1. Бие байларда қандай ырым Мәтіннің бірінші бөліміне жасалады? лайықты такырып



бет90/122
Дата06.04.2020
өлшемі6,49 Mb.
#61631
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   122
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-2 (1)


1168-нұсқа
1-мәтін

Тасып жүргенім жоқ...


Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны теңгере алмадың, біреу біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара алмадың», - деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы:


  1. Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау! - депті. Сонда Сырым:




  1. Хан, тасып жүргенім жоқ, алты алаштың басын қоса алмай сасып жүрмін, - депті.




  1. Мәтінде қолданылмайтын қарамақарсы ұғымдар.

A)Ақ пен қара D)Аз бен көп


B) Тату мен араз E) Нашар мен мықты
C)Тасу-сасу


  1. Сырым Нұралы ханның қандай әрекетіне өкпелі?

A) Көпшілдігіне C) Қаталдығына E) Әділетсіздігіне


B)Өктемдігіне D) Тілінің қыршаңдығына
2-мәтін
Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған Райымбектің жаужүректілігі жастайынан байқалған. Жиендердің жанарынан от байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарына бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің арасында ерекше аталатыны – қазірде Алматы-Нарынқол тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты жекпе-жекке шақырып, бөрі тиген қойдай дүрліктіруі.
Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланысты екнін көп адам біле бермейді. Кеген деген жер атауын да қалмақ тайшысы Гегенге теңейді. Кей деректерде Геген діни лауазым дейді.
Райымбек батыр жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған.


  1. Мәтіннің екінші азатжолы бойынша түйін




  1. Қазақтың кейбір жер атаулары жоңғар-қалмақ шапқыншылығымен байланысты.




  1. Райымбек батырдың жастайынан байқалған жаужүректілігі.




  1. Қазақтың көптеген жер атауларына елін қорғаған батырлар есімі берілген.




  1. Алматы жақта Райымбек есімімен аталатын елді мекен бар.




  1. Алматы-Нарынқол тасжолының бойында тарихи деректер көп.

4.Баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандаған әрекеті нені білдіреді?


A) Баланың бәйгеде озғандығын D) Баланың өзімшілдігі
B) Баланың өрлігі мен рухының биіктігін E) Баланың бәйгеге деген сүйіспеншілігін
C) Баланың атақұмарлығын
5. Орақ батыр Райымбекке кім болады?
A)Жиен C)Бала E)Нағашы
B)Аға D)Әке


  1. Райымбектің ерекше ерлігін танықан шайқас.

246


A)Бадам-бахадұрмен шайқас
B)Гегенмен шайқас
C) Аңырақай шайқасы

D) Ойрантөбедегі шайқас


E)Сары Мыңжанмен шайқас

3-мәтін
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір




  1. Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлініп,

жүректерінде азаттық пен бостандықтың жалыны жанған елін ертіп, Батыс Моғолстанның Шу мен Талас өзендері аралығындағы Қозыбасы аймағына қоныстанды. Осындай тарихи оқиғаның бастауы болған бұл шежіреге толы өңірдің тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен өткен кезеңдерден сыр шертеді.




  1. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде көрсетілген Керей мен Әз-Жәнібектің алғашқы хандық құрып, ту тіккен жері – Шу бойындағы Қозыбасы. Ол шоқы Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу өзенінің арнасы сол кезде Қозыбасы биігіне жақын болыпты.




  1. Қозыбасы, Қозыбашы – атауына келер болсақ, тарихи түп дерек кездеріндегі Қазақ мемлекеті құрылған аймақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау төбелі жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасыда деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы тауы –тарихи географиялық тұрғыдан алғанда ХІV-XV ғасырларда билік еткен Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар жер атауы. Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырақ көтерген.




  1. Көне тарихқа үңілсек, Талас пен Шу өзендерінің аңғарлары ерте заманнан адам баласының тұрағы – мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге көптеп жолығамыз. Тарихи дерек көздеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу және Талас өңірлерін қамтыған. Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы түрлі мезгілде Шу өңіріндегі Суябта, Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаған саяси өмірдің куәсі болды.




  1. Осындай ғасырлар қойнауынан бастау алатын қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан аумағында ежелгі замандардан бері үздіксіз жүрген этноүрдістердің заңды қорытындысы екені ғылымда дәлелденген тұжырым. Этногенез үрдісі әрбір тарихи кезеңде өзіне тән айрықша белгілермен ерекшеленеді. Сондай ерекше кезеңге ХІV-XV ғасырлардағы этноүрдістер жатады. Бұл кезеңнің басты белгілерінің біріне – қазақ халқының этнос ретінде тарих төріне шығуы жатса керек.




  1. Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан түркі-оғыз текті ұлыстар негізінде қалыптасқан ортақ тіл, дәстүр , территория, менталитеттегі байырғы этностың қайтадан «қазақ» деген жаңа атпен тарих сахнасына шыққан кезі. Яғни, бұрыннан әртүрлі аталып келген этнос (сақ, ғұн, үйсін, түрік, оғыз, түркеш, қыпшақ, т.б.) жаңа этнонимге ие болды. Жаңадан пайда болған «қазақ» этнониміне байланысты, олардың мемлекеті «Қазақ хандығы» деп аталды. Жаңа атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV ғасырдың алпысыншы жылдарында – ақ, Қазақ хандығы ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы,

мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ақ ішкі сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан мемлекет ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі «мемлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Оның үстіне, «мемлекет» деген ұғымның өзі тарихи мәнге ие. Оған ұдайы даму, кемелдену негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек. Өйткені, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырда дүниежүзіндегі барлық елдер, яғни мемлекеттер біздің бүгінгі ұғымымыздағы өлшемге жауап бере алмайтын. Демек, Қазақ хандығы алғаш құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа пен Азияның кез келген елімен тең тұра алатын.


7.Мәтінде кездесетін Баласағұн, Меркі, Суяб қалаларына байланысты нұсқаны көрсетіңіз А.) Қозыбасы аймағында қоныстанған.
B) Еуропа мен Азияның кез келген елімен теңдесе алады.

247


  1. Батыс Моғолстан, Шу, Талас өзендері бойында орналасқан.




  1. Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан.

Е) Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы болған.


8.Мәтін мазмұны бойынша тұжырымдардың дүрысы
1.Қозыбасы - Жамбыл тауындағы шоқы


  1. Қазақ хандығы XV ғасырда қалыптасты




  1. Қазақ халқының негізін түркі-оғыз текті ұлыстар құрады

A)Екінші мен үшінші C)Бірінші мен үшінші Е) Үшеуі де дұрыс



B)Бірінші мен екінші D)Тек екінші


9.Мәтін мазмұнының реттілігі


  1. Жәнібек пен Керей сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлінуі

2.Жаңа этнонимнің пайда болуы


3.Алғаш ту тіккен жер
4.Қозыбасы атауы


A)2, 4, 3,1

C)3,4,2,1

E)4,2,1,3

B)1,3, 4,2

D)1,2,3,4







  1. Мәтіннің қазақ елінің жаңа атауға, жаңа статусқа ие болғандығы туралы айтылатын бөлігі.




A)5

C)4

E)1

B)2

D)3







  1. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз




  1. Қазақ хандығы қай ғасырда қалыптасқан мемлекет болып өмір сүрді?




  1. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қашан, қайда тойланды?




  1. Қазақ хандығының құрылған жері туралы кімнің еңбегінде айтылған?




  1. Алғашқы қазақ хандығын кімдер құрды?




  1. «Қозыбасы» атауының этимологиялық мағынасы қандай?




  1. Мәтіннен 1 және 2бөлігінің мазмұн жағынан сәйкестігін табыңыз. A)Қасиетті Мойынқұмның төл тарихы туралы айтылады.

B) Қазақ хандығының Еуропа, Азия елдерімен тең түсе алатынын айтады.


C) «Қазақ» деген жаңа аттың тарих сахнасына шыққан кезі туралы айтылады. D) Ежелден қазақ даласын мекендеп келе жатқан ұлыстар туралы сөз болады. E) Қазақ хандығының алғаш құрылған жері туралы айтылады.
4 – мәтін
I. Қазақ - күнделікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халық. Әсіресе түйе малын ерекше бағалаған. Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы - түйе. Көшіп-қону үшін жылқыдан да артық бағалаған. «Бақырауық демесең, бағалы көлік- түйе ғой», «Нары бардың малы бар», «Тамырдың түйе сұра, қорыққаннан бие берер», «Көтерем деп түйеден безбе, салтанатың емес пе?» деген ескі мақалдардың өзі-ақ түйенің көшпелі тіршілікте аса құнды түлік болғанын анықтай түседі.


  1. Түйенің жүні мен терісі – киім, сүті – сусын, еті – ас. Әсіресе түйе көш көлігі ретінде бағалы. Ол сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді, әсересе шөлге, аштыққа шыдамды. Осынша шыдамдылығына, қуаттылығына қарамастан, «шөк» десең, шөге қалатын, «айт шу» десең, атып тұратын, «тіл алғыш», жуас, қайырымды мал. Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қоражайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді болып табылады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.

III. Түйе шаруашылығы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл обылыстарында жақсы дамыған. Түйенің шығу тарихы. Түйелер – ірі табындылар отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір түрі. Қолда өсірілетін



248

түйелердің арғы тегі – жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Оның екі туысы бар: бірі – түйе, екінші – лама. Түйелер – шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайлардың ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелд, жұмсақ көнмен қапталан. Сондықтан бұл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірлі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмды шыдап, шөгіп жата береді.




IV. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері – Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері – Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Моңғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін – «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-қазы» деп атайды. 13.2-бөлімге сәйкес түйе шаруашылығының тиімді саналуының себебі


A) Аса үлкен күтімді қажет етпегендіктен D) Тікенек шөппен қоректенетіндіктен
B) Суға, ыстыққа төзімді болғандықтан E) Көшке жиі қолданатындықтан
C) Жүні мен мүті пайдалы болғандықтан
14.Түйе өркешінен бөлінген суды пайдаланатын сәт
A) Түнде күйіс қайырып жатқанда D) Сусызда қалып, бірнеше тәулік су
B) Көшкен кезде тоқтамай жүргенде ішпегенде
C) Тікенек шөптерді көп жегенде E) Алыс сапарға шыққанда
15.Түйенің жойылып кеткен түрі
A)Айыр өркешті түйе D) Сыңар өркешті жабайы түйе
B) Жабағылы жас түйе E) Аруана түйе
C)Қос өркешті түйе


  1. Мәтіннің төртінші бөлімінде айтылатын ой

A)Түйенің азығы туралы D) Түйе туралы мақалмәтелдер


B) Түйенің пайдасы туралы E) Түйенің төлі туралы
C) Түйенің сипаты туралы


  1. Түйе малының халық үшін ерекше құндылығы неде?

A) Сирек кездесетін жануар болғандықтан D) Түйе күніне бірнеше шелек сүт берген.


B) Көш көлігі ретінде бағалы болған. E) Өсімтал мал болғандықтан.
C) Жуас мал болғандықтан.


  1. Халықтың түйені «шөл кемесі» деп атауы неліктен?

A) Шөлде жолаушыларды көп D) Кемеге қатты ұқсатқандықтан


таситындықтан E) Ашатұяқ сүт қоректілерге
B) Жабайы түйелерден тарағандықтан жататындықтан
C) Шөлге шыдамды болғандықтан
19.Мәтін мазмұнына алшақ ой
A)Түйе отыз күн шөлге шыдайды. D) Түйе күндіз жатып, күйіс қайырады.
B) Түйе көнтабандыларға жатады. E) Түйе малы көшке қолданылады
C) Түйе алпыс күн аштыққа шыдайды.
20.Мазмұн реттілігін көрсетіңіз.
1.Кисе – киім, ішсе- сусын
2.Төрте түліктің төресі
3. Түйенің қолға үйретілу тарихы
4. Қазақстандағы түйе шаруашылығы
249

A)1,4,3,2

C)3.2.4.1

E)3,2,1,4

B)2,3,4,1

D)4,3,2,1






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет