқты. Наурыз жаңа жылдың басы, бірнеше мың жылдық тарихы бар қасиетгі мейрам есебінде тойланбай келеді. Менің ойымша, Наурыз біздің ұлттық жаңғыруымыздың, ұлттық құндылықтарымызға деген көзқарасымыздың, ұлтжандылығымыздың көрсеткіші.


IV. Егер қазақтың байырғы дәстүрлеріне келсек, Мәшһүр Жүсіп шежіресінде қызықты деректер бар екенін айтқан жөн. «Наурыздың келген сәтін жандыда балық біледі» дейді шежіреші. Наурызнама той қылатын жұрттың патшалары тірі балықты көп қылып ұстатып алып, бір керсен суға салып, көптің алдына қойдырады. Отырған көп әлеумет сол балықтарға көздерін тігіп қарап отырады. Бір мезгілде балық біткен бірі қалмай теп-тегіс шалқасынан жата қалады. Қарындары жарқырап, лезде балықтар аунаған жағынан екінші жағына қарай аунап түседі. Сонан соң патшалар барабан соқтырады: «Ескі жыл шықты, жаңа жыл келді!» дегені бұл. «Жаңа жыл тойы!» - деп, сегіз күн ұдайымен қол астына қараған жұртқа той, тамаша береді. Қазақтың «Наурыздың келгенін жандыда балық біледі, жансызда Самарқанның көк тасы біледі» деген сөзінің шешімі осы. «Самарқанның көк тасы» Мәуреннахр өлкесінде хан тағына иелік жасаймын деген патшаларды ақ киізбен көтергеннен кейін, әдейілеп алып келіп отырғызатын қасиетті тас. Қазақтың хандарының ішінен бұл тасқа Тәуекел отырған. Наурыз туғанда хандар мен сұлтандар тұтқындарға кешірім жасайды, зынданда отырғандарды босатады, құлдар азаттық алады, сол себепті «Самарқанның көк тасы жібіді» делінеді.


  1. Ертеде Әзірет Сұлтан мешіті ішіндегі құжыраларды мекен қылған қаптаған дуаналар әлем-жәлем киініп, аса таяқтарын салдыратып тойдың қызығына олар да қосылған, Нағыз карнавал деуге келеді. Қызық думан кезінде жастар қазақтың мүшел деген он екі жылдық есебіне сәйкес кеб киіп шығады. «Кеб» қазіргі бет перде деп жүргеніміз, яғни бет-жүзін жасырып киіп алатын жасанды түр. Қозы Көрпештің Баян сұлу ауылына келгенде Тазшаның кебін киетінін есіңізге алыңыз. «Маска-шоудың» орнына бәріміз он екі мүшелдің бейнесінен костюм жасап, кеб киіп «Наурыз-шоу» неге өткізбеске?! Наурыз келгенде он екі жылға ие болған жануардың біреуі таққа мінеді, біреуі тақтан түседі, өзгелері де орнынан бір-бір саты жылжиды. Наурыз тойында шығырды алып келіп алаңның ортасына орнатып он екі жылға ие болған жануарлардың кеб-маскасын киген адамдардың бәрін сол шығырға отырғызады. Әрине, той мереке өзінен өзі басталып, әнші- күйшілер ортаға шығып жаз бен қыстың айтыстарын жасайды, бишілер тойды қыздырып жатады.

VI. Наурызда арнайы наурызнама жасап құрбы-құрдас, сырлас азаматтар бір-бірінің ауылына, барады. Наурызнама жасап арнайы келген адамға деген құрмет шексіз болады. Дәулеті жеткендері «тоғыз» деп тоғыз мал байлайды, орта шаруалар ат мінгізіп, шапан кигізіп жатады. Әйтеуір наурызнама жасап келген адам құр қол қайтпау керек, жоқ дегенде бір көйлектік деп мата береді.


VII. Қазақ - қызықшыл халық. Наурыз мейрамы күндері туыс-туған көрісіп жатады. Даланың бала сияқты аңғалақ халқы әр әдемі қимыл, әр маңызды сөзге бола той-мереке жасайды. Осының бәрі елді көңілдендіріп, бәрі де мәз-мейрам, қыстың ызғары той мерекемен естен

268


шығады, қыстың шығыны, қиындығы ұмытылады. Наурыз мейрамы да осы үшін керек.

  1. Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз




  1. ЮНЕСКО Наурыз мейрамын материалдық емес, мәдени мұралар тізіміне қашан енгізді?

  2. Қазақ хандарынан қасиетті Самарқанның көк тасына кім отырған?

  3. Наурыз мерекесінде үлкен кісілер қандай бата берген?

  4. «Самарқанның көк тасы жібіді» деген ұғымның мағынасы қандай?

  5. Мәшһүр Жүсіптің шежіресінде қандай қызықты деректер айтылған?

14. Қазақстанда «Наурыз» мерекесі


A) Халықаралық мереке B) Мемлекеттік мереке



C) Діни мереке D)Салт-дәстүрлік мереке E) Ұлттық мереке


  1. Мәтіндегі лиро-эпос жырларының бірімен байланысты қолданылған сөз

  2. құжыра

  3. тоғыз

  4. балық

  5. керсен

  6. кеб




  1. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз

  2. Наурыз мейрамы «Халықаралық Наурыз күні» ретінде қашаннан бері тойланып келеді?

  3. Қазақ халқының Наурыз мерекесінде бозбала бойжеткенге не сыйлаған?

  4. Наурыз айында ең бірінші ұшып келетін құсты қалай атаймыз?

  5. Неліктен наурыз мейрамын «Әз Наурыз» деп атаймыз?




  1. Мерекеде пісірілетін наурызкөже қалай дайындалатын болған?




  1. Бас БҰ Ассамблея түсініктемесінде кездеспейтін атау

A) Қара теңіз B) Балқан түбегі C) Батыс Еуропа D) Орта Азия

  1. Таяу Шығыс

  2. Мәтін бойынша «Самарқанның көк тасы жібіді» сөзінің мағынасы

  3. Жүрек жібіп, мейірімділік таныту. B)Хан, патшаларды ақ киізбен көтеру.




  1. Мұз жібіп, балық аулау.




19.

М.Жүсіп Көпеев жазбалары бойынша

20.

Мәтіннің

бірінші

бөлігіндегі

Ұлыстың Ұлы күні неше күн тойланған?

Наурызға байланысты ұғым




A)

5

A)

Халықаралық наурыз күні




B)

8

B)

Жаңа жыл тойы




C)

10

C)

Наурызнама тойы




D)

40

D)

Ұлыстың ұлы күні




E)

3

E)

Самарқанның көк тасы жібіген күн


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет