13. Алғашқы азатжолда ой қалай 14.Екінші азатжол қандай үлгіде
берілген? жазылған?
A. Салыстыру арқылы A. Ой толғау.
B. Суреттеу арқылы B. Тарихи аңыз.
C. Дәлелдеу арқылы C. Сын мақала.
D. Пайымдау арқылы D. Шыншыл ертегі.
E. Тұжырымдау арқылы E. Аңыз әңгіме.
15.Екінші азатжолдағы негізгі ойға қай 16.Баянауылдағы «Қалмаққырылған»
мақал сәйкес келеді? жерінің атауы қай батырға байланысты.
A. Ердің екі сөйлегені өлгені. A. Бәсентиін
B. Ерді жаяулық емес, каяулық аздырар. B. Олжабай
C. Ер тарықпай, молықпайды. C. Абылай
D. Ер аруағы — қаруы. D. Жасыбай
E. Ел үмітін ер ақтар. E. Бесен
17.Мәтінді қай мақал қорытындылап 18. Мәтін қандай стильде жазылған?
тұр? A. Ауызекі сөйлеу стилі
A. Ер азығы мен бөрі азығы жолда. B. Іс қағаздар стилі
B. Ер есімі — ел есінде, C. Публицистикалық стиль
C. Ер - ырыстың кілті. D. Ғылыми стиль
D. Батыр жарасыз болмас. E. Ресми стиль
E. Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі,
19.Бірінші азатжолда не туралы 20.Көлге неліктен Жасыбай атауы
айтылған? берілген?
A. Жасыбай көлінің тарихы
B. Жасыбай туралы аңыз-ертегілер
C. Жасыбай көлінің шипасы
D. Жасыбай көлінің байлығы
E. Жасыбай көлінің географиялық
сипаттамасы
A. Ру атына сәйкес
B. Көлдің байырғы атауы болғандықтан
C. Ханның ел басқаруына орай
D. Батыр ерлігіне орай
E. Жоңғар шапқыншылығына сәйкес
1022-нұсқа
1-мәтін
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді.
Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.
Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады, Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім ілінеді.
От орны - қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады,
1. Ең үлкен киіз үй
A) Алтын орда C) Ақ ала орда E) Ақ орда
B) Алтын үздік D) Ақ шаңқан
2. Киіз үйдегі киелі орын
A) Үй иесінің жататын орны D) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын
B) Қонақтар орналасатын орын E) Ер тұрман, киім ілінетін орын
От жағылып, қазан асылатын орын
2-мәтін
Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі туған ата-анасының қуанышы ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері «шілдехана», «шілде той», «шілдехана күзет» өткізіледі. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдірісіп, ән айтып, ойын ойнап, көңіл көтереді.
Шілдехананы Жетісу өңірінде «шілде күзету» деп атайды. Әдетте, шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әр түрлі жын- шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзету - халық сенімі бойынша тек жастардың міндеті болған. Ерте заманда бесіктегі нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген. «Жаңа туған баланы алғашқы күндері шырақ жағып күзетпесе, оны перілер әкетіп, орнына басқа бала тастап кетеді» деген сенім болған. Осы сенімнің сілемі қазақ арасында соңғы уақытқа дейін сақталған. Шырақ жағып күзету - соның бір түрі.
Немерелі болған әже сүйінші сұратып, жас балаларын жан-жаққа жібертеді. Сүйінші сұраушылар «Кім туды?» деген сұраққа ұл болса - «тізгін ұстар», «күл шашар», «ноқта жетектер», ал қыз болса - «қырық жеті» деген сияқты тұспал сөздермен жауап қатады. Сүйіншіге ағайын-туыстары мал атап, кейбіреулер ақшалай-заттай сый-сияпат беріп, әйтеуір қолын бос қайтармайды. Бөпелі болған қуанышты отауға ізгі ниеттерін білдіруге келген ауыл адамдары «Бауы берік болсын!» деп, жылы лебіз, жақсы тілектерін айтады.
Жаңа туған нәрестенің той-томалағында жүрген әйелдер бөпені көрсетіп, келушілерден көрімдік алады. Құтты болсын айтып келгендер: «Тіпә, тіпә! Тіл- көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» - деп түкірген болады.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ұлы Абай айтқандай, қазақта ән- жырсыз өтетін мереке, қуанышты күндер жоқ. Той да жастар суырып салып өлең айтып, сөз қағыстырады.
Бірінші және бесінші азатжолдардың мазмұндық ұқсастығы A) Ескі наным-сенімдердің сақталуы
B) Тіл-көзден сақтау ырымдары
C) Шілдехананың әр өңірдегі ерекшеліктері D) Қуаныштың ән мен жыр арқылы тойлануы
207
Немерелі болған әже қуанышы
Сүйінші сұраушылар қыз бала дүниеге келгенін жұртқа қалай жеткізген? A) «Ноқта жетектер» деген сөз арқылы D) «Ат ұстар» деген сөз арқылы
B) «Тізгін ұстар» деген сөз арқылы E) «Күл шашар» деген сөз арқылы
«Қырық жеті» деген сөз арқылы
Халықтың ескі наным-сенімі мәтіннің қай бөлігінде сөз болады?
Құтты болсын айтып келгендердің: «Тіпә, тіпә! Тіл-көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» деуінің мәнісі
A) Нәрестеге көңілі толмағандықтан
B) Балаға көз тимесін деген ниет көрінісі C) Баланың дені сау болып өссін деген ниет
D) Ел ішінде сәбиді еркелетудің сондай салты қалыптасқан E) Баланың түр-тұлғасына қарата айтады
3-мәтін
Домбыра - қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әрқилы болып келеді. Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Домбыра негізінен екі ішекті болып келеді. Үш ішекті домбыралар да бар. Домбыраны арнайы ағаштардан (қайың, үйеңкі және т.б) жасайды. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады.
Қобыз - ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар науқасты дертінен айықтыруда құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды.
Жетіген - көп ішекті музыкалық аспап. Кейбір ғалымдар «жетіген» сөзі «жеті байлық», «жеті қазына» дегенді білдіреді десе, кейбір аңыздарда ол «жеті хан» деген сөзден шыққан делінеді. «Жетіген» деген атау «жеті» және «ән» сөздерінің бірігуінен құралуы мүмкін дейтін де пікір бар. Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып, шанағы көн терімен қапталады. Күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады.
Шертер - шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Ол екі немесе үш ішекті болып келеді. Құрылысы жөнінен домбыра, қобыз аспаптарына да ұқсас келеді. Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады.
Асатаяқ - ертеден келе жатқан сілкімелі аспап. Қазақ халқы мәдениетінде ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданылған. Халқымызда қоңырау, сақпан, тұяқтас, шартылдақ сияқты сілкіп ойнайтын аспаптар да бар.
Шаңқобыз - көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілшесі болады. Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілшесі тербеліске келтіріледі де, дыбыс шығады. Мұндай аспаптардың темір текшелерден жасалған түрлері де бар. Бұл аспапта көбінде әйел адамдар ойнайтын болған. Аспапты күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.
Сыбызғы - қурайдан, ағаштан, кейде жезден жасалынатын көне үрлемелі музыкалық аспап. Ол ертеректе бақташылардың ең сүйікті аспабы болған.
Сазсырнай - үрлемелі аспаптар тобына жатады. Ол саз балшықтан жасалынып, отқа күйдіріледі. Бұл аспаптың көлемі де, түрі де әр түрлі болып келеді. Аспаптың іші қуыс, қарама-қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкене ойығы болады.
Қазақтың ұлттық аспаптары сан алуан, ал музыкалық мұрасы өте бай.
Ескі наным бойынша, адамды дерттен айықтыру мақсатында қолданылған аспап A) Асатаяқ B) Домбыра C) Жетіген D) Сыбызғы E) Қобыз
Музыкалық аспаптардың ұлттық құндылығы
A) Бейбітшіліктің символы D) Тәуелсіздігіміздің нышаны B) Табиғи ескерткішіміз E) Мәдени мұрамыз
Егемен елдігіміздің айғағы
Тиек орнына асық қолданылған музыкалық аспап
Сазсырнай B) Асатаяқ C) Сыбызғы D) Шаңқобыз E) Жетіген
208
Ертеректе сыбызғы кімнің сүйікті аспабы болған?
A) Байлардың C) Батырлардың E) Әйел адамдардың B) Бақсылардың D) Қойшылардың
Жасалатын табиғи материалы басқалардан өзгеше музыкалық аспап A) Сыбызғы B) Домбыра C) Шаңқобыз D) Сазсырнай E) Жетіген
Мәтіннің мазмұнына сай тақырып
Жаңа заман аспаптары D) Үрмелі аспаптар
Достарыңызбен бөлісу: |