3-мәтін
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың
домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын
әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй -
бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары
(«Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық
мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»),
аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма»,
«Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар
суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи
күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. XIX ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі түлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады.
Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
XVІII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер
A) Қазанғап, Дина D) Есжан, Байжігіт
B) Махамбет, Даулеткерей E) Тәттімбет, Баламайсан
C) Ықылас, Айрауық
Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап A) Қобыз B) Жетіген C) Домбыра D) Дауылпаз E) Сырнай
Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа
A) Шертпе күй C) Орындау мәнері E) Қобыз күйі
B) Дауыс ырғағы D) Домбыра әуені
Шертпе күйлері қалай орындалады?
Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен
Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен
Тұрақты екпінмен, саусақтың ұшымен
Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен
Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен
Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі A) Психологиялық, батырлық күйлер
B) Арнау күйлер, әлеуметтік күйлер C) Тарихи күйлер, эпостық күйлер D) Тартыс күйлер, саяси күйлер
E) Арнау күйлер, лирикалық күйлер
Мәтін мазмұнының реттілігі
215
Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері
Күйлердің тақырыптары
Күйдің өрістеп дамуы
Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі
Күй - аспаптық жанр
A) 4,3,1,5,2
|
C) 2,4,3,1,5
|
E) 1,5,2,4,3
|
B) 5,2,4,3,1
|
D) 3,1,5,2,4
|
|
4-мәтін
I. Құнарлы құрттың қадірін білеміз бе?
«Құрт - құрғатылған, кептірілген сүт өнімі. Пісіліп, майы алынған айранды қайнатып, кенеп дорбада сүзіп алып, тұздап, өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі»,— деп жазады ұлттық тағамымыз жөнінде «Сарыарқа самалы» басылымы.
Адам денсаулығына аса пайдалы екендігінің дәлелі - құрт - кальцийдің көзі. Сондай-ақ, ақуызға өте бай. Сондықтан ол - құнарлы тағам. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік.
Балалар үшін де құрттың пайдасы ұшан-теңіз. Ол - баланың бойының өсуіне және сүйектері, тістері дұрыс қалыптасып, жетілуіне септігін тигізер тағамдардың бірі, Әсіресе, қатқан құрттың пайдасы зор. Себебі тісі енді шығып келе жатқан балалардың иектерінің қатаюына жәрдемдеседі. Кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады. Ал сау әрі мықты сүйек - тірек қимыл аппаратының дұрыс әрі белсенді жұмыс жасауына сеп болады. Жасы ұлғайған кісілерде зат алмасу баяулай бастайтыны белгілі. Құрттың құрамында зат алмасуды және бауырдың қызметін жақсартатын холин және метионин деген заттар бар. Сондай-ақ, В тобының дәрумендері болғандықтан, қарттарда жиі кездесетін атеросклероз ауруының алдын алады.
Құртты көктем, жаз айларында жеген өте пайдалы. Себебі көктемде дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады. Жаз айында ыстық шай ішкен кезде, термен бірге тұзды да жоғалтады. Сол жоғалған тұздың орнын толтыруға көмегі зор. Құртты әркім өз қалауынша қалаған тағамына қосып жей беруге болады.
II. Сусын әрі қорек
Езілген қүрт түйіршіктерін малта дейді. Ол - өте кәделі әрі жұмсақ ас. Ұзақ сапарға жолаушылар көбіне малта алып аттанған. Өйткені малта бір жағынан ашыққан адамның өзегін талдырмаса, екіншіден шөлдеген кісіге сусын болған. Адам аштыққа бір айға дейін шыдауы мүмкін, ал шөлге бір жетіге де шыдай алмайды. Егер де ұзақ жолға шығатын адам малта құрт алса, еш алаңдамауға болады. Себебі малта құрттың адамды шөлден құтқарар ерекше қасиеті бар.
Соғыс ардагерлерінің естеліктеріндегі мына бір хикая ерекше назар аудартады. Соғыс алдындағы қырғын шайқаста, қатары селдіреген взвод қорғаныс шебін тастап, шегінуге мәжбүр болады. Күші басым жау әскерінің танктері екі қанаттан оран, ту сыртынан өтіп кеткен. Тірі қалған бес жауынгер сай-жыраны сағалап, жаудың тылында қалады. Аштық пен шөл бірдей қысқанда қатардағы жауынгер жүк қапшығын ақтарып отырып, бес-алты қүрт тауып алған екен. Майданға келгеніне сегіз ай болса да, «елдің дәмі ғой», ~ деп ырымдап, жемей жүрген көрінеді. Жасырынған жерде төрт күн, төрт түн жатады. Бесінші күні таң ата қоршаудан сытылып шығып, өз бөлімдеріне қосылыпты. «Жанымызды сақтаған бес-алты құрт болды» дегенге бөлімнің басқа жауынгерлері таңғалыпты.
«Малта» сөзіне сәйкес келетін жауап
Әлі толық кеуіп үлгермеген құрт, E) Бірнеше жыл сақталған сықпа құрт
Құрғатылған, кептірілген сүт өнімі.
Мәтінде кездеспейтін нұсқа A) Қант қосылып жасалады.
B) Атеросклероз ауруының алдын алады. C) Бауырдың қызметін жақсартады.
D) Баланың бойын өсіреді.
E) Сүйектердің қатаюына әсер етеді.
Екі мәтіндегі ақпараттың орналасу реттілігі
Соғыс ардагерінің хикаясы
216
Ұлттық тағамның жасалуы
Дәрумендерге бай екендігі
Балалар мен үлкендерге пайдасы
Езілген күрт түйіршіктері
A) 5,1,2,3,4
|
C) 3,2,5,4,1
|
E) 1,3,4,5,2
|
B) 2,3,4,5,1
|
D) 2,1,3,4,5
|
|
Қатқан құрттың жас балаларға пайдасы
A) Атеросклероздың алдын алады D) Зат алмасуын реттейді
B) Иекті қатайтады E) Бауыр жұмысын реттейді
C) Шөлдетпейді
Құрт қасиетіне жатпайтын нұсқа
A) Кептірілген сүт өнімі D) Шөлден құтқаратын қасиеті бар
B) Бие сүтінен жасалады E) Ақуызға бай тағам
C) Кальцийдің көзі
Екі мәтінге ортақ атауды табыңыз
A) Құрттың пайдасы C) Құрт түйіршіктері E) Құрттың жасалуы
B) Құрттың түрлері D) Сүт тағамдары
Құрттың бала ағзасына пайдасы жөнінде мәлімет беретін мәтіннің қай бөлігі?
A) Бірінші мәтіннің I бөлігінде D) Бірінші мәтіннің II бөлігінде B) Екінші мәтіннің II бөлігінде E) Бірінші мәтіннің III бөлігінде
Екінші мәтіннің алғашқы бөлігінде
Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз A) Құрттың қанша түрі бар?
B) Құрттың балалар үшін қандай пайдасы бар?
C) Құртты жылдың қай мезгілінде жеген пайдалы? D) Құрт қалай жасалады?
E) Құрттың жасы ұлғайған кісілер үшін пайдасы бар ма?
1057-нұсқа
1-мәтін
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді.
Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.
Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады, Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім ілінеді.
1. Ең үлкен киіз үй
A) Ақ орда C) Ақ ала орда
B) Алтын үздік D) Алтын орда
2. Киіз үйдегі киелі орын
A) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын
B) От жағылып, қазан асылатын орын
C) Қонақтар орналасатын орын
E) Ақ шаңқан
D) Ер тұрман, киім ілінетін орын
E) Үй иесінің жататын орны
2-мәтін
Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі туған ата-анасының қуанышы ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері «шілдехана», «шілде той», «шілдехана күзет» өткізіледі. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдірісіп, ән айтып, ойын ойнап, көңіл көтереді.
Шілдехананы Жетісу өңірінде «шілде күзету» деп атайды. Әдетте, шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әр түрлі жын- шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзету - халық сенімі бойынша тек жастардың міндеті болған. Ерте заманда бесіктегі нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген. «Жаңа туған баланы алғашқы күндері шырақ жағып күзетпесе, оны перілер әкетіп, орнына басқа бала тастап кетеді» деген сенім болған. Осы сенімнің сілемі қазақ арасында соңғы уақытқа дейін сақталған. Шырақ жағып күзету - соның бір түрі.
Немерелі болған әже сүйінші сұратып, жас балаларын жан-жаққа жібертеді. Сүйінші сұраушылар «Кім туды?» деген сұраққа ұл болса - «тізгін ұстар», «күл шашар», «ноқта жетектер», ал қыз болса - «қырық жеті» деген сияқты тұспал сөздермен жауап қатады. Сүйіншіге ағайын-туыстары мал атап, кейбіреулер ақшалай-заттай сый-сияпат беріп, әйтеуір қолын бос қайтармайды. Бөпелі болған қуанышты отауға ізгі ниеттерін білдіруге келген ауыл адамдары «Бауы берік болсын!» деп, жылы лебіз, жақсы тілектерін айтады.
Жаңа туған нәрестенің той-томалағында жүрген әйелдер бөпені көрсетіп, келушілерден көрімдік алады. Құтты болсын айтып келгендер: «Тіпә, тіпә! Тіл- көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» - деп түкірген болады.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ұлы Абай айтқандай, қазақта ән- жырсыз өтетін мереке, қуанышты күндер жоқ. Той да жастар суырып салып өлең айтып, сөз қағыстырады.
Бірінші және бесінші азатжолдардың мазмұндық ұқсастығы A) Қуаныштың ән мен жыр арқылы тойлануы
B) Немерелі болған әже куанышы C) Ескі наным-сенімдердің сақталуы D) Тіл-көзден сақтау ырымдары
E) Шілдехананың әр өңірдегі ерекшеліктері
Құтты болсын айтып келгендердің: «Тіпә, тіпә! Тіл-көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» деуінің мәнісі
A) Балаға көз тимесін деген ниет көрінісі B) Нәрестеге көңілі толмағандықтан
C) Ел ішінде сәбиді еркелетудің сондай салты қалыптасқан D) Баланың түр-тұлғасына қарата айтады
E) Баланың дені сау болып өссін деген ниет
Халықтың ескі наным-сенімі мәтіннің қай бөлігінде сөз болады? A) Екінші B) Үшінші C) Төртінші D) Бесінші E) Бірінші
Сүйінші сұраушылар қыз бала дүниеге келгенін жұртқа қалай жеткізген?
«Тізгін ұстар» деген сөз арқылы
«Ат ұстар» деген сөз арқылы
«Күл шашар» деген сөз арқылы
«Ноқта жетектер» деген сөз арқылы
«Қырық жеті» деген сөз арқылы
Достарыңызбен бөлісу: |