1108-нұсқа
1-мәтін
Бір үзім нан
Подьезден шыққан кішкентай қыз қолындағы жұқа дорбаны әрең көтеріп, қоқыс жәшігіне әкелді де аудара салды. Жапырақтай-жапырақтай кесілген, жартылай желінген аппақ нандар!
Мұны көзі шалып қалған Ғаббас қария:
Әй, балам-ау, обал емес пе? – дегенше қыз подьезд есігіне зып беріп кіріп кетті.
Нұржан мектептен қайтып келе жатқан. Көрші қарияның ренжіп, басын шайқап отырғанын көріп:
Ата, кімге ренжіп отырсыз? – деп сұрады.
Е-ей, балам-ай! Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Сонау сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдары біз он-он бір жастағы бала едік. Қарнымыз тойып тамақ та ішпейміз. Нанды мөлшерлеп береді. Жегіміз кеп, тәбетіміз тартып тұрса да сұрамаймыз... Қазір ше? Нанды
231
қадірлемейміз. Қатып қалса, қоқыс жәшігіне әкеп тастаймыз. Ысырапқа жол беріп, аяқасты етеміз. Олай жасауға болмайды.
1. Әңгіменің дұрыс реті
1.Кішкентай қыз
2. Нан үзімдері
3. Нұржан
4. Ғаббас қария
5. Естелік
А) 1,2,4,3,5 С) 1,2,3,4,5
В) 3,4,5,1,2 D) 4,5,1,2,3
2. Қарияны ренжіткен жағдай
А) Нанды мөлшерлеп бергені
В) Жастардың ысырапқа жол беруі
С) Қыздың қарт адамға көңіл бөлмеуі
Е) 2,3,4,5,
D) Заманның, уақыттың өзгергендігі
Е) Сұрапыл соғыстың есіне түсуі
2-мәтін
Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған Райымбектің жаужүректілігі жастайынан байқалған. Жиендерінің жанарынан от байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарына бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы ер рух кейін жоңғарға қарсы алдаспан болып сермелді. Он жеті жасынан Көкойнағын ойнатып, қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің ерекше аталатыны – қазырде Алматы – Нарынқол тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты жекпе-жекке шақырып, бөрі тиген қойдай дүрліктіруі.
Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланысты екенін көп адам біле бермейді. Кеген деген жер атауын де қалмақ тайшысы Гегенге теңейді. Кей деректерде Геген діни лауазым дейді.
Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған.
Баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандағаны нені білдіреді?
А) Баланың өзімшілдігін D) Баланың бәйгеде озғандығын В) Баланың бәйгеге деген сүйіспеншілігін Е) Баланың атаққұмарлығын С) Баланың өрлігі мен рухының биіктігін
Мәтіннің екінші азат жолы бойынша түйін
А) Қазақтың көптеген жер атауларына елін қорғаған батырлар есімі берілген В) Алматы-Нарынқол тасжолының бойында тарихи деректер көп С) Алматы жақта Райымбек есімімен аталатын елді мекен бар
Райымбек батырдың жастайынан байқалған жаужүректілігі
Е) Қазақтың кейбір жер атаулары жоңғар-қалмақ шапқыншылығымен байланысты
Орақ батыр Райымбекке кім болады?
А) Нағашы С) Жиен Е)Аға
В) Бала D) Әке
Райымбектің ерекше ерлігін танытқан шайқас
А) Гегенмен шайқас D) Бадам-бахадүрмен шайқас
В) Ойрантөбедегі шайқас Е) Аңырақай шайқасы
С) Сары Мыңжанмен шайқас
3- Мәтін
Бақытсыз бай
232
Ертеде бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да – жинаған мал-мүлкі мен ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтті. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп, оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны т.ннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді: «Мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр,» - деген жаман ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе, жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.
Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен балалрыңды ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой! – деп ақырды.
Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп қалам, - деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді жалшысы.
Нағыз ақымақ екен! – деп, үйден атып шыққан бай енді: «Мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы,» - деп күдігінен арыла алмай-ақ қойды.
Екінші күні жалшысы таң атқанша жұмыс істейді. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтты. бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес.
Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрінді. Бай ақыры:
Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сен алдың. Себебі сен үнемі көңілді жүресің, тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, - деді.
Сонда жалшысы:
Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торуылдайсың. Менің байлығым – екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. Құланиектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, - деп жауап берді.
Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды. «Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. Мен сияқты қызғанатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық үшін біткен бе? Басым ауырып кетті».
Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп шыққан екі баласына қызыға қарап қалды...
7. Кедейдің тілегі
А) Мол байлыққа жолықтыр D) Бар байлығымнан айырма
В) Жақсы жұмыс бер Е) Байдың құлдығынан құтқар
С) Өміріме жеңілдік бер
Байдың бақытсыздығының себебі
-
А) Отбасының жоқтығы
|
С) Байлығының молдығы
|
Е) Кедейдің еңбегі
|
В) Кедейдің тілегі
|
D) Жинаған мүлкі
|
|
9. Жалшының бақыты
|
|
|
А) Жұмысы
|
С) Ақшасы
|
Е) Балалары
|
В) Қазынасы
|
D) Байлығы
|
|
-
10.
|
Әңгіменің түйіні
|
|
|
|
А) Қайырсыз байдан қайнатқан су артық
|
D) Жаңа бай мақтаншақ келер
|
В) Байға құл болғаншы, байғұсқа ұл бол
|
Е) Балалы үй – базар
|
С) Бай байға құяды, сай сайға құяды
|
|
|
11.
|
Байға күдік тудырған нәрсе
|
|
|
|
А) Көңілді күлкі
|
С) Шықырлаған ақша
|
Е) Кедейдің сөзі
|
В) Сылдырлаған күміс
|
D) Кедей балалары
|
|
12.
|
Байдың бойындағы қасиет
|
|
|
|
233
А) Еңбекқорлық
В)Тәкаппарлық
С) Қызғаншақтық
D) Адалдық
Е) Мақтаншақтық
4-мәтін
1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз тәуелсіздігін ариялаған емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде, мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі ғана. Қазақ хандығының құрылуы жайында бірден – бір дерек «Тарих-и Рашиди» еңбегіне сүйенетін болсақ, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек хан Шибан әулетінен шыққан Әбілқайыр ханмен жауласуынан кейін оның билігінен бас тартып, Шу өзенінің бойындағы Қозыбасы дейтін қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтереді. Алғаш туымыз тігілген Қозыбасы жері - ХІV-XV ғасыр басында өмір сүрген Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі аумақ. Қозыбасы атауының түп мағынасы төңірегіндегі жоталардан оқшау тұрған қозының басындай ғана жұмыр, аласа шоқы төбені білдірсе керек.
Қазақ хандығы құрылғанда алдымен Керей ақ киізге отырғызылып, хан көтеріліпті. Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жәнібек хан әмір жүргізеді. Сірә, қазақ жұртының Әбілқайырды жеңіп, біржола іргеленуі Жәнібек тұсында болса керек, жаңа хандықтың өзіндік құрылымы мен заң жүйесі де осы Жәнібек заманында жөнге түскен сияқты. Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің бір белгісі – оның халық санасында әулиеге пара-пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде танылуы. Ол ұлттық тарихымызда жай ғана Жәнібек хан деп аталмайды, Әз-Жәнібек хан деп аталады.
Әз – Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана емес, сол халықтың бар игілігіне ұйытқы болған асылы, ұлы әулеттің де негізін салушы. Қазақ Ордасының құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері Қасым хан, Хақ-Назар хан, Әз-Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан, ұлы ғалымдарымыз Шоқан, қайраткер Әлихан Бөкейхановтар – осы әулие Әз-Жәнібек ханның тілкелей ұрпақтары.
Тұғырлы көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді болашақ ұрпақтың еншісінде. Бүкіл дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан ғана емес, оны жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатынан көруі – Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан негіздеген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Елбасы салған сындарлы сара жолмен жүріп келе жатқан елімізде «Қазақстан – 2030» стратегиясының бүгінгі күнде мерзімінен бұрын орындалуы, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының конференциясының, 2010 жылы Қысқы Азияда ойындарының, EXPO-2017 көрмесінің өтуі қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін дәлелдеді.
Мәңгілік ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан – 2050» стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр.
Қозыбасы атауының түп мағынасы
А) Қой қоздаған аласа шоқы болса керек D) Қозының басындай ғана бір төбені білдірсе
В) Қозының жайылым орнын білдірсе керек керек
С) Қозы өрбіткен жер болса керек E) Қозы көш жерден көрінгендіктен
14. Мәтіндегі ойға сай мақалды анықтаңыз
А) Ұят – өлімнен күшті Дау арашасыз болмас
В) Хан екі айтса, қадірі кетеді, E) Ел ерімен, ер елімен мықты
Қараша екі айтса, ары кетеді
С) Көргені жақсы көш бастар
D) Хан қарашасыз болмас,
234
15. Мәтін бойынша халық санасында
Достарыңызбен бөлісу: |