4- мәтін
Қарт пен тапқыр жігіт
Бір күні бір карт адам шаһарга барып, қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді, Ол келе жатыл:
Ата, жолды кыскартайык,- дейді. Қарт:
Жол калай кысқарады?- дейді. Жігіт:
Жолдың қысқаруы оңай, екеуіміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны.-дейді. Шал ішінен:
Япырым-ай, мынау бір кесапатгы адам болмаса игі еді? Мені қалай арқалайды? Өзін қалай арқаламақшымын?- деп ойлап, жауап қайырмайды.
Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, пісіп тұрган егінді көріп:
Ата, мына егін сіздің елдікі ме? - дейді. Қарт
-Иә,-дейді. Жігіт:
Олай болғанда, бұл желініп қойган егін бе, желінбеген егін бе?- дейді. Қарт тагы да бетіне бажырайып қарап қояды да: «Япырым-ай, мынанын бір сөзінен бір сөзі сорақы болды-ау! Бұл не айтқаны?» - деп ойлайды.
Жолда бір елге кездсесді. Бұл елдін адамдары дүниеден өткен кісіні жерлеуге апара жатыр екен. Жігіт:
Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе? - деп сұрайды. Қарт шыдай алмай:
Өлмесе жерлемейді гой! - деп жігіттің бетін қайырып тастапды. Жігіт үндемейді. Олар кабірге бірге барады. Шыққаннан кейін:
Ата, әлгі кісі өлмеген екен, дейді. «Я, кұдай, жерленген адам қалай тірі болады?»,-дейді карт ішінен.
Күн кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді. Қонағын үйіне кіргізеді де, қызын шақырып алып:
Шырағым, үйге бір жігіт келді, мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар. Сөзінде кесапаты зор адам, - дейді. Қыз қонақпен сойлесіп көрсе, сөзі мағыналы екен. Қыз: «Япыр-ау, әкемнің айтканы осы кісі ме екен?» - деген оймен әкесіне келеді де:
Әке, сізбен неше кісі келді? - дейді.
Әкесі:
Жалғыз, - дейді. Қыз:
Онда сөзінде кесапаты зор деген адамыңыз осы болса, мұнан қандай кесапат көрдіңіз? - дейді.
Қарт:
Ойбай-ау, оның сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол қысқартайық», - деді. Мен: «Жол қалай қысқарады?» - деп едім. Ол: «Бірімізді-біріміз кезек арқалап отырайық», - деді. Мұнысы былай тұрсын. Орылмаған егінді көріп: «Ата, мына егін желініп қойган ба, желінбеген бе?» - деп сұрады. «Орылмай тұрған егінді кім жеп қояды?» - дедім мен. Бұл мұнымен тұрсын. Бір ауылдан қаза тапқан кісіні көріп: «Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе?» - дейді. Онан шығып келе жатыр едік: «Ата, жаңағы адам өлмеген екен», - деді. Міне, мен оның осындай төрт кесапатты сөзін естідім, - дейді.
Сонда қыз тұрып:
90
Әке, бұл сөздер зор магыналы сөздер ғой. Сіз оның айтқан сөзіне тусінбеген екенсіз. Оның бірінші айтқаны: «Кезекпе-кезек әнгіме айтып отырайык, жол қысқарсын»,-дегені. Екіншісі: «Егін байдікі ме, кедейдікі ме?» - дегені. Байдікі болса - өз көлігімен, кісі жалдап жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін ертең өзі алады, желінбеген болып саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап жыртады, түскен өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен бірдей болады. Үшіишісі: «Баласы бар ма?» - дегені. Балаларын көрген ол: «Өлмеген адам екен»,- дегенді айтқан. Сіз ол жұмбағын шеше алмаған екенсіз, - деген соң, қарт қателігін мойындап, жігіттің қолын алып:
Мен сенің антқан сөздеріңе түсіне алмай, ішімнен саған қатты ренжіп едім. Олай емес, сен ақылды жігіт екенсің, - деп, қызын соған беріпті.
13. Мәтін бойынша жігіттің «жол 14. Қариянын «жігіттің сүйкімсіз
қысқартайық» деген сөзінің мінезі бар» деуінің себебі
мағынасы А) Жас жігіт болғандықтан
А) Бір-бірін қонақ ету В) Әңгімесін түсінбегендіктен
В) Бір-бірімен эңгімедссу С) Қызын сактандырғандықтан
С) Бір-бірін арқалау Д) Жігітті жақтырмағандықтан
Д) Басқа жолмен жүру Е) Қонақ қылғысы келмегендіктен
Е) Тынығып, демалу
15. Жігіттің «Өлмеген адам екен» 16. Мәтіндегі жігітпен қарияның іс-
деген сөзінің мәні әрекстіне қатысты нұсқа
A) Артында тұяк қалған екен A) Қысқа жіп күрмеуге келмейді
B) Ауылдастары көп екен B) Сабақты ине сәтімен
C) Туысы жоқ адам екен C) Көңілсіз жұмыс – өнімсіз
Д) Баласы жоқ адам екен Д) Жолаушыны жол сынайды
Е) Жора-жолдасы көп адам екен Е) Жер тозса - тақыр, ер тозса - пақыр
17.Қарияның жігіт туралы ойын 18. Байдың егініне сипаттама
өзгерткен жағдай А) Борышты етеуге берілетін егін
А)Қызының ақылдылығы В) Желінбеген егін
В) Жігіттің көңілділігі С) Жалға алған жерге егілетін егін
С) Шаһар жолының ұзақтығы Д) Көлікті жалға алып жыртатын егін
Д) Қызының өтініші Е) Тұқымы қарызға алынған егін
Е) Қазақтың қонақжайлылығы
Жігіт айтқан «кесапатты төрт сөздің»төртіншісінің мазмұнын анықтайтын мақал
A) Жарлының аузы аққа тисе, мұрыны қанайды B) Қонақ қойдан да жуас, нан берсе де жей береді C) Үйіңе келгенде, ұйдей өкпеңді айтпа
Д) Бала - артта қалған із, Бақыт - ұзатылған қыз
Е) Ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шығады
«Ащы еңбекке - тұшы нан» деген мақал мазмұнымен сәйкес келетін жас жігіттің «кесапатты сөзі»
A) Барлық «кесапатты сөз» Д) Үшінші «кесапатты сөз»
B) Екінші «кесапатты сөз» Е) Төртінші «кесапатты сөз»
C) Бірінші «кесапатты сөз»
1168 нұсқа
1-мәтін
Тасып жүргенім жок-..
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны теңгере алмадын, біреу біреуді шауып жеп жатыр, ОНЫ басқара алмадың», - деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы:
Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау! - депті. Сонда Сырым:
Хан, тасып жүргенім жоқ, алты алаштын басын қоса алмай сасып жүрмін, - депті.
91
1. Мәтінде қолданылмайтын қарама-
қарсы ұғымдар
А) Ақ пен қара
В) Тату мен араз
С) Тасу-сасу
Д) Аз бен коп
Е) Нашар мен мыкты
2. Сырым Нүралы ханның қандай
әрекетіне өкпелі?
А) Көпшілдігіне
В) Өктемдігіне
С) Қаталдығына
Д) Тілінін қыршаңдығына
Е) Әділетсіздігіне
2- мәтін
Албанның Айжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған Райымбектің жаужүректілігі жастайынан байқалган. Жиендерінің жанарынан от байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарына бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолга ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба. нағашы жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы алдаспан боп сермелді. Он жеті жасынан Көкойнағын ойнатып. қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің арасында ерекше аталатыны - қазірде Алматы- Нарынқол тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалын қалмақгы жекпе-жекке шакырып, бөрі тиген қойдай дүрліктіруі.
Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеиілген қалмақ нояны Балам-бахадүрдің есімімен байланысты екенін көп адам біле бермейді. Кеген деген жер атауын да қалмақ тайшысы Гегенге теңейді. Кей деректерде Геген діни лауазым дейді.
Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Богенбай сынды қазақ ерлерімен үзенгі түйістіре отырып, Сары Мыңжанын әскерін талқандаған.
Мәтіннің екінші азат жолы бойынша түйін
А)Қазақтың кейбір жер атаулары жоңғар-қалмақ шапқыншылығымен байланысты.
В) Райымбек батырдың жастайынан байқалған жаужуректілігі.
С) Қазақтың көптеген жер атауларына елін қорғаған батырлар есімі берілген.
Д) Алматы жақта Райымбек есімімен аталатын елді мекен бар.
С) Алматы-Нарынкол тасжолының бойында тарихи деректер көп.
4. Баланың бәйгеде өз атын өзі 5. Орақ батыр Райымбекке кім болады?
ұрандаған әрекеті нені білдіреді? А) Жиен
А) Баланын бәйгеде озғандығын В) Аға
В) Баланың ерлігі мен рухының биіктігін С) Бала
С) Баланың атаққұмарлығын Д) Әке
Д) Баланың өзімшілдігін Е) Нағашы
Е) Баланың бәйгеге деген сүйіспеншілігін
Райымбектің ерекше ерлігін танытқан шайқас
A) Бадам-бахадүрмен шайкас Д) Ойрантебедегі шайқас B) Гегенмен шайқас Е) Сары Мыңжанмен шайқас С) Анырақай шайқасы
3- мәтін
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір
Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілкайыр ханнан бөлініп, жүректерінде азаттық пен бостандыктың жалыны жанган елін ертіп, Батыс Моғолстанның Шу .мен Талас өзендері аралығындагы Қозыбасы аймағына қоныстанды. Осындай тарихи оқиғаның бастауы болған бұл шежіреге толы өнірдің тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен еткен кезсңдерден сыр шертеді.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" атты енбегінде көрсетілген Керей мен Әз Жәнібектің алғашкы хандық құрып, ту тіккен жері - Шу бойындағы Қозыбасы. Ол шоқы Мойынкұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу өзенінің арнасы сол кезде Қозыбасы биігіне жақын болыпты.
92
Қозыбасы, Қозыбашы - атауына келер болсақ, тарихи түп дерек көздеріндегі Қазақ мемлекеті құрылған аймақ. Этимологиялық магынасы қозының басындай гана тау-төбелі жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандыгынын қүрылған жері - Шу бойы мен Қозыбаеыда деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы тауы - тарихн-географиялық тұрғыдан алғашкыда ХІV-ХV ғасырларда билік еткен Моголстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар жер атауы. Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырақ көтерген.
Көне тарихка үңілсек. Талас пен Шу өзендерінің анғарлары ерте заманнан адам баласының тұрағы - мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге кептеп жолығамыз. Тарихи дерек кездеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу жэне Талас өңірлерің қамтыған. Батыс Түрік кагандыгының саяси орталығы түрді мезгілде Шу өңіріндегі Суябта. Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаган саяси өмірдің куәсі болды.
Осындай гасырлар қойнауынан бастау алатын қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан аумагында ежелгі замандардан бері үздіксіз жүрген этноүрдістердің заңды қорытындысы екені ғылымда дәлелденген тұжырым. Этногенез үрдісі ярбір тарихи кезеңде өзіне тән айрықша белгілермен ерекшелснеді. Сондай ерекше кезеңге XIV - XV ғасырлардағы этноүрдістер жатады. Бүл кезеңнің басты белгілерінің біріне қазақ халқының этнос ретінде тарих төріне шығуы жатса керек.
Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан түркі- оғыз текті ұлыстар негізінде қалыптасқан ортак тіл, дәстүр, терретория. менталитеттегі байырғы этностың қайтадан «қазақ» деген жаңа атпен тарих сахнасына шыққан кезі. Яғни, бұрыннан әртүрлі аталып келген этнос (сақ, гұн, үйсін, түрік, оғыз, түркеш, қыпшақ, т.б.) жаңа этногенес не болды. Жаңадан пайда болған «қазақ» этнониміне байланысты, олардың мемлекеті «Қазақ хандығы»
деп аталды. Жана атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV ғасырдың алпысыншы жылдарында-ақ, Қазақ хандығы ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы, мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ак ішкі-сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан мемлекет ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі «мемлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Оның үстіне, «мемлекет» деген ұғымның өзі тарихи мәнге ие. Оган ұданы даму, кемелдену негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек Өйткені, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырда дуние жүзіндегі барлық елдер, яғни мемлекеттер біздің бүгінгі ұғымымыздағы мемлекеттік өлшемге жауап бсере алмайтын. Демек, Қазақ хандығы алғаш құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа меи Азияның кез келген елімен тең тұра алатын.
Мәтінде кездесетін Баласағұн, Меркі, Суяб қалаларына байланысты нұсқаны көрсетіңіз
A) Қозыбасы аймағында қоныстанған.
B) Еуропа мен Азияның кез келген елімен теңдесе алады.
C) Батыс Моғолстан, Шу, Талас өзендері бойында орналасқан. Д) Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Е) Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы болған.
Достарыңызбен бөлісу: |