Үштілділікті енгізу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады Жаңа оқу жылында НЗМ тәжірибесін ескере отырып, жаңартылған білім беру мазмұнына 1 сынып оқушылары көшіріледі. Басқа сыныптарды көшіру кезең-кезеңмен жүзеге асырылып 2019 жылы аяқталады. Осы үшін бір жарым мыңдай бастауыш сынып мұғалімдері НЗМ арнайы жасалған бағдарламалары бойынша білім көтеру курстарынан өтті. Айта кететін жайт, облыстың 27 мектебінде Елбасының тапсырмасымен НЗМ тәжірибесі таратылуда. Бұл мектептердің 104 педагогі НЗМ тренерлері өткізген оқытулардан өтті. Педагогтер каскадтық әдіспен облыстың тағы 371 мектебінде тәжірибе таратуды іске асыратын болады. Бұл олардың жалпы санының 70%-ын құрайды. Жаңа оқу жылында тәжірибе тарататын мектептер саны тағы 23-ке көбейтіліп, олардың педагогтері оқытылып, 2017-2018 оқу жылынан бастап облыстың барлық мектептерінде НЗМ тәжірибесін тарату жүзеге асырылатын болады.