1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының атап өтілуінің тарихи маңызын ашыңыз



бет42/78
Дата09.10.2022
өлшемі229,31 Kb.
#152294
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары
Ақерке, Учебные материалы 1 семестр, Задания для СРС 1 семестр 2, 7 дәріс, 1-òî?ñàí áæá ¹1 ?àçà? ò³ë³ ï?í³íåí «²². Æàñòàð ì?äåíèåò³ æ?íå ì?
54. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының атап өтілуінің тарихи маңызын ашыңыз.2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне көшетінімізді айтты. Бұл жерде Тоныкөк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, жандандырушы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес, түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты. Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.
55. Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуы мен қазақтардың рухани қасіреті. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализмнің біржақтылығына қармастан ұлт рухының өміршеңдігінің айқын көрінісін айшықтаңыз Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі , адамның өмір сүрген ортамен қарым - қатынасы . Кеңес өкіметінің өлкедегі әртүрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың ортасы болды. Большевиктік жүйе тек қана «тап жауларының» соңына түскен жоқ. Аластату мөрі социалистік өзгерістерге орай өз ойларын білдіріп жүрген ұлттардың, олардың алдыңғы қатарлы өкілдеріне де жабысты. Одан кейін кезек миллиондаған қарапайым қазақ ауылының тұрғындарына да келіп ұласқан болатын. Кеңес өкіметінің орнығуымен қоғамдық-саяси өмірде де келелі өзгерістер жүрді. Республикадағы жетекші әрі ұйымдастырушы саяси күш міндетін 1920 жылы құрылған Қазақстан коммунистік партиясы өз мойнына алды. 1921-1926 жылдар аралығында коммунистер қатары 23,2 мың адамнан 31,9 мың адамға ұлғайған екен. Кеңестік Қазақстанда мемлекеттік идеология мен мәдениет құрылысына үлкен мән берілді. Сауатсыздықты жою, мектептер мен арнайы орта оқу орындарын ашу, газет- журнал шығару, кітап басуды ұйымдастыру халықтың санасына маркстік-лениндік идеологияны сіңірумен ұштастырыла қолға алынып, мәдениетке таптық, партиялық көзқарас ұлықталды. Соғысқа дейінгі бесжылдықтардың мәдени қорытындысы білім мен ғылым саласында, әдебиет пен өнерде, кітапхана мен клуб ісінде, бұқаралақ ақпарат құралдарында анық көрінді. Сауатсыздықты жою сәтімен аяқталды, баршаға бірдей бастауыш білім беру міндеті шешілді. Бұрын мүлде болмаған жоғары оқу орындары ашылып, ғылыми-зерттеу институттары құрылды.
56. Кеңестік кезеңде коммунистік партияның қоғамдағы саяси дара билігінің күшею себептері мен салдарын талдаңыз. 1925 жыл Қазақстан халқы үшін саяси жаңалықтармен басталды. Қазақстан құрамына Сырдария және Жетісу облыстарының енуі, Орынбор қаласы мен губерниясының бөлініп шығуына байланысты республиканың әкімшілік құрылымына өзгерістер енгізілді. Қазақ қоғамына алаш зиялыларының ықпалының артуынан қауіптенген орталық билік республикадағы саяси тәртіпті қатаң бақылауға алу жолына түсті. 1925 жылдың 29 мамырында И.В.Сталин партияның Қазақ Өлкелік Комитетінің бюро мүшелеріне «Ақ жол» газетінің саяси ұстанымына байланысты хатын жолдады. Онда И.Сталин өзінің «Ақ жол» газеті материалдарымен танысып, жарияланған материалдардың мазмұн жағынан шетелдерде жарық көріп жатқан Мұстафа Шоқай мақалаларымен сабақтас, жақын екенін айта келіп, мұндай сынға кеңестік басылымдарда орын берілуге тиіс емес деген тұжырымын білдіреді. И.Сталин хатындағы екінші мәселе алаштық зиялылар жөнінде болды. Кеңестік басшы партияда жоқ ұлт зиялыларын саяси және идеологиялық қызметтерден біржола аластатуды ұсынды. И.Сталин хатынан соң Қазақстандағы саяси билікке ұлттык кадрларды тек таптық тегіне қарап тарту кең етек алды. Сонымен бірге бұқара арасынан іріктелген қызметкерлердің өзін ұлттық сезімі мен ұстанымына байланысты жіктеу орын ала бастады. 1925 жылы жазда республика басшылығына Орталық Филипп Исаевич Голощекинді жіберді. Жергілікті жағдаймен танысып алған соң Ф.Голощекин И.Сталинге арнайы хат жолдап, онда ендігі уақытта басымдылық жалпыұлттық міндеттерге емес, қазақ ауылын кеңестендіруге, республика өмірінде коммунистердің үлес салмағын күрт арттыруға, басқару аппараттарын жергіліктендіруге, яғни қазақ бұқарасына қазақша қызмет жасауға, сондай-ақ «үлкен саясатқа» емес, қалың қазақ бұқарасаның күнделікті мұқтаждықтарын қанағаттандыруға берілмек екендігін тәптіштеп айтты. 1927 жылы ақпанда БОАК төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Голощекин Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты. Бұл Н.Нұрмақов, Ж.Сұлтанбеков сияқты қайраткерлердің заңды қарсылығын тудырды. Ал көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын отырықшы тұрмысқа аудару мынадай қарқында жүргізілді: 1930 жылы — 87 136, 1931 жылы — 77 508, 1932 жылы — 77 674 және 1933 жылы — 242 208 қожалықтар арнайы белгіленген жерлерге орналастырылды. Байлардың мал-мүлкін тәркілеу олардың туыстарының колымен жүргізілді. Осылайша қазақтарды өзара араздастыру саясаты тереңдей түсті. Мәскеудегі «националдар кеңесінің» ізін ала Қызылордада өткен Қазақ өлкелік партия комитетінің III Пленумы (1926 ж. 25—30 қараша) құрамында С.Сәдуақасов, С.Қожанов және Ж.Мыңбаев бар «ұлтшылдар» тобының қызметі жөнінде мәселе қарап, «қазақ ұлтшылдығын» үзілді-кесілді айыптаған қаулы кабылдайды. Бұл іс жүзінде республикадағы жоғарғы билікті «ұлтшылдардан» біржола тазарту шарасының өзі болатын. Саяси қудалауға ұшыраған Ж.Мыңбаев пен С.Сәдуақасов көп ұзамай өмірден өтті (1929, 1933 жж.), ал С.Қожанов болса, біржола саяси қызметтен ығыстырылды. Қазақ қоғамы мәскеулік биліктің ұлт-азаттық қозғалыс басшыларына көпе-көрнеу жасаған қиянатын көзімен көрді, ендігі уақытта оның айтқанына көнбеген күнде сол алашордалықтардың кебін киетіндігін жаксы түсінді. Бұл қоғамның рухани азып-тозуына апармай қоймайтын жол.
57. Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтар. Қазақстан-әлем мойындаған ел. Мемлекеттің сыртқы саясатының мазмұнын айтатын басты мәселе— ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде хақындағы мәселелерге, әдетте ұлттық еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде сақгалуы, сыртқы соғыс қаупінен сақталу, ұлттық тұрмыс-жағдайын жақсарту, халықаралық аренада мемле-кеттің экономикалық және саяси позицияларын қорғау, дүниежүзілік саясатта мемлекеттің ықпалын сақтау және оның аясын кеңейту. Ұлттық мүдделер мемлекеттің сыртқы саяси бардарламаларында, сыртқы саясатында көрініс тауып отырады және ол басқа мемлекетпен қарым-қатынас жасаудың мақсатын, оны шешу жолдарын анықтап отырады. Мемлекеттің сыртқы саяси бағдарының қалыптасуына әртүрлі кӛптеген жағдайлар ықпал етуі мүмкін. Мемлекеттің халықаралық аренадары стратегиялық жардайын анық-тауға себеп болатын себептердің бірі, ең алдымен географиялық себептер. Мемлекеттің геожағдайын анықтайтын себептердің негізгілеріне елдегі өзен-су ко ммуникацияларын, теңізге жақын немесе алыстары, одан шығу немесе шыға алмау жағдайы, көрші елдермен жол қатынасы қандай, ол күрделі немесе жеңіл ме, басқа мемлекеттермен шекаралық шектеу жағдайы, халықтың саны, оның орналасу тығыздығы т.б. жатқызута болады. Сондай-ақ, ауа-райының жағдайы, топырақтың құрамы, жерасты байлық-тары, өндіргіш күштердің даму қарқыны, мәдениеттің даму тенденциясы, әлеуметтік құрылымды ұйымдастыру түрі және саяси құрылым ерекшеліктері де ескеріліп отырады. Сыртқы саясаттағы маңызды құралдардың бірі— дипломатия болып табылады. Дипломатия— сыртқы қатынасты қамтамасыз ететін және шетелде мемлекеттің құқы мен мүддесін қорғау жөніндегі мемлекет, өкімет басшыларының және сыртқы қатынасқа түсетін мекемелердің ресми әрекеті. Шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасау сыртқы саясатты жүзеге асырудың дәстүрлі түрі болып табылады. Сондай-ақ дүниежүзілік және аймақтық халықаралық ұйымдарда өкілеттілік ашу немесе олардың құрамына ену, шетелдік саяси партиялармен достық қарым-қатынаста болу, дипломатиялық қатынастарға түспеген елдермен де эпизоттық байланыстар жасау арқылы да сыртқы саясат жүргізіліп отырады. Сыртқы саяси байланыстар - экономикалық сауда, ғылыми-техникалық, финанс-несие және мәдени қарым-қатынастар жасау арқылы да іске асырылады. Қазақстанның дербес сыртқы саясатын жүргізу алғышарттары егемендіктің қалыптасуымен қатар жүрді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесі елді алғаш рет халықаралық құқықтың субьектісі деп анықтаған «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» қабылдады. Бұл тарихи құжатта:«Қазақ КСР-нің халықаралыққатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасуға, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар», – деп жарияланды. Қазақстанның егемендігін әлемнің барлық елдері және халықаралық ұйымдар мойындады, көпвекторлы сыртқы саясат қалыптасты, әлемдік қауымдастықтағы беделі артты, екіжақты байланыстар дами бастады. Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен ұсынылған ынтымақтастық жобалары үлкен резонанс тудырды, елдің халықаралық аренада қолайлы имидж қалыптастыруынажағдай жасалды. Қазақстан бірқатар жағдайларға байланысты әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын тудырады: біріншіден, құрылықтағы геосаяси орналасу ерекшелігі; екіншіден, ұлттық бірігу, толерантты этносаралық диалогтың үлгісі жүзеге асқан ел; үшіншіден, бай минералды ресурстарға ие мемлекет, мұнай, газ, көмір қоры бойынша әлемдегі көшбасшы елдің бірі, ірі астық экспорттаушы. Жоғары деңгейдегі келіссөз­дер өткізу­дің зор жауапкершілігін арқа­лай алатын Қазақстан кеше­гі Сирия дағдарысында да тарап­тар­дың басын қосып, күн-түнге созылған құжаттардың қабылдану сатысына алаңдаған әлемдік қоғам­дастық ел ордаға көз тігіп отырды.
58. Ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуы. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасының КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы болып қайта құрылуы. XX ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан ғылымы қалыптасып, дами бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған «Қазақстанды зерттеу» қоғамы көп үлес қосты. Бұл қоғамда Қ. Жұбанов, С. Аспандияров, Ж. Аймауытов, А. В. Затаевич, А. Байтұрсынов, Ә. Диваев, А. П. Чулошников сияқты ғалымдар еңбек етті. 1926 жылы М. Е. Массон Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. 1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасы құрылды. Бұл базаның құрамында 1935 жылы тарих және геология секторы, Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты құрылды. 1935 жылы КСРО Ғылым академиясы Кенді Алтай түсті металын, Жезқазған мысын, Орал-Ембі мұнайын зерттеуге арналған сессия өткізді. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның одақ көлемінде көмір қоры жөнінен бірінші орын алатыны анықталды. 20 – 30 жылдары ғылымның дамуы нәтижесінде пайда болған мекемелер: 1918 ж Ташкентте қолданбалы ғылымдар дамытуға үлес қосқан Түркістан Шығыс институты, 1919 жылы Қазақ әскери комиссариаты штабының жанынан тарихи – статистикалық бөлім құрылды. Бөлім тарих, этнография және жаратылыстану - география секцияларынан тұрды, кейіннен археология секциясы да ашылды. 1919- 1920 ж Қазақ өлкесін зерттеу қоғамы құрылды. Аталған қоғамның мүшелері А. Чулошников, Ф. Рязанов, Ә. Диваев, М. Тынышбаев, В. В. Бартольд, В. Радлов, М. Дулатовтардың алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді. 1932 ж КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды. Нәтижесінде республикада 12 ғылыми-зерттеу институты, 15 тәжірибе станциясы, 186 тірек пункті, зертханалар, су және ауа райын бақылау станциялары болды. 1938 ж Ғылыми-зерттеу институттары Профессор ғылыми атағы аса көрнекті қазақ тарихшысы С. Асфендияровқа берілді. Қазақстанда 430 мыңнан астам адам ой еңбегімен айналысқан, олардың 27454-інің жоғары білімі болған. Республиканың жоғары ғылыми мекемесінің қалыптасуына көмек көрсеткен қайраткерлер – С.Асфендияров, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынұлы, О.Жандосов, М.Əуезов, Қ.Жұбанов. Қазақстандағы ғылыми дамудың негізгі бағыттарын белгілеуге КСРО Ғылым академиясының президенттері С.Вавилов, В.Комаров, Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог, академик А.Самойлович, геолог-ғалым, академик А.Архангельский белсене қатысты. Қазақстан ғылымының дамуына Қ.Сәтбаев зор үлес қосты. Қазақстанда ғылыми мәдениетті дамытуда біраз кедергілер болды. Салыстырмалы түрде зиялы, білімді адамдар тым аз еді. Кеңестік дәуірде Қазақстан ғылымы өз даму жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылуы осы жетістіктерге бастамашы болған. Екі жылдан кейін (тіпті одан да аз уақыттан кейін) ол өзінің 70-жылдық мерейтойын тойлайды. Академияның тарихы — бұл қазақстандық ғылым тарихының қалыптасу мен даму тарихы. Қазіргі кезде отандық ғылымның деңгейі жоғары, ғылым негізін аталған Академия қалаған. КСРО Халық Комиссары Кеңесінің қаулысына сәйкес 1945 жылдың 26 қазанында КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы Қазақ КСР-ының Ғылым Академиясы ретінде қайта құрылған; бірақ, соған қарамастан, Академия ресми түрде тек 1946 жылдың 1 маусымында ашылды. Ғылым Академиясының негізін қалаушылар арасында 14 академик және ҚазКСР-ының 16 корреспондент-мүшесі болды. Осы кезде Қазақ КСР Ғылым Академиясының жарғысы мен құрылымы бекітілді. Ғылым Академиясының ашылуы Қазақстанның экономикасы және мәдениетінің зерттелуіне, оның табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы зерттелуіне жол ашты. Кейін Ғылым Академиясы халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына белсенді түрде қатысты. Республика көлеміндегі ғылыми орталық құрылды, ғалымдар мемлекеттік бесжылдық жоспарларды жүзеге асырды. Жылдан-жылға республикалық Ғылым Академиясының маңыздылығы арта түскен. Ол іргелі зерттеулердің орталығына айналып кетті. ҒА-ының құрамына 4 бөлім енді: минералды ресурстар, физика-математтикалық ғылымдар, биологиялық және медициналық ғылымдар, қоғамдық ғылымдар.
59. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) атқаратын қызметін анықтап, ұлтаралық келісім мен демократияны нығайтудың Қазақстандық моделінің ерекшелігі туралы баяндаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет