1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


-билет. Кеңестік кезеңдегі партиялық принциптің-мәдениетке, ғылым мен білімге, ұлт мәселесіне тигізген зардаптарын айшықтаңыз



бет5/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1
111 Ісіктер, Саясаттану п ні бойынша тест с ра тары. Барлы ында а жауабы д ры-1
6-билет. Кеңестік кезеңдегі партиялық принциптің-мәдениетке, ғылым мен білімге, ұлт мәселесіне тигізген зардаптарын айшықтаңыз. XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы - мәдени дамудағы өзіндік ерекшелігіне толы кезең. Өйткені, бір жағынан бұл кезде Ресей отаршылдарының қазақ даласына толығымен өздерінің отаршылдық саясатын орнатып, оны одан әрі елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінде тереңдету үшін әр түрлі шаралар жүргізумен ерекшеленсе, екінші жағынан қазақ халқының рухани ояну, өз азаттығы, тәуелсіздігі үшін күрестің жаңа кезеңінің басталғанымен ерекшелінеді. Қазақ халқының білімге деген құштарлығын патша өкіметінің ұстанған отаршылдық саясаты да тежеп отырды. Қазақ халқының білім деңгейін жан-жақты дамытуға емес, жергілікті халықтың тілі мен дінін, әдет-ғұрпын жойып жіберуге және орыстандыруға аса мән берілген. «Міне, осындай жағдайда, қоғамдық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси-әлеуметтік күш ұлттық интеллигенция араласа бастайды. Негізінен метрополия оқу орындарында білім алып, отаршылдық мемлекеттік басқару аппаратындағы қызметке және қазақ арасында орыс мәдениетін егіп, тарату үшін даярланған, зиялылар мұның бәрін жиып қойып, ұлттық тәуелсіздік пен ұлттық мәдениеттің өсіп өркендеуіне, ұлт өмірін қайта құру мақсатына қызмет ете бастайды». Сол кезде патша үкіметі қазақтарға белгілі бір деңгейде ғана білім беруді, сол жергілікті халықты орыстандырып, Ресей империясына тәуелді етудің шараларының бірі ретінде қараса, ал бұл қазақ халықы үшін оқу-ағарту ұлттық сананы ояту, отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрес жүргізу үшін қажет болды. ХХ ғасырдың басындағы Алаш қозғалысының басшылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы және т.б. еңбектерінен құнды мәліметтер алуға болады. Бұл деректердің құндылығы сонда, олар қазақ халқының сол кездегі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайы мен мәдени дамудың әр-бір қадамын зерттеді. ХХ ғ. 20-30 жж. қазақ халқының мәдени өміріндегі белгілі ғалым С. Асфендияров қарастырды. Автор патша үкіметінің оқу-ағарту және білім беру жүйесін сынға алды. «Патша өкіметі жаңа әкімшілік құрлысты орнатумен қатар, шоқындыру-ағарту ісін өркендете бастады. Қазақты орысқа айналдыру саясатын патша өкіметі ерекше ыждахатпен жүргізе бастады. Сонымен қатар, патша өкіметі өзіне дайын ұсынып отыратын кадр тәрбиелеуді мақсат етіп, орыс-қазақ мектептерін аша бастады» деп жазды. Асфендияров осы жазған еңбегі үшін қуғынға ұшыраған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет