1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз



бет45/78
Дата09.10.2022
өлшемі229,31 Kb.
#152294
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары
Ақерке, Учебные материалы 1 семестр, Задания для СРС 1 семестр 2, 7 дәріс, 1-òî?ñàí áæá ¹1 ?àçà? ò³ë³ ï?í³íåí «²². Æàñòàð ì?äåíèåò³ æ?íå ì?
75. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз.
Ежелгі Қазақстанда алғашқы мемлекеттер мен тайпалық қауымдастықтың біздің дәуірімізден едәуір ертеректе пайда болғаны баршамызға мәлім . Оларға біз Сақтар, Үйсіндер, Қаңлы мемлемлекетін , Ғұн державасын , Сармат тайпалар одағын жатқызар едік . Олардың да өз ішіндегі ерекшеліктерін де атап өте аламыз :
-Олардың әрқайсысы әр түрлі дәуірде өмір сүрді . Уақыт өткен сайын билік форматы өзгеріп немесе ауысып отырды . Мысалы Сақтарда мемлекетті тайпа көсемі басқарса , Ғұндарда мемлекет басында шаньюй , Қаңлыларда Хан , Үйсіндерде Гуньмо болды .
-Олардың саясаты және құбылысы орналасқан жері мен қарым –қатынас жасаған мемлекетіне байланысты болды. Мәдениеті мен салт-дәстүрі де сондай болды. Үйсіндер мен Ғұндар Қытайдың Цинь империясымен тығыз-қарым қатынаста болса; Сармат , Сақ империялары Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынаста болды .
Уақыт өте келе Қазақстан территориясында жоғарыда аталған империялардың бір –бірімен араласуы немесе бір-бірін жойып жіберуі салдарынан жаңа Түрік дәуірінің империялары пайда болды.
Бұл оқиғалар тізбегі Европада Рим империясының жойылуымен , Қытайда жаңа саяси әулеттердің билік басына келуімен , Кушан империясының құлауымен ,Орталық Азияда Эфталиттер мемлекетінің құрылуымен дәлме –дәл келді. Ең бастысы Араб патшалығында ислам дінінің пайда болуы жаңа тарихи сипатқа ие болды. Ислам дінінің пайда болуы бүкіл әлемнің өзгеруіне сипат берді .
Аталған жаңа Түрік мемлекетіне : Түрік , Түргеш, Қарлұқ ,Қимақ , Қарахан мемлекеттерін мысал етіп аламыз . Бұл державалардың алдыңғы мемлекеттерден айырмашылығы бірнеше тарихи факторлармен, мемлекеттің жеке ерекшеліктерімен айқындалды:
-Уақыт өте келе барлық тайпалар Ислам дінін ұстана бастады . Ислам дінінің келуімен жаңа мәдени процесс пайда болды . Салт-дәстүр мұсылманшылыққа негізделді.
-Ұлы Жібек жолы барынша (maximum) жанданып көптеген нәрсеге негіз болды . Сауда өркендеді ,жаңа қалалар пайда болды және мемлекеттердің дамуына үлес қосты( Отырар.Сауран,Сығанақ т.б)
-Қытайлардың келуімен МОҢҒОЛОИДТЫҚ белгілер басымдық бере бастады . Мемлекетті жаңа саяси билеушілер басқарды. Мемлекет басына қандай тайпа келсе ;мемлекет сол тайпаның атымен аталды.
Кейіннен , Моңғол ханы Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары Қазақ елін жаулап алып ,оның алпауыт территориясын бөліске салды. Тағы да жаңа заман талабына сай жаңа империялар пайда болды. Оларға Алтын Орда, Ақ Орда ,Шайбани ұлысы , Моғолстан , Әбілқайыр хандығы мен Әмір Темір мемлекеті жатады .
Бұл елдердің барлық патшалары мен билеуші сұлтандары Шыңғыс тұқымынан тарағандықтан барлық хандықтардың билеу форматтары бір –біріне жақын болды. Хандықтар бір-біріне ұқсас болды және құрамындағы тайпалар өзара туыстас болып келді .Уақыт өте келе осы елдер көптеген жылдар бойы өзара билік пен көптеген территориялық аймақтар үшін бірнеше мың рет бітіспейтін қырқыстар мен шайқастар өткізді . Мұның барлығы жаңа ұлт пен жаңа халықтың пайда болуын кешеуілдетті . Халық болып қалыптасу процесін Шыңғыс хан шапқышшылығы 250 жылға кешеуілдеткен еді.
Әмір Темір , Ақ Орда және Моғолстан мемлекеттерінің өзара қырқыстары нәтижесінде жаңа саяси мемлекет ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ пайда болды .Бұл мемлекет Ұлы дала халықтарының сан ғасырлар бойы армандыған жас, тәуелсіз мемлекеті еді . Билеушілері Жошы ханның тікелей ұрпағы болып келеді . Бұл мемлекеттің басқа ежелгі дәуір мемлекеттерінен басты айырмашылығы өзара ынтымақтастық пен ешқандай саяси қырқыссыз пайда болған мемлекет еді . Құрамындағы тайпалары бір тәуелсіз мемлекеттің құрамына бірігуді қалады . Әбілқайырдың Ойрат тайпаларынан жеңіліс табуы жаңа хандықтың пайда болуына барынша жағдай жасады . Ең басты ерекшелігі бұрынғы хандықтарда болмаған жаңа процесс болды . Ол жаңа ұлттың пайда болуы еді . Ежелгі мемлекеттердің ешбірінде де бір мемлекеттің құрамында жалғыз ұлт болмады. Ендігі жерде Қазақ хандығының территориясында жаңа ұлт –қазақ ұлты пайда болды . Үшінші ерекшелігі : Бұл мемлекет уақыт өте келе басқа хандықтар сияқты ыдыраудың орнына жаңа жерлерді бағындырып ,жерін кеңейтіп отырды .
Төртіншіден: Сыртқы саясатта тек жақын елдермен шектеліп қоймай, Алыс елдермен дипломатиялық қатынасқа қол жеткізді . Өз ішінде заңдар бекітіп оны жүзеге асырды. Бесіншіден : Қазіргі Қазақстан сол кездегі Қазақ хандығының тікелей ұрпағы , Территориясының мұрагері болып келеді.
76. Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас.
Келешек Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан Республикасының пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары күмәнсіз. ХХ ғасыр соңында адамзат тарихындағы ең алып империялардың бірі – КСРО-ның күйреуі нәтижесінде, әлем картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Қазақ халқы, осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады. Қорытындысында өз тәуелсіздігінің 15 жылдығын қазақ халқы әлем таныған ұлттық мемлекеті бар іргелі ел ретінде қарсы алды.
Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болсақызықтырары даусыз. Ең алдымен ол, ұлт тағдыры үшін шешуші рөл атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешекте дүниеге келер жас ұрпағы үшін қымбат.Уақыт озған сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне, яғни ірге тасының қайта қалану кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылықтарға толы күрделі де, маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. Сондықтан осындай заңды құбылысқа, яғни тәуелсіз Қазақстан Республикасының дүниеге келу, қалыптасу және даму тарихының терең зерттеліп, шынайы да, объективті жазылу ісіне дайындық осы бастан жүйелі де, ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Солардың бірі – тәуелсіз Қазақстан тарихының ірге тасын құрайтын деректік негізінің тарих ғылымының талаптарына сай дұрыс қалануы.
Ең жаңа тарихымыздың өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстанның өз мемлекеттігін құру мәселесі. Тарихымыздың басқа да түйінді мәселелері сияқты, мемлекеттігімізді қайта құру мәселесі де тұңғыш Президентіміздің еңбектерінде жан-жақты айтылған, яғни деректану ғылымының тілімен айтсақ, Н.Ә. Назарбаев еңбектерінде мемлекеттігімізді қалпына келтіру тарихы, алғашқы нақты іс-шаралардан бастап, жан-жақты бейнеленген. Сондықтан Н. Назарбаев еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастыру, нығайту және дамыту тарихының дерек көзі ретінде талдау жасау, тек деректану ғылымының ғана емес, жалпы Қазақстан тарихнамасының да өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы күмәнсіз.
Егер, деректің әлеуметтік табиғаты, сол деректі жасаушы субъекттің қоғамдағы орнымен анықталатындығын ескерсек, онда Н.Ә. Назарбаев еңбектері тұңғыш Президентіміздің өзі туралы құнды мағлұмат бере алатын маңызды дерек көздері міндетін де атқарады. Демек, Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіздік қарсаңында және тәуелсіздік жылдарында жазған еңбектері тек тәуелсіздік тарихының ғана емес, сонымен қатар оның Елбасы ретіндегі өз тарихының да, дәлірек айтсақ, өмірі мен қызметінің, саналы іс-әрекеттерінің, мақсаты мен мүддесінің, саяси көзқарасы мен қоғамдық және азаматтық позициясының қалыптасу және даму динамикасы тарихының да дерек көздері болып табылады. Сондықтан Н.Ә. Назарбаев еңбектеріне деректанулық талдау жасау, оның тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті ретіндегі де, әлемдік деңгейдегі тарихи тұлға ретіндегі де бейнесін айқындап, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қайта құру және нығайту ісіндегі рөлі мен орнын аша түсуге көмектесері анық. Демек, ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көздері ретінде деректанулық талдау жасаудың қажеттілігі еш күмән туғызбайды.
Әрине, тарихи деректің пайда болуының басты объективті алғышарты белгілі бір оқиғаның немесе қоғамдық құбылыстың болуы екендігі белгілі. Бірақ, оның әр түрлі дерек көздерінде қалайша бейнеленуі деректі жасаушы жеке субъектің қолында екендігі де анық. Олай болса, болып жатқан немесе болып өткен объективті тарихи құбылыстардың деректерде қай дәрежеде бейнеленуі, яғни объективті құбылыстар туралы субъективті мәліметтердің қай дәрежеде деректерге енуі, сол деректі жасаушы субъектің психикасына /дүниетанымы, ой өрісі, білім дәрежесі, діни наным-сенімі, қоғамдық позициясы т. т./ тікелей байланысты. Демек, Н. Назарбаев еңбектерінің ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы объективті қоғамдық құбылыс – КСРО-ның ыдырап, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болуы және қалыптасуы тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері, сол еңбектердің авторы, яғни тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көздерінің үлкен бір тобын жасаушы субъект - Н.Ә. Назарбаевтің қоғамдағы орны мен өзіндік адами және тұлғалық қасиеттерімен тығыз байланысты.
Н. Назарбаев еңбектері, деректану ғылымы тұрғысынан қарағанда, өзінің пайда болуы жағынан жазба дерек көздерінің жеке адамдық тобына жатады. Ал, жеке адамдық дерек көздерінің басты ерекшелігі, оларда субъективті фактордың айрықша орын алуында. Сондықтан дерек көздерінің осы түрлерімен жұмыс істегенде олардың авторлары, яғни деректі жасаушы субъект туралы объективті мәліметтерді пайдалана білудің маңызы үлкен. Демек, біздің зерттеу жұмысымызда субъективті фактор ретінде, дерек көздерін жасаушы Н.Ә. Назарбаев туралы мәліметтерге сүйенуге тиіс боламыз.
Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің пайда болуының объективтілігі ең алдымен ХХ ғасырдың 80-90 жылдары Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы деп аталған алып державада орын алған түбегейлі қоғамдық өзгерістермен, сол өзгерістердің нәтижесінде Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуымен және күрделі де түбегейлі қоғамдық өзгерістер салдарында пайда болған сол жылдардағы саяси ахуалмен тікелей байланысты. Атап айтқанда, Н. Назарбаев еңбектерінің пайда болуына алып келген және оның еңбектерінде бейнеленген нақты объективті оқиғалар, құбылыстар және қоғамдық процестер мыналар: КСРО-да қайта құру процесінің басталуы, елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың тереңдеуі, құрамында Қазақстан да бар КСРО сияқты алып империяның ыдырауы, Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуы, жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қайта құру ісінің басталуы т.т.
Деректанулық зерттеуде сыныптау проблемасының маңызы үлкен. Ол зерттеушіге нақты деректің немесе дерек көзінің ерекшелігін анықтауға және сол ерекшеліктен шыға отырып зерттеу тәсілдерін пайдалануға мүмкіндік береді. Осы қағидаға сай Н.Ә. Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихының дерек көзі ретінде кезеңдік, хронологиялық, тақырыптық, мазмұндық, мақсаттық, формалық т. б. принциптерге сай сыныптауға болады. Мысалы, 1991 жылы жарық көрген «Әділеттің ақ жолы» кеңестік кезеңде дайындалып, жарияланған еңбекке жатса, басқа дерек көздері ретінде қарастырылып отырған Н. Назарбаев еңбектері тәуелсіздік кезінде жарияланған еңбектерге жатады. Ал, олардың дерек көздері ретіндегі ерекшеліктері де сол кезеңдердің ерекшеліктерінен туындайды.
Атап айтқанда, «Әділеттің ақ жолы» Қазақстанның әлі де болса КСРО-ның құрамында, саяси биліктің Орталықтың, яғни Мәскеудің және КОКП басшыларының қолында тұрған кезінде жазылған. Бұл фактордың кітаптың мазмұнына әсер еткендігі түсінікті. Сондықтан автор республика алдында тұрған проблемеларды жалпы Одақтық проблемалар контексінде қараған. Ал, басқа еңбектерде тәуелсіз мемлекет құру тарихы баяндалған. Дегенмен, олардың өздерін де тәуелсіздік тарихының даму кезеңдеріне сай сыныптау қажет болады. Мысалы, тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде дүниеге келген еңбектер мен соңғы жылдары пайда болған еңбектердің арасында үлкен айырмашылықтар бар. Егер, өтен ғасырдың 90-шы жылдарының бірінші жартысындағы еңбектерде негізінен елдегі саяси және экономикалық өзгерістерге байланысты туындаған қиындықтар мен жаңа мемлекет құрудың теориялық негіздері мен жолдары туралы айтылса, кейінгі еңбектерде қол жеткен табыстар мен тәуелсіздікті одан әрі нығайту бағыттары туралы айтылған.
Хроналогиялық принципке сай сыныптау да Н. Назарбаев еңбектерінің әр қайсының ерекшеліктерін анықтай түсуге мүмкіндік береді. Мысалы, 1993 жылы ҚР бірінші Констиутциясының қабылдануы елде парламентік-президентік саяси билік жүйесінің қалыптасуын заң жүзінде бекітсе, 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата заңымыз елде Президенттік басқару формасының орнағандығын заң жүзінде бекітті. Осыған сай еңбектердің де 1995 жылдың тамызына дейінгі еңбектер және одан кейінгі еңбектер болып сыныпталуы мүмкін.
Сонмен қатар, Н.Ә. Назарбаев еңбектерін тақырыптарына және мазмұнына қарай да сыныптау тәсілін пайдалануға болады. Оларды мазмұны жағынан: саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелерге, халықаралық қатнастарға немесе сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздікке, ұлттар достығына, қазақстар қауымдастығына, ұлт тарихына, ел келешегіне т.б. арналған еңбектер деп сыныптауға болады. Әрине, оның бәрі шартты түрдегі сыныптаулар екендігі түсінікті. Өйткені Н. Назарбаев еңбектері ел өмірінің барлық саласын қамтиды, сондықтан олардан әр алуан мәселелер бойынша маңызды мәліметтер алуға болады. Дегенмен шартты сыныптаулардың өзі де зерттеушіге зертеу мақсатына сай өз керегін табуға көмектесері күмәнсіз.
Сонымен, қорыта айтсақ, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен басты ерекшелігі, біріншіден, оның тәуелсіздік қарсаңында және тәуелсіздік жылдарында атқарған ресми қызметтерімен тікелей байланысты. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап республикалық деңгейдегі басшылық қызметте болған, дәл тәуелсіздік алдында Елбасы болып сайланған Н.Ә. Назарбаевқа сол жылдары болған барлық түбегейлі өзгерістердің ортасында жүріп, тарихи құбылыстардың куәсі болуына тура келді. Жәнеде соның бәрі туралы өз еңбектерінде жазып, маңызды дерек көздерін дүниеге әкелді. Екіншіден, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелгі, олардың Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы, оның ең бір қиын-қыстау сәттердегі тарихи шешімдер қабылдап, жаңа мемлекет қалыптастыра білу тарихы туралы мол мағлұмат сақтауында. Үшіншіден, Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің деректік маңызы мен ерекшеліктері автордың жеке адами қасиеттерімен тығыз байланыстылығында. Оның ең бір ауыр жылдары қарапайым қазақ отбасында дүниеге келіп, еңбекке ерте араласуына байланысты, ел өмірін жете біліп, бар саналы өмірін соған қызмет етуге арнауында. Төртіншіден, Н. Назарбаевтың бастауыш партия ұйымынан бастап биліктің барлық сатысынан өтуі, оған елдің реальді саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайын әрдайым объкетивті бағалап, өз еңбектерінде шынайы бейнелей білуге мүмкіндік берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет