1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


-билет. ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақ даласының полиэтникалық және поликонфессионалды орталыққа айналу кезеңдері



бет2/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1

2-билет. ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақ даласының полиэтникалық және поликонфессионалды орталыққа айналу кезеңдері.XIX ғасырдың 60-жылдарының орта шенiнде Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды. Патша өкiметi Қазақстанның байтақ өлкесiн қол астына қаратуға қырық жылдан астам уақыт жұмсап, ендi Орта Азияға, Қоқан, Хиуа, Бұқар хандықтарының жерiне ауыз сала бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында, соның ішінде Түркістан өлкесінде халық санының динамикасына ерекше мəн беруге тұрарлық. Оның себебі ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, Қазақстан жерін əскери отарлау, одан кейін осында мұжықтарды жаппай қоныстандыру арқылы отарлау күшейе түсіп, кейінгі Столыпиндік аграрлық реформаның салдары өңірге де таралып, өңірге əртүрлі ұлт өкілдері қоныстанып, саны күрт өскен еді. Ал оның негізгісі орыстар еді. Қазақ елінің кең даласында көшіп-қонып жүрген халықты отырықшылыққа үйретіп, ал босаған өңірлерден өзге ұлттарға жер бөліп беру қарастырылған болатын. Сондай шаралардың бірі патша өкіметі өзі отарлап алған территорияларды əкімшілік-саяси реформалар жүргізу мен қатар ол аймақтық территориясының көлемін айқындаумен, халқының сандық құрамын анықтаумен айналысты. Ондағы мақсат отаршылдық саясат арқылы халықтан алынатын салықтың мөлшерін анықтау болатын. Ендігі тұста тағы бір мəн берілетін жағдай ол ең алғашқы санақтың жүргізілуі болатын. Түркістан өлкесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясының жүргізген отарлау саясатының тағы бір қыры – ол түземдер орналасқан аймақтағы құнарлы жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру арқылы тартып алып, оларға тек жақсы жақтарын қарастыру болатын. Сонымен қатар, патшалық билік мақтаны өсіретін аймақтарға кедергілерін тигізбеу мақсатында қоныстанушыларды ол жерлерден тыс өзге аймақтарға қоныстандыруға негізделген болатын. Осы жерде тағы тоқталып кететін бір жайт, қоныстанған 116 ауыл келімсектері 32,0% жалдамалы жұмысшылар есебін құраған. Сонымен, қорыта келгенде халықтың динамикасы өңірде патшалық биліктің тарапынан жасалған саясаттың негізінде өсіп отырды. Оның бірден-бір себебі, жоғарыда қарастырғанымыздай, орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру арқылы қазақ жерін отарлау болғандығын көптеген құжаттардан дəлелдеп көрсеттік. Өзіміздің ғылыми мақалада қарастырып отырғанымыздай, өлкедегі отарлау саясатын екі жақты болып қарастырылса: біріншісі – өңірді патшалық биліктің кадрларымен толықтау болып қарастырылса, екіншіден – орыс саудасы жəне банктері арқылы отарлау. Ал енді осыған қосымша ретінде үшінші жағы отарлаудың, ол – шаруалардың қоныстандырылуы болып табылады. Біз отарлау саясатының үш жақты процесс ретінде өрбігенін көріп отырмыз. Ендігі таңда осы процестерді іске асыру үшін отарлау жүргізудің жалпы сипаттамасымен таныссақ. Отарлаудың басты бағыты көшіп-қонатын аймақтарға жасалған болатын. Қарастырылып отырған кезеңде Ресей территориясынан шаруаларды қоныс аудару тұсы болғандығын атап өту қажет. Олардың негізгі мақсаты Ресей территориясынан шаруалардың санын арттыру арқылы көшіріп, олардың жер иеленушілерге деген наразылықтарын басу көзделіп отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет