Жұмыстың орындалу принципі Максвелл таралуын модельдеуге арналған прибордың схемасы 2-суретте көрсетілген. Газ молекуласының орнына 1-дозаторды толтыратын 4 тары дәндері қолданылады. Дозатордын шыққан дән 5 қанатшаны жабады. Егер қанатшаны айналдырса, төгілген дәндер 2 металл түйреуіштерге түседі. Түйреуіштермен және өзара соқтығыса отырып, дәндер жылдамдықтарын және қозғалыс бағыттарын өзгертеді. Осылайша, тары дәндерінің түйреуіштермен соқтығысуы газ молекулаларының бей-берекет жылулық қозғалысын модельдейді.
Ары қарай, дәндер жылдамдықтарының шамаларына байланысты жинақтаушының 3 вертикаль ұяшықтарына түседі, парллель ұяшықтардың толтырылу дәрежесі дән-молекулалардың жылдамдықтарының шамасына тәуелді болады. Ұяшықтар биіктік бойынша градуирленген. Ұяшықтардағы дәндердің биіктік бойынша таралуы молекулалардың жылулық қозғалысының жылдамдықтары бойынша таралуын модельдейді.
Жұмыстың орындалу реті Приборды 6 жапқыштың көмегімен бірнеше рет аударып, тарыны 1-дозаторға жинайды Төменгі 6 жапқышты жабады.5 қанатшаны айналдыра отырып дәндердің түйреуіштерге түсіп, ары қарай 3 ұяшықтар бойынша таралуына қол жеткізеді.Ұяшықтардың градуировкасын қолданып әрбір ұяшықтағы дәндердің
h биіктігін белгілейді.Тәжірибені 5 рет қайталайды, әрқайсысында ұяшықтардағы дәндердің
h биіктігін өлшеп отырады.Әрбір ұяшықтардағы дәндердің биіктіктерінің
hорт орташа мәнін табу керек.Өлшеу нәтижелері кестеге енгізіледі.Алынған нәтижелер бойынша
Максвелл таралуын модельдейтін
тәуелділік графигін тұрғызады.
4-БИЛЕТ