1073-нұсқа
1-мәтін
Бөлтірік шешеннің сөзі
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт:
Ақ ата (Бөлтірікті жұрты осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па? - дейді.
Сонда Бөлтірік:
Қарағым, байлық - қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ - ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала - артта қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын- туысыңмен, ел-жұртыңмен «сіз-біз» деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың - күл, қуанышың - от! - дейді.
Мәтін мазмұнында кездеспейтін нұсқа
қайғы - күл, куаныш - от B) бала - жұбаныш, қарт - қазына
Бөлтірік шешеннің айтуы бойынша бақ қонатын жігіттің сипаты
A) бақ құсы қонған жігіт B) көпті сыйлаған жігіт
C) жүрегі мықты жігіт D) баласы көп жігіт E)ұзақ өмір сүрген жігіт
2-мәтін
Ғылым артық па, әлде мал артық па?
Бір топ адам бірде Әзірет Әлі шешенге келіп: «Бір сұрақ берейік, егер шын саңлақ болсаң, он түрлі жауап тауып сөйле»,- дейді. Сонымен жаңағылар Әзірет Әлі шешенге:
Ғылым артық па, әлде мал артық па? - деп оқыстан сұрақ қойыпты. Сол мезетте шешен:
Біріншіден, ғылым артық. Өйткені ғылым - әулие-әнбиелердің мирасы; ал мал - перғауын мен Қарынбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың. Үшіншіден, ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп. Төртіншіден, ғылымды жұмсасаң, арта береді, малды жұмсасаң, азая береді. Бесіншіден, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атақ береді. Алтыншыдан, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып, қағу керек. Жетіншіден, ғылым қиямет күні иесіне шапағатын қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. Сегізіншіден, ғылым тозбайды, жоғалмайды. Ал мал болса, қолдың кірі, өледі, жоғалады. Тоғызыншы, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола берсе екен деп дүниеқоңыз етеді. Оныншыдан, ғылым құдайға зәһәт, таупиық, ғибадат қылады, ал мал өз иесінің көңіліне тәкаппарлық салады, - деп тапқырлық танытыпты.
Ғылымның дүниеден артықшылығы
A) Мінезін нашар жаққа өзгертеді. B) Адамды масаттандырады.
262
Досың санаулы ғана болады. D) Адамның тьшышын алады.
Адамға ақыл-ой қосады.
Мәтін мазмұнына сай мақал
Атаңа не қылсаң. Алдыңа сол келер
Киім кірі жуса кетеді, Көңіл кірі айтса кетеді.
Мың малың болғанша, Бір балаң ғалым болсын.
Аңқау бөрі қой үркітеді Ақылсыз адам ел үркітеді
Мал көтерер өлімді,
Дос көтерер көңілді
Ғылымның адамға құрмет әкелетіні шешеннің нешінші жауабында айтылған?
Үшінші
Төртінші
Бесінші
Жетінші
Алтыншы
Әзірет Әлі шешеннің сөзін ұтымды етіп тұрған тәсіл
A) Жырлап айту B) Суреттеп айту C) Жобалап айту
D) Баяндап айту E) Салыстыра айту
3- мәтін
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір
Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлініп, жүректерінде азаттық пен бостандықтың жалыны жанған елін ертіп, Батыс Моғолстанның Шу мен Талас өзендері аралығындағы Қозыбасы аймағына қоныстанды. Осындай тарихи оқиғаның бастауы болған бұл шежіреге толы өңірдің тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен өткен кезеңдерден сыр шертеді.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" атты еңбегінде көрсетілген Керей мен Әз Жәнібектің алғашқы хандық құрып, ту тіккен жері - Шу бойындағы Қозыбасы. Ол шоқы Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу өзенінің арнасы сол кезде Қозыбасы биігіне жақын болыпты.
Қозыбасы, Қозыбашы - атауына келер болсақ, тарихи түп дерек көздеріндегі Қазақ мемлекеті құүрылған аймақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау-төбелі жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасыда деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы тауы - тарихи-географиялық тұрғыдан алғанда XIV- XV ғасырларда билік еткен Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар жер атауы. Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырақ көтерген.
Көне тарихқа үңілсек, Талас пен Шу өзендерінің аңғарлары ерте заманнан адам баласының тұрағы - мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге көптеп жолығамыз. Тарихи дерек көздеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу және Талас өңірлерін қамтыған. Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы түрлі мезгілде Шу өңіріндегі Суябта, Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаған саяси өмірдің куәсі болды.
Осындай ғасырлар қойнауынан бастау алатын қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан аумағында ежелгі замандардан бері үздіксіз жүрген этноүрдістердің заңды қорытындысы екені ғылымда дәлелденген тұжырым. Этногенез үрдісі әрбір тарихи кезеңде өзіне тән айрықша белгілермен ерекшеленеді. Сондай ерекше кезеңге XIV - XV ғасырлардағы этноүрдістер жатады. Бүл кезеңнің басты белгілерінің біріне - қазақ халқының этнос ретінде тарих төріне шығуы жатса керек.
Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан түркі- оғыз текті ұлыстар негізінде қалыптасқан ортақ тіл, дәстүр, территория, менталитеттегі байырғы этностың қайтадан «қазақ» деген жаңа атпен тарих сахнасына шыққан кезі. Яғни, бұрыннан әртүрлі аталып келген этнос (сақ, ғұн, үйсін, түрік, оғыз, түркеш, қыпшақ, т.б.) жаңа этнонимге ие болды. Жаңадан пайда болған «қазақ» этнониміне байланысты, олардың мемлекеті «Қазақ
263
хандығы» деп аталды. Жаңа атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV ғасырдың
алпысыншы жылдарында-ақ, Қазақ хандығы ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы,
мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ақ ішкі-сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан мемлекет
ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі
«мемлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Оның үстіне, «мемлекет» деген ұғымның өзі
тарихи мәнге ие. Оған ұдайы даму, кемелдену негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек.
Өйткені, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырда дүниежүзіндегі барлық елдер, яғни мемлекетгер
біздің бүгінгі ұғымымыздағы мемлекеттік өлшемге жауап бере алмайтын. Демек, Қазақ
хандығы алғаш құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа мен Азияның кез келген елімен
тең тұра алатын.
Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз
Қазақ хандығының құрылған жері туралы кімнің еңбегінде айтылған?
Алғашқы қазақ хандығын кімдер құрды?
Қазақ хандығы қай ғасырда қалыптасқан мемлекет болып өмір сүрді?
«Қозыбасы» атауының этимологиялық мағынасы қандай?
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қашан, қайда тойланды?
8.
|
Мәтіннің қазақ елінің жаңа атауға,
|
9.
|
Мәтін мазмұнының реттілігі
|
жаңа статусқа ие болғандығы туралы
|
1.
|
Жәнібек пең Керей сұлтандардың
|
айтылатын бөлігі
|
Әбілқайыр ханнан бөлінуі
|
A)
|
3
|
2.
|
Жаңа этнонимнің пайда болуы
|
B)
|
2
|
3.
|
Алғаш ту тіккен жер
|
C)
|
1
|
4.
|
Қозыбасы атауы
|
D)
|
4
|
A)
|
2,4, 3,1
|
E)
|
5
|
B)
|
1, 2, 3,4
|
|
|
C)
|
4, 2, 1,3
|
|
|
D)
|
3,4,2,1
|
|
|
E)
|
1,3,4,2
|
Мәтіннен 1 және 2-бөлігінің мазмұн жағынан сәйкестігін табыңыз
Ежелден қазақ даласын мекендеп келе жатқан ұлыстар туралы сөз болады.
Қасиетті Мойынқұмның төл тарихы туралы айтылады.
Қазақ хандығының алғаш құрылған жері туралы айтылады.
Қазақ хандығының Еуропа, Азия елдерімен тең түсе алатынын айтады.
«Қазақ» деген жаңа аттың тарих сахнасына шыққан кезі туралы айтылады.
Мәтінде кездесетін Баласағұн, Меркі, Суяб қалаларына байланысты нұсқаны көрсетіңіз
Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы болған.
Батыс Моғолстан, Шу. Талас өзендері бойында орналасқан.
Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан.
Қозыбасы аймағында қоныстанған.
Еуропа мен Азияның кез келген елімен теңдесе алады.
Мәтін мазмұны бойынша тұжырымдардың дұрысы
Қозыбасы - Жамбыл тауындағы шоқы
Қазақ хандығы XV ғасырда қалыптасты
Қазақ халқының негізін түркі-оғыз текті ұлыстар құрады
Бірінші мен екінші E) Бірінші мен үшінші
4- матін
Майқы би (XII - XIII ғғ.) - халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген ескі сөз бар.
Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі, одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу тегіне қатысты көптеген аңыз әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның Шыңғыс ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына қалдыратын биі болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің он қанатын басқарғаны айтылады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жағынан ІІІыңғыс ханмен қарайлас болған.
Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну
264
кезеңінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай елі бүлінгенде, қазақ ұлысын қүрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі.
Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі - Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді. Ол ұлысқа кірген 40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың ерекшелігіне қарай белгілейді. Ұлыс туын ұстаған Үйсінге «жалау», ортада жүрген Арғынға «көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «найза» таңбасын берген. Аталмыш 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Кезінде «Майқының таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін «Нұра таңбасы» аталып кеткен.
Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар», - деп өсиет қалдырган.
Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен ойшыл адам болғаны аңғарылады, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға айналдыруда Майқы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді.
«Хан ақылды болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді» деген Майқы бидің сөзіндегі қарашасы сөзін алмастыратын қатар
A) Ел-жұрты мен халқы B) Жалшысы мен малшысы
C) Баласы мен данасы D) Жұбайы мен жары E) Отбасы мен ұрпағы
«Майқының таңбасының» кейінгі атауы немен байланысты?
A) Тау атымен B) Өзен атымен C) Ел атымен D) Жер атымен
Ру атымен
Майқы бидің өсиетіне сай даналық сөз
Суды шым тоқтатар, Сөзді шын тоқтатар.
Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.
Сөздің көркі - мақал, Жүздің көркі - сақал.
Шешеннің сөзі мерген, Шебердің көзі мерген.
Ер - елінде, Гүл-жерінде.
Қазақтардың шығу тегіне қатысты аңыз әңгімелерде Майқы би кімнің замандасы?
A) Ыбырайымның B) Төле бидің C) Шыңғыс ханның D) Ақарыстың E) Ұзынсақалдың
Шежіре деректер бойынша Майқы бидің түп атасы кім болған? A) Шыңғыс хан B) Арыстан C) Төле би D) Төбе би
E) Ақарыстан
Майқы бидің кейінгі ұрпақтарына қалдырған өсиеті
Әдепті бала - арлы бала B) Ердің атын еңбек шығарар
Ақыл азбайды, білім тозбайды D) Өнер алды - қызыл тіл
Бірлік бар жерде тірлік бар 19. 40 руға таңба таратқанда Алшынға «Найза» таңбасын беруі нені білдіреді?
Найзамен аңшылық жасап халқына азық табатынын
Дауларда бірінші болып сөз бастайтындығын
Халықты бір найзаның астына жинайтын қасиеттерін
Жаудың қайдан келетінін жорамалдап білетінін
Жауға бірінші болып шабатындығын
Аңыз әңгімелерде келтірілген деректер бойынша Майқы би
A) Би, шешен, үш жүздің ханы B) Ақылгөй дана, ел билеуші C) Шешен, әскер басы, тарихи тұлға D) Батыр, дана, хан
Әскер басы, дана би, хан
Достарыңызбен бөлісу: |