1-билет Айналмалы тербелістердің көмегімен денелердің кез келген айналу осіне қатысты инерция моментін анықтау әдісін айтыңыз


Судың беттік керілу коэффициентін анықтаудың сақинаның үзілуі әдісін сипаттаңыз Теориялық бөлім



бет5/8
Дата07.02.2022
өлшемі321,1 Kb.
#96475
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Физ практикум шпор Таннур

Судың беттік керілу коэффициентін анықтаудың сақинаның үзілуі әдісін сипаттаңыз Теориялық бөлім ...Әртүрлі қатты денелерді сұйықтың бетінен үзілуі үшін сұйық бетіне перпендикуляр түсірілуі қажет күштерді өлшеу арқылы беттік керілуді анықтауға болады. Үзілетін денеге сұйық жұғылатындықтан онымен бірге сұйық та көтеріледі, яғни сұйықтың еркін беті артады. Осы бет қысқаруға ұмтылатындықтан беттік керілу күші пайда болады. Егер денеге әсер етуші күш мәні бойынша беттік керілу күшіне тең болса, онда дене үзіледі.Жұмыстың орындалу принципі Сұйық бетімен жанаса орналасқан, сыртқы диаметрі D және қалыңдығы d сақинаны қарастырамыз (1-сурет).


Сақинаны сұйық бетінен көтергенде сақина мен сұйық беті арасында пленка пайда болады. Осы пленканың сыртқы беті сақинаны төмен қарай σπD күшпен тартады, ішкі беті де σπ(D-2d) күшпен төмен тартылады. Сақинаны ұстап тұратын қорытқы күш:
(1)…Сақинаның диаметрі мен қалыңдығын штангенциркульмен өлшеуге болатындықтан беттік керілу күшін анықтау үшін F үзілу күшін анықтайды. Бұл күшті аналитикалық таразының көмегімен өлшеуге болады.Принциптік схемасы 2-суретте кескінделген қондырғыны қолданамыз.

2-сурет.
таразының сол жақтағы ыдысына металл К сақина бекітіледі. Таразыны оң жақтағы ыдысқа П пластилиннің кішкене бөлігін жапсырып, теңестіреді. Таразыны абайлап, сақина ыдыстағы сумен жанасқанша төмен түсіреміз (ескерту: сақина суға батырылмай, тек оның бетімен жанасуы керек). Беттік керілу күшінің әсерінен таразының тепе-теңдігі бұзылады. Сақина сұйық бетінен үзілгенше таразының оң жақтағы ыдысына құм салып отырады. Таразыдағы құмның m массасын өлшейді. Ендеше, құмның F = mg ауырлық күші сақинаны үзуші F күшке, яғни беттік керілу күшіне тең. F–ң мәнін 1-формулаға қойып, келесі өрнекті аламыз:
(2) Жұмыстың орындалу реті Пластилиннің көмегімен таразыны теңестіреміз.Таразының иінін сақина ыдыстағы сұйықпен жанасқанша төмен түсіреміз.Таразының оң жақтағы ыдысына, абайлап, сақина сұйық бетінен үзілгенше құм төгеміз.Құмның m массасын электрондық таразымен өлшейміз.2-формула бойынша судың беттік керілу коэффициентін есептейміз.Аталған амалдарды кемінде үш рет қайталаймыз. Өлшеу нәтижелерін кестеге енгізіп, беттік керілу коэффициентін, оның орташа мәні және өлшеу қателегін есептейміз.Эксперимент нәтижесін кестеге енгіземіз.\




m, (кг)

σ, (Н/м)

σср, (Н/м)

Δσ, (Н/м)

Δσср, (Н/м)

ε, %

1



















2



















3






















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет