1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


ХХ ғ. басындағы қазақ кітаптары және оларда көтерілген қоғамдық мәселелер



бет15/78
Дата09.10.2022
өлшемі229,31 Kb.
#152294
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары
Ақерке, Учебные материалы 1 семестр, Задания для СРС 1 семестр 2, 7 дәріс, 1-òî?ñàí áæá ¹1 ?àçà? ò³ë³ ï?í³íåí «²². Æàñòàð ì?äåíèåò³ æ?íå ì?
19. ХХ ғ. басындағы қазақ кітаптары және оларда көтерілген қоғамдық мәселелер.
ХХ ғасыр басында жарық көрген қазақ кітаптарының идеялық ой-пікірлерінің жас ұрпақтарды тәрбиелеуде, ұлттық мәдениетімізді қалыптастырудағы маңызы зор. Өйткені бұл мұраларда мәселен, жер, тіл, дін, оқу-ағартуға қатысты айтылған пікір-ойлар бүгінгі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Сондықтан, ұлттық мүдде тұрғысынан түрлі мәселелерді көтере білген қазақ кітаптарының идеялық маңыздылығын аша отырып, тағылымдық мүмкіндіктерін негіздеп насихаттау аса қажет сияқты. Мақалада Ресей империясында 1900-1917 жылдар аралығында қазақ тілінде жарық көрген кітаптардың идеялық мазмұны және соған сәйкес оның қоғамдық маңызы талдауға алынады. Қазақ кітаптарында көтерілген тарих және дін мәселелері, сондай-ақ патшалық кезең тұсындағы қазақ кітаптарына қатысты жүргізілген іс-шаралар мен оның авторларының кеңестік жүйе жағдайындағы тағдыры зерттеледі.ХХ ғасырдың басында жарық көрген қазақ кітаптарының негізгі мақсаты Қазақтың тарихын дәріптеу мен .өткеннің түсініксіз беттерін жұртқа түсіндіруге ұмтылуы, сонымен қатар халықты әрқашанда патриоттық сезімге баулу болғаны барлығымызға белгілі. Алдына мақсат қойып түрлі баспалардан шыққан қазақ кітаптарын батырлық, ғаштықтық, діни, ағарту, тарихи, әдеби бағытындағы кітаптар деп қарастыруымызға болады. Бұлардың ішінде халық арасына кең тараған түрі бұл батырлық, қаһармандық, ғашықтық, сүйіспеншілікті көксейтін лиро-эпостық жырлар. Оны жинаушылар да ел арасынан бұл поэмалардың бірнеше нұсқаларын жазып алып, өңдеп барып бастырған. Бұл ретте Жүсіпбек Шайхисламов, Кашшафутдин Шахмарданұлы, Мәулекей Юманчиковтарды атауымызға болады. ХІХ ғасырдың соңында Қазақстанда миссионерлік бағыт өрістей бастаған кезде ислам дінін уағыздаушылар олардың әрекетіне қарсылық есебінде діни кітаптарды шығару арқылы мұсылман дінін насихаттауды қолға алды. Ғасырдың соңына дейін діни кітаптардың саны күрт өскен. Олардың саны 47-ге дейін өсіп, қайталана басылудың нәтижесінде 149 басылымға жеткен.Жалпы діни кітаптар қазақ жеріне Мысыр, Стамбұл, Ташкент, Самарқанд, Бұхара сияқты қалалардан әкелінген. Бұл кітаптар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап шағатай және қазақ тілдерінде басыла бастады. Шағатай тілінде жарық көрген кітаптардың ең біріншісі – бұл Қожа Ахмет Иассауи мен Сүлеймен Бақырғанидың діни мазмұндағы еңбектері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет