1059-нұсқа
1-мәтін
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері пайдалануына, сән- салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады, Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді.
Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.
Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім ілінеді.
От орны - қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.
Ең үлкен киіз үй
A) Ақ орда C) Ақ ала орда E) Алтын орда
B) Ақ шаңқан D) Алтын үздік
Киіз үйдегі киелі орын
Қонақтар орналасатын орын
Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын
Ер тұрман, киім ілінетін орын
Үй иесінің жататын орны
От жағылып, қазан асылатын орын
2-мәтін
Сократтың ақылы
Сократқа біреу келіп: - Досың жайлы не естігенімді айтайын ба? - дейді.
Тоқта. Маған әңгіме айтар алдында үш сынақтан өтуіңді сұраймын. –Үш сынақ?
Иә, менің досым туралы сөйлер алдында, бір сәт тоқтап, айтатыныңды ой елегінен өткізіп алғаның абзал болар. Бірінші - “Шындық сынағы ” Досым туралы айтатының 100 пайыз шындық екеніне сенімдісің бе?
Жоқ. Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан...
221
Жарайды. Олай болса, сен ол әңгіменің өтірік-рас екенін білмейсің. Екінші - “Жақсылық сынағы.” Досым туралы айтатының жақсы ма, әлде..?
Жоқ, жақсы емес, керісінше...
Сен рас болған-болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келе ме сонда? Оған қарамастан сынақтан өтуің мүмкін, соңғы - “Керектілік сынағы.”Досым туралы айтатының керегіме жарай ма?
Білмеймін ғой енді, бәлкім...
Түсінікті. Маған айтатының шындық емес, жақсылық емес және қажеті жоқ нәрсе. Оны айтып несіне әуре боласың?
3. Мәтін мазмұны бойынша 3 сынақтың реттілігі
A) Жақсылық, керектілік, шындық D) Шындық, жақсылық, керектілік
B) Жақсылық, шындық, керектілік E) Керектілік, шындық, жақсылық
C) Шындық, керектілік, жақсылық
Мәтін бойынша әңгіменің тыңдаушыға пайдалы-пайдасыздығын анықтайтын сынақ
A) «Адалдық» сынағы D) «Жақсылық сынағы»
B) «Керектілік сынағы» E) «Шындық сынағы»
C) Барлық үш сынақ
Сократқа әңгіме айтушының соңғы әрекеті
A) Әңгімесін айта алмады
|
D) Әңгімесін толық айтып берді
|
B) Сократтың сынағынан сәтті өтті
|
E) Әңгімесін қызықты баяндады
|
C) Сократтан алғыс алды
|
|
6. Сократтың ақылының түйіні
|
|
A) Жаман әдеттен аулақ бол
|
D) Қолыңнан келсе жақсылық жаса
|
B) Досыңды бағалай біл
|
E) Тыңдай білу - әдептілік белгісі
|
Танитын адам туралы ғайбат сөйлеме
3-мәтін
Отырар кітапханасы
Ежелгі Отырар қаласы Сырдарияның Арыс өзеніне құяр жерінде, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Айналасы - ат шаптырым терең ор, биік қорған. Төбе басында хан сарайы, жан-жағында тас, болат тамдар және қару- жарақ, теңге соғатын ұстаханалары, шәкірттер дәріс алатын бірнеше медресе (мұсылман университеті ) болған. Қалаға тырнаша тізілген, иір мойын түйелер күндіз-түні келіп жатқан. Қаланың батыс жағындағы қақпа арқылы орыс көпестері, шығыс жағынан монгол, қытай кезбелері кіретін. Ал түстіктен Шаш, Бұқара қалаларынан шыққан араб саудагерлері, терістіктен башқұрт, саха ханзадалары жіберген керуен тізбектері келетін. Бұл керуендермен саудагерлер әртүрлі әшекей бұйымдар, маталар, тең-тең кітаптар әкелетін. Әр жақтан әкелген кітаптар Отырар қаласының үлкен кітапханасына жиналған. Бұл кітапхана заманында түкпір-түкпірден жиналған сирек кездесетін кітаптарымен аты шыққан. Отырарда жұлдыз санаған сәуегейлер, ойшылдар, ғалымдар, дүниенің сырын болжаған көріпкелдер өмір сүрген. Олар Отырар кітапханасынан сол кездегі барлық кітаптарды алып оқыған. Өздері ғажайып дастандар жазған. Әлемге аты шыққан ғалымдардың басым көпшілігі осы кітапханада болған. Білімге ұмтылған қаншама зерек шәкірт осынау кітапхана шырағданы астынан ғұлама атанды. Кейінгілерге ойлы сөздерін қалдырды. Отырар медресесін бітірген шәкірттерден қалған қағазға, сақтиянға (теріден жасалған кітап), қамысқа жазылған қолжазбалар Қазақстанның әр жерінен табылып жатыр. Көне заман кітаптары тек қана қолмен, қауырсын қаламмен жазылған. Бабаларымыз өздерінің тарихын, келер ұрпаққа арнаған сөзін қышқа, тасқа ойып қалдырған. Сүйекке, ыдысқа, теріге сіңіріп келтірген сөз, сөйлемдер қаншама?!
Бабаларымыз ерте кезде Тараз қаласының маңында терісінен қағаз жасау үшін кілең ақ
ешкілер өсіріпті. Ол үшін ешкі терісін алдымен иге салады. Майы кетіп, тұз сіңіп сірескен
жарғақты көлеңкеге кептіреді. Содан кейін қағаздай жұқа болғанша илеп, иін қандырады.
Дайын болған жұқа тері-
қағаздар қатталып, оралып, түйеге тиеліп, шартарапқа жөнелтілген. Тараз ешкісінің терісіне
түскен әріптер өшпеген. Олар жүздеген жылдар бойы сақталған.
Отырар кітапханасы сөрелерінде ақ теріге жазылған, алтын жалатқан кітаптар көз жауын алатын. Мұнымен қоса күйген қышқа түсірген, ыдысқа ойған, тасқа, ағашқа қашап қалдырған бабалар қолтаңбасы да мол болған.
Аңыз бойынша әлемге аты шыққан кітапхананы Шыңғысхан әскерлері өртеп кеткен. Алайда біраз кітапты қала қорғаушылары құмыраларға салып, жер астына тығып, сақтап қалған
222
деседі. Елімізде қолжазба ескерткіштерін іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Астанада «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы ашылып, табылған жазба деректер жинақталуда. Көп ұзамай мың жылдық тарихы бар білім ордасы - Отырар кітапханасы екінші өмірін бастамақ.
Мәтін бойынша ақ ешкілердің пайдасы
A) Сүтті көп беретін болған. D) Жер талғамайтын мал.
B) Еті түрлі сырқатқа ем. E) Өсімтал мал болған.
Жарғағына жазу жазатын болған.
Отырардың батыс жақ қақпасынан қатынайтын керуен
Мәтін бойынша керуен тізбектерінің келу себебі
A) Тауарларын сатуға келеді. D) Саяхаттауға келеді
B) Жиын өткізуге келеді. E) Жорыққа дайындалуға келеді.
Сирек кездесетін құмыралар әкеледі.
Шыңғысхан әскерінің қітапханаға қатысы A) Кітаптарды жер астына тығуға көмектесті.
B) Өртеніп жатқан кітапхананы аман алып қалды. C) Қолжазба жұмыстарын іздеуге септігін тигізді. D) Саяхатшылардың көп келуіне ықпал етті.
E) Күл-талқан етіп жағып жіберді.
Мәтін бойынша бабалар аманатын бізге жеткізу тәсілдерінің бірі A) Өлең түрінде жазып қалдырған.
B) Таспаға жазып қалдырған.
C) Қышқа ойып жазып қалдырған.
D) Том-том кітаптар жазып қалдырған.
E) Папирус жапырағына жазып қалдырған.
Отырар кітапханасының құндылығы
Ойшылдар барлық кітаптарды алып оқыған.
Көріпкелдер кітап алып оқитын болған.
Кітапханадан кітап алып оқығандар ғұлама болған.
Сирек кездесетін кітаптарымен аты шыққан.
Кітаптарды оқығандар ойлы сөздер қалдырған.
4-мәтін
Майқы би (XII - ХІП ғғ.) - халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген ескі сөз бар.
Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі,
одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу
тегіне қатысты көптеген аңыз әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның
Шыңғыс ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына
қалдыратын биі болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің оң
қанатын басқарғаны айтылады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жағынан Шыңғыс ханмен
қарайлас болған,
Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну кезеңінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай елі бүлінгенде, қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі.
Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі - Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді. Ол ұлысқа кірген 40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың ерекшелігіне қарай белгілейді. Ұлыс туын ұстаған Үйсінге «жалау», ортада жүрген Арғынға «көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «найза» таңбасын берген. Аталмыш 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Кезінде «Майқының таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін «Нұра таңбасы» аталып кеткен.
Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар», - деп өсиет қалдырған.
223
Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен ойшыл адам болғаны аңғарылады, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға айналдыруда Майқы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді.
Аңыз әңгімелерде келтірілген деректер бойынша Майқы би
A) Шешен, әскер басы, тарихи тұлға D) Ақылгөй дана, ел билеуші
B) Әскер басы, дана би, хан E) Батыр, дана, хан
C) Би, шешен, үш жүздің ханы
Майқы бидің кейінгі ұрпақтарына қалдырған өсиеті
A) Бірлік бар жерде тірлік бар D) Өнер алды - қызыл тіл
B) Ердің атын еңбек шығарар E) Ақыл азбайды, білім тозбайды
C) Әдепті бала - арлы бала
«Майқының таңбасының» кейінгі атауы немен байланысты?
A) Ел атымен C) Жер атымен E) Ру атымен B) Тау атымен D) Өзен атымен
«Хан ақылды болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме
жүргізеді» деген Майқы бидің сөзіндегі қарашасы сөзін алмастыратын қатар
A) Отбасы мен ұрпағы D) Жұбайы мен жары B) Ел-жұрты мен халқы E) Баласы мен данасы
Жалшысы мен малшысы
Майқы бидің өсиетіне сай даналық еөз
A) Ер - елінде, D) Шешеннің сөзі мерген,
Гүл - жерінде. Шебердің көзі мерген.
B) Сөздің көркі - мақал, E) Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
Жүздің көркі - сақал. Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.
C) Суды шым тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.
Шежіре деректер бойынша Майқы бидің түп атасы кім болған?
A) Ақарыстан C) Шыңғыс хан E) Төле би B) Арыстан D) Төбе би
40 руға таңба таратқанда Алшынға «Найза» таңбасын беруі нені білдіреді? A) Халықты бір найзаның астына жинайтын қасиеттерін
B) Дауларда бірінші болып сөз бастайтындығын C) Жаудың қайдан келетінін жорамалдап білетінін D) Жауға бірінші болып шабатындығын
E) Найзамен аңшылық жасап халқына азық табатынын
Қазақтардың шығу тегіне қатысты аңыз әңгімелерде Майқы би кімнің замандасы?
A) Ыбырайымның C) Ұзынсақалдың E) Ақарыстың B) Шыңғыс ханның D) Төле бидің
Достарыңызбен бөлісу: |